Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Ақпараттық хабарлама

11.01.2011

Құрметті «БТА Банкі» АҚ-ның (Қазақстан) акционерлері!

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» (әрі қарай – Банктер туралы Заң) заңның 17 бабының 5 тармағына және Ақпараттық меморандумның «Акционерлік капиталдың және қазақстандық заңнаманың белгіленген сұрақтарының сипаттамасы» тарауына сәйкес, Оффшорлық аймақтарда тiркелген немесе оффшорлық аймақтарда тiркелген аффилиирлендiрiлген тұлғалары бар заңды тұлғалар, немесе уәкiлеттi орган тiзбесiн белгiлейтiн, оффшорлық аймақтарда тiркелген заңды тұлғалардың қатысушылары (құрылтайшылары, акционерлерi) болып табылатын жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының резидент-банктерiнiң дауыс беретiн акцияларын тiкелей немесе жанама иелене және (немесе) пайдалана және (немесе) оған билiк ете алмайды.

Аталған шектеу тізімі уәкілетті органмен белгіленетін белгілі бір рейтингтік агенттіктің А рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент емес-банктерінің еншілес ұйымдары болып табылатын банктерге қойылмайды.

Жоғарыда аталғандарды ескере отырып, мынаны хабарлаймыз, яғни егер де Сіз оффшорлық аймақтардың бірінде тіркелсеңіз, немесе сіздің осы хатқа қатысты Қосымшада аталған оффшорлық аймақтарға тіркелген аффилиирленген тұлғаларыңыз болса, немесе Сіз уәкiлеттi орган тiзбесiн белгiлейтiн оффшорлық аймақтарда тiркелген заңды тұлғалардың қатысушысы (құрылтайшысы, акционерi) болып табылсаңыз, онда осы жағдайды Қазақстан Республикасының заң талаптарына сәйкестендірудің мүмкін әдістерін анықтау үшін, Сізге қысқа мерзім ішінде төмендегі деректемелер бойынша «БТА Банкі» АҚ-мен байланысу керек:

Аманханова ГульзираКульчембаева Алина
gamankhanova@bta.kzkulchembayeva@bta.kz
+7 (727) 266 26 67+7 (727) 261 89 53

Оффшорлық аймақтар тізбесі

  1. Андорра Князьдігі
  2. Антигуа және Барбуда мемлекеті
  3. Багам аралдары достастығы
  4. Барбадос мемлекеті
  5. Белиз мемлекеті
  6. Бруней Даруссалам мемлекеті
  7. Вануату Республикасы
  8. Гватемала Республикасы
  9. Гренада мемлекеті
  10. Джибути Республикасы
  11. Доминикан Республикасы
  12. Индонезия Республикасы
  13. Испания (Канар аралдары аумағының бөлігінде ғана)
  14. Кипр Республикасы
  15. Қытай Халық Республикасы (Аомынь (Макао) және Сянган (Гонконг) арнайы әкімшілік аудандардың аумағы бөлігінде ғана)
  16. Комор Аралдары Федералды Ислам Республикасы
  17. Коста-Рика Республикасы
  18. Малайзия (Лабуан анклавы аумағының бөлігінде ғана)
  19. Либерия Республикасы
  20. Лихтенштейн Князьдігі
  21. Маврикий Республикасы
  22. Португалия (Мадейра аралдарыныѕ аумақтары бөлігінде ғана)
  23. Мальдив Республикасы
  24. Мальта Республикасы
  25. Маршалл аралдары Республикасы
  26. Монако Князьдігі
  27. Мьянма Одағы
  28. Науру Республикасы
  29. Нидерланд (Аруба аралы аумағының және Антиль аралдарының тәуелді аумақтарының аумағы бөлігінде ғана)
  30. Нигерия Федеративтік Республикасы
  31. Жаңа Зеландия (Кука және Ниуэ аралдары аумағы бөлігінде ғана)
  32. Палау Республикасы
  33. Панама Республикасы
  34. Самоа Тәуелсіз Мемлекеті
  35. Сейшель аралдары Республикасы
  36. Сент-Винсент және Гренадины мемлекеті
  37. Сент-Китс және Невис Федерациясы
  38. Сент-Люсия мемлекеті
  39. Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі (келесі аумақтары бөлігінде ғана):
    1. Ангилья Аралдары
    2. Бермуд аралдары
    3. Британдық Виргин аралдары
    4. Гибралтар
    5. Кайман аралдары
    6. Монтсеррат аралы
    7. Теркс және Кайкос аралдары
    8. Мэн аралы
    9. Норманд аралдары (Гернси, Джерси, Сарк, Олдерни аралдары)
  40. Америка Құрама Штаттары (Американдық Виргин аралдары, Гуам аралы мен Пуэрто-Рико достастығы аумақтары бөлігінде ғана)
  41. Тонга Корольдігі
  42. Филиппин Республикасы
  43. Шри-Ланка Демократиялық Республикасы.