Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«БТА Банкі» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы ХАБАРЛАМА

22.12.2011

Алматы қ.

«БТА Банкі» акционерлік қоғамы, орналасқан мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050051, Самал-2 ы/а, Жолдасбеков к-сі, 97, Директорлар кеңесінің 2011 жылғы «19» желтоқсандағы №51 шешіміне сәйкес «БТА Банкі» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы хабарлайды.

Акционерлердің кезектен тыс жиналысын шақыру туралы бастама көтеруші «БТА Банкі» АҚ болып табылады.

«БТА Банкі» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы 2012 жылғы «26» қаңтарда сағат 11.00 келесі мекенжай бойынша өтеді: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050051, Самал-2 ы/а, Жолдасбеков к-сі, 97, Блок А2, 2-қабат, конференц-зал. Акционерлерді тіркеу сағат 9.30 басталады.

«БТА Банкі» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысуға құқылы акционерлердің тізімі 2011 жылғы «26» желтоқсандағы жағдай бойынша құрастырылуы тиіс.

«БТА Банкі» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібі:

«БТА Банкі» АҚ қайта құрылымдау, ымыралы келісімге келу, осыған қажетті келісімдерді және өзге құжаттарды жасау мүмкіндігі туралы»;

«Үшінші жақтардың тарапынан процессуалдық іс-әрекеттерге жалпы мораторий белгілеу мақсатында қандай да бір іс-әрекеттерді атқару не болмаса кез келген процедураларды бастау туралы».

 

«БТА Банкі» АҚ акционерлерін акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының жұмысына қатысуға шақырамыз. Күн тәртібіне және акционерлердің жалпы жиналысын өткізуге қатысты ақпаратпен және материалдармен келесі телефондар арқылы танысуға болады: +7 (727) 2 66 72 54; +7 (727) 2 66 72 69, e-mail: o_pitulova@bta.kz

Кворум болмаған жағдайда, акционерлердің қайталама жалпы жиналысы 2012 жылғы «27» қаңтарда сағат 11.00 келесі мекенжай бойынша өтеді: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050051, Самал-2 ы/а, Жолдасбеков к-сі, 97, Блок А2, 2-қабат, конференц-зал. Акционерлерді тіркеу сағат 9.30 басталады.

«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы заңының талаптарына сәйкес акционерлердің жалпы жиналысына акциялары номиналды ұстаудағы және орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ол туралы мәліметтер көрсетілмеген меншік иесіне тиесілі акционерлер қатыса алмайды.

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысу үшін жеке тұлға болып табылатын акционерлер жеке басын куәландыратын құжатты көрсетулері тиіс.

Акционерлердің (жеке тұлғалар) өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделген нотариалдық куәландырылған сенімхатты және өкілдің жеке басын куәландыратын құжатты, ал заңды тұлға болып табылатын акционерлердің өкілдері акционер болып табылатын заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған сенімхатты және өкілдің жеке басын куәландыратын құжатты көрсетулері тиіс.

Акционерлер – заңды тұлғалар «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы заңының 17-бабының 5-тармағының бірінші бөлігінің талаптарына және Конкурстық кредиторлардың Жалпы жиналысымен бекітілген 2010 жылғы 28 мамырдағы Ақпараттық Меморандумның «ГДР бағдарламасы» тарауының талаптарына сәйкес олардың акционерлері «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы заңының аталмыш нормаларының талаптарын орындағаны туралы өтінішті ұсынулары тиіс.

Байланыс үшін:

«БТА Банкі» АҚ Корпоративтік хатшысының көмекшісі
Питулова Ольга Владимировна
+7 (727) 266-72-69, е-mail: o_pitulova@bta.kz