Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Жәрдемақы, әлеуметтік төлемдер мен зейнетақы алушыларға арналған арнайы тағайындалған ағымдағы шоттар (АТАШ) туралы ақпарат

15.03.2013 12:03:37

Құрметті клиенттер!

ҚР заңнамалық1 және заңнамадан туындаған2 актілерге сәйкес БТА Банкі шотты ашу мақсатын көрсетумен өтініш негізінде клиенттің талабы бойынша Арнайы тағайындалған ағымдағы шоттарды (АТАШ) ашатындығы жөнінде хабарлайды.

АТАШ мемлекеттік бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін қолданылады. Осы шот түріне зейнетақыны есептеуге, қолма-қол ақшаны толықтыруға және басқа көздерден қолма-қол ақшасыз аударымдар жасауға жол берілмейді, төлем құжаттары акцепттелмейді, ақша жіберушіге қайтарылады.

АТАШ иесінің БТА Банкімен қатар, басқа банктерден және қаржылық ұйымдардан алынған қарыздар бойынша банктік берешектері туындаған жағдайда, осындай шоттағы ақшаларды өндіріп алу мүмкін болмайды.

Назар аударыңыз!

Егер Сіз МЗТО және республикалық бюджеттен жәрдемақы алушы болсаңыз және оларды жаңа АТАШ-тан алғыңыз келсе, Сізге:

1) БТА Банкінің кез келген бөлімшесіне келіп, АТАШ ашуға өтініш жазу, тиісті шартты ресімдеу және оған қол қою;

2) төлемдер мен жәрдемақыларыңыздың есептеу шотын өзгерту үшін жаңа АТАШ деректемелерін МЗТО аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлеріне беру қажет.

МЗТО-нан және ЖЗҚ-нан зейнетақылардың АТАШ есептелмейтіндігін естеріңізге саламыз. Егер өзіңіздің төлемдеріңіз бен жәрдемақыларыңызды бірыңғай банктік шоттан алғыңыз келсе және осыған орай төлемдердің кешіктірілуіне және олардың өндіріп алынуына алып келетін кредиттеріңіз болмаса, Сіз БТА Банкінде қалдыққа сыйақы есептелетін «Қамқор» төлем карточкасын ресімдей аласыз.

АТАШ және «Қамқор» карточкасы туралы қосымша ақпаратты БТА Банкінің кез келген бөлімшелерінен, сондай-ақ, келесі телефондар бойынша біздің Байланыс орталығынан алуға болады:

+7 (727) 2500-111, 2500-222 – Алматы үшін;
8 8000 800 111 – ҚР бойынша қала телефондарынан тегін;

7111 – барлық қазақстандық мобильді байланыс операторларының абоненттері үшін тегін.


1 1995 жылғы 31 тамыздағы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызметтер туралы» ҚР Заңы.

2 Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесі (ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 2 маусымдағы №266 қаулысымен бекітілген).