Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банкінің басшылығы мемлекеттік қаржының игерілуін бақылау жөніндегі комиссия өкілдерімен кездесті

10.03.2009 /  Баспасөз-қызметі 

9 наурыз күні “БТА Банкі” АҚ Директорлар Кеңесінің Төрағасы Арман Дунаевпен және басқа да топ-менеджерлердің антидағдарыстық бағдарлама аясында бөлінген мемлекеттік қаржының игерілуін бақылау жөніндегі комиссия өкілдерімен кездесуі болып өтті.

2009 жылдың қаңтарында құрылған бұл комиссияның кездесуге келудегі негізгі мақсаты -еліміздің экономикасын тұрақтандыру бойынша үкіметтің антидағдарыстық шараларын жүзеге асыруға қатысуда БТА Банкінің барынша ашық және айқын болуын қамтамасыз ету.

“Антидағдарыстық бағдарлама аясында бөлінген мемлекеттік қаржыны игеруді бақылау бойынша қоғамдық комиссияны құру “Нұр Отан” партиясының бастамасы. Бұл комиссия құрамына партия мүшелері ғана емес, сонымен бірге Парламент пен қоғам өкілдері де қатысады. Қазір басымдықты міндеттерді анықтау және оны бұлжытпай орындау бойынша жұмыстар атқарылуда”, - деп атап өтті кешті ашқан “Нұр Отан” ХДП төрағасының орынбасары Дархан Қалетаев.

Аталмыш комиссияның жетекшісі, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Гүлжан Қарақұсова: “Біздің міндетіміз - осы ақшаны қажет ететіндерге және ол қаражат қолына тигендерге ақшаның тиімділігін көру”, - деп атап өтті.


Өз кезегінде А. Дунаев экономиканы тұрақтандыру бойынша мемлекеттік негізгі бағдарламалардың бәріне банктің белсене қатысатынын атап өтті. Атап айтқанда, банк шағын және орта кәсіпті несиелендіру (ШОБ), ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру, агроөнеркәсіп кешендерін және Алматы мен Астанадағы аяқталмаған тұрғын үй кешендерін қаржыландыру бағдарламаларына қатысады.

БТА Банкінің Басқарма Төрағасының орынбасары Генриг Холодзинский кездесуге қатысушыларға “Самұрық-Қазына” ҰӘҚ, “Даму” ТДҚ АҚ мен “БТА Банкі” АҚ арасында жасалған негізгі келісімге сәйкес ШОБ-ты несиелендіру үшін банк 22 млрд. теңге қаржы алғанын, бұл екінші деңгейлі банктердің бәріне бөлінген 117 млрд. теңге көлеміндегі қаржының 18,8 пайызын құрайтынын айтты.

20 қаңтардан 5 мамырға дейін “Самұрық-Қазына” ҰӘҚ қаржысынан БТА Банкіне ШОБ субъектілері үшін 250,7 млн. теңге сома кредит берілді. 5 млрд. теңгеден асатын сомадағы жобаларды қаржыландыру қарастырылуда. Үстіміздегі жылдың 1 сәуіріне дейін банк 11-12 млрд. теңге мемлекеттік қаржыны игеруді, ал 15 мамырға дейін оны игеруді толығымен аяқтауды жоспарлап отыр.

“БТА Банкі ШОБ-ты қолдау бойынша жаңа мемлекеттік бағдарлама аясында аймақтағы кәсіпкерлерді несиелендіруге ерекше мән беретін болады. Оның үстіне, бөлінген қаржының үштен бір бөлігі бұрын берілген кредиттерді қайта қаржыландыруға кетеді”, -деп толықтырды Г. Холодзинский.

Кездесу барысында мемлекеттік бағдарлама аясында ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыруға бөлінген қаржының тиімді жұмсалуын бақылайтын комиссияның мүшесі, “Шаңырақ” бірлестігінің төрағасы Асылбек Қожахметов БТА Банкінің осы бағдарламаға қатысуы мәселесін көтерді.


Басқарушы директор, Басқарма мүшесі Күнсұлу Қапбасова 25 ақпан күні “Самұрық-Қазына” ҰӘҚ мен банк арасында қарызгерлерге жылжымайтын мүлік сатып алу үшін бұрын алған ипотекалық несиелерін анағұрлым төмен ставкаларға қайта қаржыландыру (11% - қатардағы несиегерлер үшін, 9% - халықтың әлеуметтік бөлігі үшін ) мемлекеттік бағдарламасына қатысуы жөніндегі келісімге қол қойылғанын атап өтті.

Бұл шара қолданыстағы ипотекалық несиелердің сыйақы ставкасын төмендетіп, бірқатар міндеттемелерді жеңілдетуге мүмкіндік береді, ол үшін қарызгер бағдарлама талаптарына сай болуы керек (жалғыз баспанасы, алаңы 120 шаршы метрден аспауы және түзу несие тарихы болуы керек).

К. Қапбасова атап өткендей, “Самұрық-Қазына” қоры бөлген қаржы 40 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде 28 млрд. теңгені “БТА Банкі” АҚ, 12 млрд. теңгені “БТА Ипотека” АҚ игеруі керек. Банк аталмыш бағдарлама аясында келіп жатқан несиегерлердің әлеуетті саны шамамен 11 000 кредитор деп бағалап отыр.

Сонымен қатар К. Қапбасова комиссия өкілдеріне БТА Банкі алғашқылардың бірі болып азаматтардың өтініштерін қабылдай бастағанын, ресми түрде бағдарлама 2 наурыздан басталғанын атап өтті. 1 наурыздағы жай-күйі бойынша БТА Банкі шамамен 15 млрд. теңге сомаға қайта қаржыландыруға 3 700 өтініш қабылдаған. Қазір өтініштерді өңдеу және клиенттерді бағдарлама бойынша талап етілетін қажетті құжаттар топтамасымен хабардар ету жұмыстары жүргізілуде.

Кездесу соңында комиссия жетекшісі Г. Қарақұсова банктің топ-менеджерлеріне сындарлы диалогтары үшін алғысын білдіре келе: “Қазір біз банктерде ақша бар екеніне, ол қаржының анықталған бағыттарға бөлінгеніне көз жеткіздік. БТА бойынша біз 4 наурыздан бастап ШОБ-ты қайта қаржыландыру нақты жүргізіліп жатқанын көрдік”, - деп атап өтті.

Шараға қатысушылар мұндай кездесулерді тұрақты түрде өткізіп тұруға уағдаласты.

БТА тобы ТМД аумағындағы банк желісін құруда көшбасшылардың бірі. “БТА Банкі” АҚ стратегиялық серіктес банктер желісі Ресей, Украина, Беларусь, Грузия, Армения, Қырғызстан мен Түркия елдерін қамтиды. БТА өкілдіктері Ресейде, Украинада, Қытайда, БАӘ-де және Ұлыбританияда жұмыс істейді.

“БТА Банкі” АҚ-ның Қазақстан Республикасы бойынша ең ірі филиалдар желісі (22 филиалы мен 279 бөлімшесі), сондай-ақ кеңейтілген банкоматтар желісі (787) мен өз-өзіне қызмет көрсететін терминалдары (160) бар. БТА Банкінде шамамен 1,3 млн. жеке және 150 мың корпоративтік клиенттерге қызмет көрсетіледі.


БАҚ-пен байланысу үшін:
Жанна Шамова,
“БТА Банкі” АҚ қазақтілді БАҚ-пен жұмыс бөлімінің райтері
8 (727) 266-43-64,
e-mail: shamova@bta.kz