Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Мемлекет “БТА Банкі” АҚ акцияларын сатып алды

02.02.2009

Кейінгі үш ай ішіндегі экономикалық ахуалдың қиындауына байланысты Үкімет ҚР Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің “БТА Банкі” АҚ акцияларының бақылау пакетін сатып алу жөніндегі ұсынысын қабылдады.

29 915 425 жай акцияның қосымша эмиссиясы арқылы бір акция 8 401 теңгеге сатып алынады. Эмиссияның барлығын Үкімет “Самрұқ-Қазына” ұлттық әл-ауқат қоры” АҚ арқылы сатып алады, осылайша банк 251 319 485 425 теңге көлемінде қосымша капиталға ие болады.

Үкімет еліміздегі жүйе құрушы қаржы институты ретінде БТА Банкіне алдағы уақытта да қолдау көрсете беретінін мәлімдеді. Самрұқ-Қазына басқармасының төрағасы Арман Дунаев: “Мемлекет Қазақстандағы жүйе құрушы қаржы институты болып табылатын және шикізаттық емес секторды несиелендіруде зор рөл атқаратын “БТА Банкі” АҚ-ына әрі қарай да көмек көрсетуді жоспарлап отыр», - деп атап өтті.

“Самрұқ-Қазына” қоры басқарма төрағасының орынбасары Арман Дунаев Директорлар Кеңесінің мүшесі болып сайланды. Бұдан бұрын ҚР Ұлттық Банкін басқарған Әнуар Сәйденов “БТА Банкі” АҚ Басқарма Төрағасы Роман Солодченконың Кеңесшісі болып тағайындалды.

Акционердің ауысуына қарамастан БТА Банкі өзінің барлық міндеттемелеріне жауап беруін жалғастырады, бұрынғысынша экономика мен халықты несиелендіреді, клиенттердің шоттары бойынша қызметтер көрсетеді, заңды және жеке тұлғалардың салымдарын қабылдайды және төлейді.

Қаржы институтының акционерлері мен менеджменті БТА Банкінің отандық банк жүйесіндегі көшбасшысылық мәртебесін нығайта бермек және оның әрі қарай дамуы үшін шаралар қабылдайтын болады.

Банктің өтемпаздық қоры жеткілікті және бұрынғысынша мемлекет үшін де, өзінің клиенттері мен шетелдік қаржы институттары үшін де сенімді серік болып қала береді.

БТА тобы ТМД аумағындағы банк желісін құруда көшбасшылардың бірі.

2008 жылдың ІІІ тоқсанындағы қорытынды бойынша “БТА Банкі” АҚ-ының шоғырландырылған активтері 3 671 млрд. теңгеге (30,6 млрд. АҚШ долл.), кредит қоржыны 2 814 млрд. теңгеге (23,5 млрд. АҚШ долларына) жетті. ІІІ тоқсандағы қорытынды бойынша “БТА Банкі” АҚ шоғырландырылған таза пайдасы 35,2 млрд. теңгені (293 млн. АҚШ долларын) құрады.

“БТА Банкі” АҚ стратегиялық серіктес банктер желісі Ресей, Украина, Беларусь, Грузия, Армения, Қырғызстан мен Түркия елдерін қамтиды. БТА өкілдіктері Ресейде, Украинада, Қытайда, БАӘ-де және Ұлыбританияда жұмыс істейді.

“БТА Банкі” АҚ-ның Қазақстан Республикасы бойынша ең ірі филиалдар желісі (22 филиалы мен 279 бөлімшесі), сондай-ақ кеңейтілген банкоматтар желісі (787) мен өз-өзіне қызмет көрсететін терминалдары (160) бар. БТА Банкінде шамамен 1,3 млн. жеке меншік және 150 мың корпоративтік клиенттерге қызмет көрсетіледі.

2008 жылы The Banker іскерлік журналының ұсынысымен ‘БТА Банкі” АҚ әлемнің үздік банктері тізіміндегі 295 қатардан 173 қатарға көтеріліп, бір жыл ішінде 100 пунктке жоғарылады. 2006-2007 жылдары БТА Банкі беделді “Итоги” қаржы басылымы жүргізген ТМД-ның жетекші қаржы сарапшыларының сауалдама қорытындысы бойынша ‘ТМД-дағы жылдың үздік банкі”, сондай-ақ “Euromoney” халықаралық басылымының ұсынуы бойынша “Орта Азиядағы үздік банк” атанды. 2007 жылы Еуропалық Бизнес Ассамблея (ЕБА, Оксфорд, Ұлыбритания) БТА-ға еуразиялық аймақтың банк секторындағы “Еуропаның үздік компаниясы” (“Best Enterprise of Europe”) атағын берді.

БАҚ-пен байланысу үшін:
Жанна Шамова,
“БТА Банкі” АҚ қазақтілді БАҚ-пен жұмыс бөлімінің райтері
8 (727) 266-43-64,
e-mail: shamova@bta.kz