Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

“БТА Банкі” АҚ Қазақстандағы ең беделді қаржы институты атанды

20.01.2009

“Exclusive” іскерлік басылымының “Ең беделді 50 компания рейтингі” деп аталатын жыл сайынғы зерттеуіне сәйкес “БТА Банкі” АҚ 2008 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы қаржы институттарының арасында бірінші ұстанымға ие болды.

БТА Банкі БАҚ-та еске алынуы бойынша бірінші орынды иеленді - 55,6% респондент оны үздік қаржы институты деп атады, сонымен бірге брендінің танымалдығы бес балдық шәкіл бойынша орташа бал 5,00-ге тең болды.

“БТА Банкі басқарудың жаңашылдық, креативті, таң қаларлық бейнесімен біз жүргізген жарыс кестесінде жоғарғы көрсеткішке жетіп, зор беделге ие болды. Сонымен қатар БТА шетелдік нарықтарда ауқымды түрде негізін қалап үлгерген қазақстандық бірден бір қаржы институты екенін көрсете білді”, - деп атап өтті жобаның жетекшісі Зарина Пахирдинова.

Дағдарыс жағдайында тұрақтылық факторы өз маңызын жоғалтып қана қоймайды, ол кейде таңдау кезінде тұтынушы анықтайтын факторға айналады, сондықтан да БТА Банкі үшін атақ-абырой рейтингіндегі біріншілікке ие болу зор құрмет.

Бұл жобаны редакцияның зерттеу тобы 5 жылдан бері өткізіп келеді және ол саалнама жүргізу мен фокус-топтың пікіртерімін жинауды қамтиды, биыл оның қатарына 755 орта және жоғары буын менеджерлері енді. Барлығы 1185 компанияның аты аталды.

БТА тобы ТМД аумағындағы банк желісін құруда көшбасшылардың бірі.

2008 жылдың ІІІ тоқсанындағы қорытынды бойынша “БТА Банкі” АҚ-ының шоғырландырылған активтері 3 671 млрд. теңгеге (30,6 млрд. АҚШ долл.), кредит қоржыны 2 814 млрд. теңгеге (23,5 млрд. АҚШ долл.) жетті. ІІІ тоқсандағы қорытынды бойынша “БТА Банкі” АҚ шоғырландырылған таза пайдасы 35,2 млрд. теңгені (293 млн. АҚШ долл.) құрады.

“БТА Банкі” АҚ стратегиялық серіктес банктер желісі Ресей, Украина, Беларусь, Грузия, Армения, Қырғызстан мен Түркия елдерін қамтиды. БТА өкілдіктері Ресейде, Украинада, Қытайда және БАӘ-де жұмыс істейді.

“БТА Банкі” АҚ-ның Қазақстан Республикасы бойынша ең ірі филиалдар желісі (22 филиалы мен 279 бөлімшесі), сондай-ақ кеңейтілген банкоматтар желісі (787) мен өз-өзіне қызмет көрсететін терминалдары (160) бар. БТА Банкінде шамамен 1,3 млн. жеке меншік және 150 мың корпоративтік клиенттерге қызмет көрсетіледі.

2008 жылы The Banker іскерлік журналының ұсынысы бойынша “БТА Банкі” АҚ әлемнің үздік банктері тізіміндегі 295 қатардан 173 қатарға көтеріліп, бір жыл ішінде 100 пунктке жоғарылады. 2006-2007 жылдары БТА Банкі беделді “Итоги” қаржы басылымы жүргізген ТМД-ның жетекші қаржы сарапшыларының сауалдама қорытындысы бойынша “ТМД-дағы жылдың үздік банкі”, сондай-ақ “Euromoney” халықаралық басылымының ұсынуы бойынша “Орта Азиядағы үздік банк” атанды. 2007 жылы Еуропалық Бизнес Ассамблея (ЕБА, Оксфорд, Ұлыбритания) БТА-ға еуразиялық аймақтың банк секторындағы “Еуропаның үздік компаниясы” (“Best Enterprise of Europe”) атағын берді.

БАҚ-пен байланысу үшін:
Жанна Шамова,
“БТА Банкі” АҚ қазақтілді БАҚ-пен жұмыс бөлімінің райтері
8 (727) 266-43-64,
e-mail: shamova@bta.kz