Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

АҚШ Соты БТА Банкінің қайта құрылымдау үдерісін АҚШ аумағында заңды деп таныды

04.03.2010

Алматы, 4 март 2010 ж. – Алматы қаласындағы мамандандырылған қаржылық сотының банктің қаржылық қарыздарын қайта құрылымдау туралы ісі АҚШ-тағы шетелдегі жүргізілген сот істерінің ішіндегі негізгісі деп танылды.

Аталмыш Бұйрық 2010 жылдың 2 наурызында АҚШ-тың Нью-Йорк штатының Оңтүстік округі құзырындағы сотқа қаржылық дәрменсіздік мәселелерін реттейтін заңдылықтарына («АҚШ заңдарының банкроттық туралы жинағының» 15-бабы) сәйкес жүзеге асырылды.

Осының негізінде, БТА Банкінің қайта құрылымдау үдерісі АҚШ аумағында заңды деп танылды. АҚШ Сотының бұл бұйрығы БТА Банкінің АҚШ-тағы активтері мен БТА Банктің қарыздарын қайта құрылымдау үдерісін қиындататын кез-келген іс-әрекеттен заңдық тұрғыда қорғауды қамтамасыз етеді.

Осының алдында БТА Банктің қаржылық қарыздарын қайта құрылымдау үдерісін Украина және Англия мен Уэльс аумағында заңды деп тану жайында хабарланған болатын. БТА Банкі өзінің активтерін шетелдік құқық өкілеттілігі тарапынан заңдық тұрғыда қорғау банктің қайта құрылымдау жоспарының тиімді түрде жүзеге асуына өз септігін тигізетіндігіне кәміл сенеді.

БТА Банк қарыздарын қайта құрылымдау үдерісі 2009 жылы Қазақстан Республикасының қайта құрылымдау мәселелері жөнінде қабылданған заңдылықтары шеңберінде басталды. 2009 жылдың 16 қазанында Алматы қаласының мамандандырылған қаржылық соты БТА Банктің қарыздарды қайта құрылымдау туралы өтінішін негізді әрі Қазақстан Республикасының барлық заңдылық талаптарына сәйкес деп таныды. 2009 жылғы 7 желтоқсанда Лондонда БТА Банкі мен Кредиторлар комитеті БТА Банктің қаржылық қарыздарын қайта құрылымдаудың негізгі коммерциялық шарттары туралы келісімге қол қойылды.

БАҚ-мен байланысу үшін:

тел. +7(727) 312 24 26, 266 47 97, 250 53 78
e-mail: pr@bta.kz
www.bta.kz