Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«БТА Банкі» АҚ Басқарма құрамындағы өзгерістер

04.12.2013 11:51:55

Алматы, 2013 жылғы 3 желтоқсан - Осы арқылы «БТА Банкі» АҚ (әрі қарай - Банк) 2013 жылғы 29 қарашада Банктің Директорлар кеңесімен бірқатар шешімдердің қабылданғандығын хабарлайды, осы шешімдерге сәйкес Банк Басқармасының құрамында келесі өзгерістер орын алды:

Банктің Басқарушы Директоры - Басқарма мүшесі  Павел Юрьевич Просянкиннің өкілеттігі өзінің бастамасымен 2013 жылғы 1 желтоқсаннан бастап мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Банктің Басқарушы Директоры - Басқарма мүшесі Арман Бакитович Шакеновтың өкілеттігі 2013 жылғы 9 желтоқсаннан 2014 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылды.

Банктің Басқарушы Директоры - Басқарма мүшесі қызметіне 2013 жылғы 1 желтоқсаннан бастап 2014 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімге Айнагуль Амангельдиновна Даулетбаева, Олеся Сеиловна Имашева және Елена Геннадьевна Молчанова тағайындалды.

Банктің Басқарушы Директоры - Басқарма мүшесі қызметіне тағайындалғанға дейін Айнагуль Даулетбаева Банктің Атқарушы директоры - Бөлшек бизнес департаментінің Директоры қызметін атқарды. Жаңа қызметте Айнагуль Даулетбаева Банктің бөлшек бизнесімен, төлем карточкаларымен және сату арналарымен байланысты мәселелерді басқарады.

Өз кезегінде, Олеся Имашева бұрын Банктің Атқарушы директоры - Шағын және орта бизнес департаментінің Директоры қызметін атқарды. Банктің Басқарушы Директоры - Басқарма мүшесі қызметінде ол Банктің ШОБ клиенттеріне қызмет көрсетумен байланысты мәселелерді басқарады.

Елена Молчанова бұрын Банктің Активтерді қайтару департаментінің директоры қызметін атқарды. Банктің Басқарушы Директоры - Басқарма мүшесі қызметінде ол Банктің Активтерді қайтару департаментінің жұмысын басқаратын болады.

БАҚ арналған байланыстар:

тел. +7 (727) 266 43 22
e-mail: pr@bta.kz
www.bta.kz