Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«Өзіңе өзің банкир» акциясы бойынша алғашқы ұтыс ойындарының қорытындысы

24.06.2011

Құрметті Интернет-банкинг жүйесінің пайдаланушылары! Біз «Өзіңе өзің банкир» акциясы аясында 2011 жылғы 8 маусымда өткен ақшалай жүлделердің алғашқы ұтыс ойындарының қорытындысы бойынша 20 жеңімпаздың анықталғандығын қуана хабрлаймыз. Олардың әрқайсысы 5 мың теңгелік карточканы иеленеді.

БТА Банкі филиалдары бойынша ұтыс ойындарының жеңімпаздары төмендегідей бөлінді:

Филиал Жеңімпаздар саны
Ақсай 1
Алматы 8
Астана 4
Атырау 1
Батыс Қазақстан 1
Қарағанды 3
Қызылорда 2

«Өзіңе өзің банкир» акциясы аясында ақшалай жүлделердің екінші ұтыс ойыны шілде айының басында өткізіледі. Акцияға қатысу үшін БТА Банкі Интернет-банкинг жүйесінің тіркелген пайдаланушысы болу және 2011 жылдың 30 маусымына дейін кем дегенде 4 төлем жасау керектігін естеріңізге саламыз.

БТА Банкі Интернет-банкинг жүйесіне www.btanetwork.kz/internet мекенжайы бойынша тіркелуге болады.

«Өзіңе өзің банкир» акциясы аясында өткізілетін ұтыс ойындарының жеңімпаздары БТА Банкі Интернет-банкинг жүйесі пайдаланушыларының карточкалық шот нөмірлері арасында кездейсоқ сандар әдісі бойынша «Бинго» бағдарламасы көмегімен анықталады. Ақшалай жүлде жеңімпаздың карточкасына аударылады. БТА Банкі қызметкерлері акцияға қатыспайды.