Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банкі Директорлар кеңесінің жаңа мүшелерін сайлау туралы жариялайды

11.04.2012

Алматы қ., 2012 жылғы 11 сәуір – «БТА Банкі» АҚ 2012 жылғы 11 сәуірде өткен «БТА Банкі» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының қорытындылары бойынша Директорлар кеңесінің жаңа мүшелерін сайлау туралы жариялайды.

2012 жылғы 11 сәуірде «БТА Банкі» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтті.

Аталмыш жиналыстың күн тәртібіндегі мәселені қарау қорытындылары бойынша келесі шешім қабылданды:

Кредиторлардың, жоғары облигация ұстаушыларының өкілі ретінде «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі қызметіне - Сергей Бабаянды сайлау.

Кредиторлардың, дисконтымен арнайы борыштық құралдарды ұстаушыларының өкілі ретінде «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі қызметіне - Яцек Бжезинскиді сайлау.

«БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі қызметіне «Самұрық Қазына» АҚ өкілі Ерік Балапановты сайлау.

«БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі қызметіне Тәуелсіз директор Илкка Салоненді сайлау.

Осылайша, «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесіне сайланған Кеңес мүшелері мыналар:

Сәйденов Әнуар, «Самұрық Қазына» АҚ өкілі, «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы.

Алина Алдамберген, «Самұрық Қазына» АҚ өкілі, «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.

Мұрат Байсынов, «Самұрық Қазына» АҚ өкілі, «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.

Ерік Балапанов, «Самұрық Қазына» АҚ өкілі, «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.

Сергей Бабаян, Кредиторлардың, жоғары облигация ұстаушыларының өкілі, «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.

Яцек Бжезинский, Кредиторлардың, дисконтымен арнайы борыштық құралдарды ұстаушыларының өкілі, «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.

Талвитие Юрки, Директорлар кеңесінің мүшесі, Тәуелсіз Директор.

Булат Бабенов, Директорлар кеңесінің мүшесі, Тәуелсіз Директор.

Илкка Салонен, Директорлар кеңесінің мүшесі, Тәуелсіз Директор.

Әнуар Сәйденов, Директорлар кеңесінің Төрағасы осы жағдайды: «Бүгін, біз, өткізілген акционерлер жиналысының қорытындыларына қуаныштымыз. Бұл Директорлар кеңесін төрт күшті әрі тәжірибелі Директорлармен толықтырды деген сөз. Енді, қазіргі уақытта Банкте жүргізіліп жатқан қайта құрылымдау мәселелерін қарау үшін барлық өкілеттіктерге ие болдық. Соның ішінде, Банктің ҒДҚ ұстаушыларын қоса алғанда, Директорлар кеңесіне барлығы акционерлердің көпшілік дауысымен бекітілген кредиторлардың мүдделерін ұсынатын Директорлардың, сондай-ақ, Басқарма Төрағасының лауазымына кандидаттың және жаңа Тәуелсіз директордың қатысуы Директорлар кеңесінің тиісті шешімдерінің барлық мүдделі тараптардың мүдделеріне сәйкестігін қамтамасыз етеді» - деп түсіндірді.

БАҚ арналған байланыстар:
тел. +7(727) 266 43 22
e-mail: pr@bta.kz
www.bta.kz