Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«БТА Банкі» АҚ акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы ХАБАРЛАМА

22.06.2012

Алматы қ.

«БТА Банкі» Акционерлік қоғамы, орналасқан мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050051, «Самал-2» ықшам ауданы, Жолдасбеков к-сі, 97, 2012 жылғы «20» маусымдағы №10 Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес «БТА Банкі» АҚ кезектен тыс акционерлердің жалпы жиналысын шақыру туралы хабарлайды

Кезектен тыс акционерлердің жалпы жиналысын шақыру бастамашысы «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесі болып табылады.

«БТА Банкі» АҚ кезектен тыс акционерлердің жалпы жиналысы 2012 жылғы «24» шілдеде сағат 11:00, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., «Самал - 2» ықшам ауданы, Жолдасбеков к-сі, 97, «Блок, А2», «Конференц зал, 2-ші қабат мекенжайы бойынша өткізіледі. Акционерлерді тіркеу сағат 9:30 басталады.

«БТА Банкі» АҚ кезектен тыс акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға құқылы Акционерлердің тізімі 2012 жылғы 26 маусымдағы жағдай бойынша әзірленеді.

«БТА Банкі» АҚ кезектен тыс акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібі:

«2012 жылғы «БТА Банкі» АҚ қаржылық есептілігіне аудит жүргізу үшін аудиторлық ұйымды анықтау туралы».

«БТА Банкі» АҚ акционерлерін кезектен тыс акционерлердің жалпы жиналысының жұмысына қатысуға шақырамыз. Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі және өткізу мәселелеріне қатысты ақпаратпен және материалдармен келесі телефондар арқылы танысуға болады: +7 (727) 2 66 72 54; +7 (727) 2 66 72 69, e-mail: o_pitulova@bta.kz

Кворум жиналмаған жағдайда, Акционерлердің жалпы жиналысы 2012 жылғы 25 шілде күні сағат 11:00, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., «Самал - 2» ықшам ауданы, Жолдасбеков к-сі, 97, «Блок, А2», «Конференц зал, 2-қабат мекенжайы бойынша қайта өткізіледі. Акционерлерді тіркеу сағат 9:30 басталады

Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заң талаптарына сәйкес Акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беруге акциялары номиналды иеліктегі және Орталық депозитарийді есепке алу жүйесінде мәліметтері тіркелмеген меншік иесіне тиесілі акционерлер жіберілмейді.

Кезектен тыс акционерлердің жалпы жиналысына қатысу үшін жеке-тұлға - акционерлердің өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты болуы тиіс.

Акционерлердің өкілдері (жеке тұлғалар) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделген, акционер болып табылатын заңды тұлғаның мөрімен немесе нотариустың мөрімен нотариалды куәландырылған сенімхаты және өкілдің жеке басын куәландыратын құжаты болуы тиіс. Заңды тұлғалардың акционерлер өкілдері акционер болып табылатын заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған сенімхатты және өкілдің жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуы тиіс. Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе шарттарға сәйкес акционердің атынан сенімхатсыз әрекет етуге немесе оның мүдделерін ұсынуға құқылы тұлға үшін қаралатын мәселелер бойынша дауыс беруге сенімхат талап етілмейді.

Заңды тұлғалар-акционерлер Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызметтер туралы» заңының 17-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінің талаптарына және Конкурстық кредиторлардың жалпы жиналысымен 2010 жылғы 28 мамырда бекітілген Ақпараттық Меморандумның «БДҚ бағдарламасы» тарауының талаптарына сәйкес олардың акционерлерімен Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызметтер туралы» заңының аталмыш нормаларының талаптарын орындауs туралы өтініш ұсынуы тиіс.

Байланыстар үшін:
«БТА Банкі» АҚ Корпоративтік хатшының көмекшісі
Питулова Ольга Владимировна
+7 (727) 266-72-69, E-mail: o_pitulova@bta.kz