Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА24 тәулік бойғы онлайн-бөлімшесінде (интернет-банкинг) жүз мыңыншы пайдаланушы тіркелді

31.07.2013 14:23:06

Алматы, 2013 жылғы 31 шілде - БТА Банкі БТА24 тәулік бойғы онлайн-бөлімшесінде (интернет-банкинг) жүз мыңыншы пайдаланушының тіркелгендігін хабарлайды. Ол 27 жастағы Атырау тұрғыны Нұржан Рахман.

Нұржан 9 жылдан бері БТА Банкінің Атырау филиалының клиенті. Жақында Нұржан Visa Electron төлем карточкасының иесі ретінде оны қолма-қол ақша алу және сауда және сервис кәсіпорындарында есеп-айырысуды жүргізу үшін қолданған екен. Екі апта бұрын БТА-ның қашықтан қызмет көрсету артықшылықтары жайлы естіп, ол шотқа ақшаның түсуін тексеру, коммуналды қызметтерді төлеу және бюджетке салық төлемдерін жүргізу үшін БТА24 тәулік бойғы онлайн-бөлімшесіне тіркелген.

БТА24 жүз мыңыншы пайдаланушының сертификатын салтанатты түрде табыс ету БТА Банкінің Атырау филиалының Орталық офисінде өтті. Өзінің алғы сөзінде Нұржан Рахман БТА Банкіне жоғары қызмет көрсету сапасы үшін алғыс айтып, қаржы институтының одан әрі гүлденуіне, тұрақтылығына, клиенттік базаның өркендеуіне және Қазақстанның ғана емес, одан тыс елдердің қаржы нарығында де бәсекеге қабілеттілігінің арта беруіне тілектестік білдірді.

Анықтама

БТА24 тәулік бойғы онлайн-бөлімшесі - банкоматтармен, Cash&Pay төлем терминалдарымен, POS-терминалдармен және SMS-банкингпен қатар, БТА-ның қашықтан банктік қызмет көрсету желілерінің перспективті арналарының бірі.

БТА24 тәулік бойғы онлайн-бөлімшесіне кез келген ниет білдірген тұлға кіре алады, ол үшін жүйеде тіркелу қажет емес. БТА Банкінің өнімдері мен қызметтерінің шарттарына және сипаттамасына, тәулік бойғы email-кеңестерге және онлайн-өтінімдер сервисіне еркін қол жеткізуге болады.

Қаржы операцияларына қол жеткізу үшін жүйеде тіркелу қажет. Тәулік бойғы онлайн-бөлімшесінің клиенті болу өте оңай. Ол үшін БТА Банкінің төлем карточкасының ұстаушысы болу, БТА Банкінің салымшысы болу және банкоматта немесе бөлімшеде қызмет көрсету барысында (салым бойынша қызмет көрсету кезінде) алынған чекті сақтау қажет.

БТА24 көмегімен 700 астам әртүрлі қызмет жеткізушілердің (ұялы байланыс операторларының, интернет-провайдерлердің, кабельдік телевизия операторларының, білім, қаржы және өзге ұйымдардың) қызметтерін төлеуге; салықтар, айыппұлдар, алымдар мен баж салықтарын төлеуге; БТА Банкінде депозиттерді толықтыру мен кредиттерді өтеуге; өз карталары арасында және БТА-ның басқа клиенттерінің карталарына аударымдар жүргізуге; өз депозитіңнен карточкаға ақша аударуға болады. Сонымен қатар БТА24 көмегімен  банктік қызметтер алу үшін онлайн-өтінімдер беруге және БТА Банкі мамандарының email-кеңестерін пайдалануға болады.

БАҚ арналған байланыстар:

тел. +7(727) 266 43 22
e-mail: pr@bta.kz
www.bta.kz