Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банкіне оның Қырғызстандағы еншілес банкінің акцияларын қайтару туралы соттың шешімі заңды күшіне енді

16.01.2013 18:40:55

Алматы, 2013 жылғы 16 қаңтар – «БТА Банкі» АҚ (әрі қарай – Банк) Бішкек қалалық сотының Банкке «БТА Банкі» ЖАҚ (Қырғыстан Республикасы) 71% акцияларын (35,5 млн. дана) қайтару туралы шешімінің заңды күшіне енгендігі туралы хабарлайды. 2013 жылғы 15 қаңтарда Бішкек қ. Ауданаралық соты тіркеуші - «Registrum» ЖШҚ-на соған сәйкес аталған акциялар пакетіне меншік құқығы қазақстандық БТА Банкіне қайта тіркелуі тиіс сот актілерінің көшірмелерін жіберді.

Бұрын хабарланғандай, 2012 жылғы 12 қазанда Бішкек қ. Ауданаралық соты Банктің қазақстандық БТА Банкіне тиесілі «БТА Банкі» ЖАҚ 71% акцияларын сату бойынша сауда-саттықты заңсыз деп тану туралы шағымын қанағаттандырған болатын. Сот шешімімен аталмыш акциялар пакеті Банктің меншігіне қайтарылуы тиіс. 2012 жылғы 6 желтоқсанда Бішкек қалалық сотының апелляциялық инстанциясы бірінші инстанциялы соттың жүргізілген сауда-саттықтардың заңсыздығы туралы тұжырымдамаларын толығымен растау арқылы Бішкек қ. Ауданаралық сотының шешімін күшінде қалдырды.

Соның нәтижесінде Қазақстандық БТА Банкі Қырғызстандағы еншілес банкінің 35,5 млн. акцияларынан айырылған заңсыз деп танылған сауда-саттықтар 2009 жылы өтті.

«Қазақстандық БТА Банкінің Қырғызстандағы еншілес банкінің акцияларына құқықтарын қалпына келтіретін қабылданған сот актілеріне өте қуаныштымыз. Біз заңды меншік иелерінің бақылауындағы жұмыстың дамудың жаңа деңгейіне шығуға мүмкіндік беретіндігіне сенімдіміз» - деді «БТА Банкі» АҚ Басқарма мүшесі – Басқарушы Директор Виктор Романюк.

БАҚ арналған байланыстар:

тел. +7 (727) 266 43 22
e-mail: pr@bta.kz
www.bta.kz