Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«БТА Банкі» АҚ Кезектен тыс Акционерлердің жалпы жиналысының қорытындылары

01.12.2011

Алматы, 2011 жылғы 1 желтоқсан. – Бүгін, «БТА Банкі» АҚ (әрі қарай – «Банк») Алматы қ. 2011 жылғы 29 қарашада өткен Кезектен тыс Акционерлер жалпы жиналысының (әрі қарай мәтін бойынша – Жиналыс) қорытындылары туралы хабарлады.

Бұрын ескертілген күн тәртібіне сәйкес, жиналыс күн тәртібінде 4 мәселе қаралды. Аталмыш мәселелерді қарау қорытындысы бойынша акционерлермен келесі шешімдер қабылданды:

  1. «Санақ комиссиясының құрамындағы өзгерістер туралы» мәселе бойынша акционерлер Банктің Санақ комиссиясының құрамын өзгерту туралы шешім қабылдады.
  2. «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы мөлшерін белгілеу, төлеу шарттары және шығындарды өтеу ережелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» мәселе бойынша акционерлер тиісті түзетулерімен аталмыш Ережелерге өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдады.
  3. «Каримуллин Асқар Амангельдиевичті «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесіне «Самұрық Қазына» АҚ өкілі ретінде сайлау туралы» мәселе бойынша акционерлер Директорлар кеңесіне А.А.Каримуллинді сайлау үшін дауыс берді. Осылайша, «БТА Банкі» АҚ Жарғысының талаптарына сәйкес Каримуллин А.А. мырза «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің тоғызыншы мүшесі болып сайланды.
  4. «Recovery Unites НИН XS0532995049 және Senior Notes НИН XS0532988770 сатып алу/балансқа қабылдау туралы» мәселе бойынша акционерлердің жалпы жиналысы ұсынылған шешімді қабылдамады, оған себеп аталмыш мәселе акционерлердің жалпы жиналысының құзыретіне кірмейді және осы мәселе бойынша шешім Банк органдарымен қабылдану керектігін ұсынды.

Банк басшылығы акционерлерге Кезектен тыс акционерлердің жалпы жиналысының жұмысына қатысқандығы үшін алғыс білдіреді.

БАҚ арналған байланыстар:

тел. +7(727) 266 47 97, 266 47 99
e-mail: pr@bta.kz
www.bta.kz