Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Құрметті клиенттер!

29.04.2011

Саяхатқа жиналып жатырсыз ба? Онда әуе паркінде 20-дан астам әуе кемелері бар және бағыттар желісінде 50-ден астам ішкі және халықаралық рейстері бар «Эйр Астана» ұлттық әуе тасымалдаушысының қызметтерін пайдаланыңыз.

Электронды әуе билеттерін «Эйр Астана» әуе компаниясының телефондары арқылы броньдауға болады, ал төлемді БТА Банкінің кез келген бөлімшесінде, Cash&Pay төлем терминалдары желісі арқылы немесе БТА Банкінің Интернет-банкинг жүйесінде - my.bta.kz жасауға болады.

Егер де сіз 2011 жылғы 1 мамырдан бастап 31 тамызға дейін БТА Банкі желісінде «Эйр Астана» әуе компанииясының билеттері үшін төлем жасасаңыз, онда автоматты түрде әуе компаниясының кез келген бағытына барып-келуге арналған әуе билетінің ұтыс ойындарына қатыса аласыз! Өзіңіз көптен бері армандаған саяхаттау мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!

Ол үшін не істеу керек?

1-қадам. «Эйр Астана» әуе компаниясының «Броньдау және ақпарат орталығының» +7 (727) 244-44-77 (Алматы үшін) немесе 58-44-77 (бұл нөмір Қазақстанның кез келген басқа қаласында қолданыста болады) телефондарына хабарласыңыз.

2-қадам. Орталық маманы сізге әуе билетін броньдайды және электронды пошта арқылы немесе сіздің мобильді телефоныңызға SMS-хабарлама жіберу арқылы бронь нөмірі мен нақты төлем сомасын жібереді (бронь нөмірінде қатені болдырмау үшін).

3-қадам. Мына жайтты ескеру керек, яғни Броньдау орталығының маманы хабарлаған әуе билеті үшін сома броньдау күні ғана жарамды болады және кез келген басқа күні АҚШ долларының теңгеге қатысты бағамына байланысты өзгеруі мүмкін. Егер сіз төлемді басқа күні жасайтын болсаңыз, онда «Эйр Астана» әуе компаниясының Броньдау және ақпарат орталығына алдын-ала хабарласып, төлем күніндегі билет сомасын анықтап алу керек.

4-қадам. Сіз өзіңізге қолайлы әдісті таңдап, билет ақысын төлейсіз. БТА бүкіл Қазақстан бойынша банктің кез келген бөлімшесінде төлем қабылдайды. Билет үшін төлем жасау үшін бронь нөмірін, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірін, және төлеушінің СТТН-ін міндетті түрде білу керек. Әуе билетінің құнына тәуелсіз, БТА Банкі бөлімшесінде төлем жасау кезінде төлем үшін комиссия - 150 теңгені, Cash&Pay төлем терминалы немесе Интернет-банкинг арқылы төлем жасау кезінде – 50 теңгені құрайды.

5-қадам. Сіздің әуе билетіңіз үшін төлем «Эйр Астана» әуе компаниясының шотына түскен жағдайда, БТА Банкі атынан төлемдер мониторингі үшін жауапты әуе компаниясының маманы тиісті хабарламаны алады. Содан кейін ол алынған мәліметтер негізінде сізге әуе билетін дайындап, оны электронды пошта немесе факс арқылы сізге жібереді. Содан кейін әуе компаниясының маманы броньдау кезінде сіз көрсеткен нөмірге хабарласып, электронды билеттің жөнелтілгендігі жөнінде сізді хабардар етеді.