Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

“БТА Банкі” АҚ акционерлері капиталды арттыру жөнінде шешім қабылдады

30.01.2009

Жұма, 30 қаңтар күні БТА Банкі акционерлерінің жалпы жиналысы болды. Онда жарияланған акцияларды шығарып, орналастыру арқылы банктің жарғылық капиталын арттыру жөнінде шешім қабылданды.

Атап айтқанда, жарияланған акциялардың саны 3 088 082 (үш миллион сексен сегіз мың сексен екі) дана жай акцияларды және 1 587 854 (бір миллион бес жүз сексен жеті мың сегіз жүз елу төрт) артықшылықты акцияларды шығару арқылы арттырылатын болады.

Осылайша БТА-ның жарияланған акцияларының жалпы саны 13 146 561 акцияны құрайды, оның ішінде жай акциялар - 11 458 707 дана, артықшылықты акциялар – 1 687 854 дана.

Мұндай шешім БТА Тобының Қазақстандағы және сырт елдердегі қаржы нарықтарындағы өз ұстанымдарын әрі қарай дамыту мақсатында қабылданды. Даму стратегиясына сәйкес банк капиталдандыруды тез және тиімді арттыру мүмкіндігіне ие болуы керек. Бұл сонымен бірге экономиканың нақты секторын несиелендірудің баламалы көлемдерін, өтемпаздықтың баламалы деңгейі мен несие қоржынының сапасын қолдау үшін, сондай-ақ жаңа бағдарламаларды қаржыландыру және ҚР Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттгінің капиталдың бірдейлігі мен қажетті провизияларды қалыптастыру ұсыныстарын орындау үшін қажет.

Банктің капиталын арттыру жөніндегі шешім 2008 жылдың желтоқсан сайында ҚР Үкіметі, ҚР Ұлттық Банкі, ҚР Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі, “Самрұқ-Қазына” ұлттық әл-ауқат қоры” АҚ және “БТА Банкі” АҚ арасында жасалған Меморандумға сәйкес қабылданды.

Бүгінгі таңда экономиканың нақты секторының жобаларын қаржыландыруға ҚР Үкіметінің БТА Банкіне “Самрұқ-Қазына” қоры арқылы қосымша қаржы бөлуі жөніндегі келіссөздер аяқталуда.

“БТА Банкі” АҚ-ның Қазақстан экономикасының шикізаттық емес секторының кәсіпорындарының әрбір үшіншісін қаржыландыратынын назарға ала отырып, оларға “Самрұқ-Қазына” ұлттық әл-ауқат қоры” АҚ жобаларын жүзеге асырудың тиімділігін арттыруға себепші болатын арнайы іс-шаралар топтамасы жасалды.

“БТА Банкі” АҚ өтемпаздық деңгейінің жеткілікті екенін және банктің сенімділігін растай отырып, шетелдік қарыз берушілер алдындағы өз міндеттемелерін табысты түрде орындап келеді. 2008 жылы 1,2 млрд. АҚШ доллары көлеміндегі сыртқы қарызды, сондай-ақ ағымдағы жылдың басында 250 млн. АҚШ доллары көлеміндегі екі жылдық еурооблигацияларды төлеуі осыны көрсетеді.

БТА тобы ТМД аумағындағы банк желісін құруда көшбасшылардың бірі.

2008 жылдың ІІІ тоқсанындағы қорытынды бойынша “БТА Банкі” АҚ-ының шоғырландырылған активтері 3 671 млрд. теңгеге (30,6 млрд. АҚШ долл.), кредит қоржыны 2 814 млрд. теңгеге (23,5 млрд. АҚШ долларына) жетті. ІІІ тоқсандағы қорытынды бойынша “БТА Банкі” АҚ шоғырландырылған таза пайдасы 35,2 млрд. теңгені (293 млн. АҚШ долларын) құрады.

“БТА Банкі” АҚ стратегиялық серіктес банктер желісі Ресей, Украина, Беларусь, Грузия, Армения, Қырғызстан мен Түркия елдерін қамтиды. БТА өкілдіктері Ресейде, Украинада, Қытайда, БАӘ-де және Ұлыбританияда жұмыс істейді.

“БТА Банкі” АҚ-ның Қазақстан Республикасы бойынша ең ірі филиалдар желісі (22 филиалы мен 279 бөлімшесі), сондай-ақ кеңейтілген банкоматтар желісі (787) мен өз-өзіне қызмет көрсететін терминалдары (160) бар. БТА Банкінде шамамен 1,3 млн. жеке меншік және 150 мың корпоративтік клиенттерге қызмет көрсетіледі.

2008 жылы The Banker іскерлік журналының ұсынысымен “БТА Банкі” АҚ әлемнің үздік банктері тізіміндегі 295 қатардан 173 қатарға көтеріліп, бір жыл ішінде 100 пунктке жоғарылады. 2006-2007 жылдары БТА Банкі беделді “Итоги” қаржы басылымы жүргізген ТМД-ның жетекші қаржы сарапшыларының сауалдама қорытындысы бойынша “ТМД-дағы жылдың үздік банкі”, сондай-ақ “Euromoney” халықаралық басылымының ұсынуы бойынша “Орта Азиядағы үздік банк” атанды. 2007 жылы Еуропалық Бизнес Ассамблея (ЕБА, Оксфорд, Ұлыбритания) БТА-ға еуразиялық аймақтың банк секторындағы “Еуропаның үздік компаниясы” (“Best Enterprise of Europe”) атағын берді.

БАҚ-пен байланысу үшін:
Жанна Шамова,
“БТА Банкі” АҚ қазақтілді БАҚ-пен жұмыс бөлімінің райтері
8 (727) 266-43-64,
e-mail: shamova@bta.kz