Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қыркүек қараша желтоқсан 

Алматы: «ТұранӘлемБанк» АҚ Ақтөбе филиалының директоры Генриг Холодзинский «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

29.12.2005

Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Анвар Сайденов жоғарғы үкіметтік наградаларды табыс етті. Марапаттау рәсімі банктің Samal Towers офисінде өтті.

Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы бойынша алты адамға ордендер мен медальдар табыс етілді. Олардың барлығы экономиканың қаржы саласында еңбек сіңірген қызметкерлер.

«Сіздер арқылы еліміздің Президентіне менің еңбегімді бағалағаны үшін алғысымды білдіргім келеді. Осы жылғы сайлау Президентіміздің қаншалықты жоғары деңгейде тұрғанын көрсетіп берді», - деді Генриг Холодзинский. «Сонымен қатар, Ұлттық Банкке де шексіз алғысымызды айтамыз»,- деп өз сөзін аяқтады.

ТұранӘлемБанк АҚ Ақтөбе филиалының директоры Генриг Холодзинский «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды   ТұранӘлемБанк АҚ Ақтөбе филиалының директоры Генриг Холодзинский «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды
Генриг Иванович Холодзинский банктік жүйеде 1991 жылдан бастап қызмет жасай бастады. Еңбек жолын Ақтөбедегі «Қазақ КСР-і Сыртқы экономика банкінің» Төрағасы қызметінен бастады. 1993 жылы бұл банктің аты "Alem Bank Kazakhstan" болып өзгерді. 1997 жылы «Тұранбанк» ҚАБ және «Alem Bank Kazakhstan » АҚ біріккеннен кейін «ТұранӘлем Банкі»АҚ-ның Ақтөбе филиалы директоры қызметіне кіріседі. 2005 жылдың қазан айынан бастап Ақтөбе филиалының директоры және басқарма мүшесі қызметтерін атқаруда.
«ТұранӘлем Банкі» АҚ – Қазақстанның жүйе құрушы банкі, ТМД елдеріндегі банк желісін құруда лидер. ТӘБ активтері 7 млрд. АҚШ долларына жетеді, ал банктің меншікті капиталы 631 млн. АҚШ долларынан асады. Қазақстандағы алғашқы халықаралық банктердің бірінің акционерлері құрамына әлемнің ең ірі қаржы институттары кіреді. «ТұранӘлем Банкі» АҚ Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктер арасында саудалық қаржыландыру, шағын және орта бизнеске несие беру, ипотекалық несиелендіру саласында көшбасшылар қатарына бекем орнықты. ТұранӘлем Банкінің даму стратегиясы географиялық әртараптандыруды және банк өнімдерінің аясын кеңейтуді, сондай-ақ, тұрақты қарқынмен дамуды көздейді.