Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Мемлекет басшысы БТА Банкінің лицензиясын жою жөніндегі алып-қашпа әңгімелерді жоққа шығарды

26.02.2009

Бұл жөнінде 25 ақпан күні “Ақордада” өткен дағдарысқа қарсы бағдарламаның қол жеткізген қорытындыларына арналған жиында сөз болды.

  • БТА Банкі мен Альянс Банкінің лицензиясын мемлекет алады деген қауесет - бұл жоқ жерден жік іздеу және жалған. Біз бұлай істемейміз. Біз тиісті нәрсенің бәрін жасадық. Біз барлық 4 банкке бұлай істемесек, экономикаға ақша бере алмас едік. 4 банкті ретке келтіргеннен кейін мемлекеттік қаржыны нақты экономикаға жұмсауға мүмкіндік алдық, - деп атап өтті ҚР Президенті Н. Назарбаев.

Бұл жөнінде түсініктеме берген ҚР Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің төрайымы Елена Бахмутова:

  • Қазір БТА Банкінің лицензиясын тоқтатуға және қайтарып алуға ешқандай негіз жоқ. Бұл “кінәратсыз” банк. БТА өз қызметін, клиенттерге қызмет көрсетуін жалғастыруда, басшылық жаңа, жұмысын ретке келтіреді, - деді.