Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«БТА Банк» АҚ акционерлеріне хабарландыру

29.07.2014 15:54:26

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-II «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 25 бабы 3 тармағына сәйкес «БТА Банк» АҚ-тың 298 295 649 240 (46,5%) жай акцияларын меншік құқығы бойынша және «БТА Банк» АҚ-тың 27 351 461 050 (4,26%) жай акцияларын сенімгерлік басқару құқығы бойынша иеленетін «Казкоммерцбанк» АҚ (орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 050060, Алматы қаласы, Гагарин даңғылы, 135 «ж») және «БТА Банк» АҚ-тың 298 295 649 240 (46,5%) жай акцияларын меншік құқығы бойынша иеленетін К.Х. Ракишев мырза (тұрғылықты жері:  Алматы қ., Оңдасынов к-сі, 11-үй) «БТА Банк» АҚ (бұдан әрі - «Банк») акцинерлеріне Банкпен шығарылған (эмиттелген) өздеріне тиесілі жай акцияларын (бұдан әрі - «Акция») бір Акция үшін 0,24162 теңге бағасы бойынша сатуды ұсынады.

Акцияларды сатуға қатысты жазбаша өтініштерді (бұдан әрі - «Өтініштер») орталықтандырылған қабылдау мен өңдеу бойынша агент қызметін Банкатқарады. Өтініштер Банктің www.bta.kz мекенжайы бойынша веб-сайтында орналастырылған нысандарға сәйкес құрылуы тиіс. Өтініш нысанының қағазға басылған көшірмесін алуды қалайтын Акционерлерге Банктің Алматы қ., «Самал-2» ықшам ауданы, Жолдасбеков к-сі, 97 мекенжайы бойынша орналасқан бас офисіне немесе Банктің келесі филиалдарының біріне келу қажет:

Филиал атауы

Филиалдың орналасқан жері

Облысы

Қаласы, көшесі, үй

Ақтөбе филиалы

Ақтөбе облысы

Ақтөбе қ., Әбілқайыр хан даңғ., 51

Алматы филиалы

Алматы облысы

Алматы қ., Әйтеке би к-сі, 55

Шығыс Қазақстан филиалы

Шығыс Қазақстан облысы

Өскемен қ., М. Горький к-сі, 21/1

Атырау филиалы

Атырау облысы

Атырау қ., Құлманов к-сі, 23

Жамбыл филиалы

Жамбыл облысы

Тараз қ., Желтоқсан к-сі, 75

Жезқазған филиалы

Қарағанды облысы

Жезқазған қ., Титов к-сі, 20

Қарағанды филиалы

Қарағанды облысы

Қарағанды қ., Әлиханов к-сі, 11а

Қызылорда филиалы

Қызылорда облысы

Қызылорда қ., И.Жахаев к-сі, 53

Көкшетау филиалы

Ақмола облысы

Көкшетау қ., Б.Момышұлы к-сі, 21

Қостанай филиалы

Қостанай облысы

Қостанай қ., Әл-Фараби даңғ., 114

Маңғыстау филиалы

Маңғыстау облысы

Ақтау қ., № 14 ықш.ауд., 63

Павлодар филиалы

Павлодар облысы

Павлодар қ., Академик Бектуров к-сі, 22

Солтүстік Қазақстан филиалы

Солтүстік Қазақстан облысы

Петропавл қ., Е. Брусиловский к-сі, 60 "А"

"Семей" филиалы

Шығыс Қазақстан облысы

Семей қ., Уранхаев к-сі, 53

Талдықорған филиалы

Алматы облысы

Талдықорған қ., Абылай хан к-сі, 158

Батыс Қазақстан филиалы

Батыс Қазақстан облысы

Орал қ., Қасым Аманжолов к-сі, 69/1

"Астана" филиалы

Ақмола облысы

Астана қ., Сейфуллин к-сі, 27

Оңтүстік Қазақстан филиалы

Оңтүстік Қазақстан облысы

Шымкент қ. Тәуке хан даңғ., 82

Екібастұз филиалы

Павлодар облысы

Екібастұз қ., Строительная к-сі, 91

Өтініштер Банктің бас офисінде немесе жоғарыда аталған филиалдарда 2014 жылғы 28 тамыздағы жұмыс күнінің соңына дейін қабылданады. Егер Өтініш жабық конвертте берілетін болса, онда осындай конвертте «Акцияларды сатуға келісім» белгісі болу қажет. Қажетті мәліметтер көрсетілмеген немесе белгіленген мерзімді бұзумен ұсынылған Өтініштер қабылданбауы мүмкін.

Акцияларын сататын Банк Акционерлері Банкке Өтініш берген күннен кейінгі екі күннің ішінде «Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі» АҚ-қа (бұдан әрі - «БҚБТ») немесе  өзінің атаулы ұстаушысына Банктің жай акцияларын есептен шығару және оларды «Казкоммерцбанк» АҚ-тың және(немесе) К.Х. Ракишев мырзаның БҚБТ-дегі шотына есепке қосу туралы бұйрықты (бұдан әрі -«Бұйрық») тапсырулары, сонымен қатар тиісті комиссияларды төлеулері тиіс. Аталған талапты бұзған жағдайда, акционер осы ұсыныстардан бас тартқан болып танылады. Акционерлерге ыңғайлы болу үшін, Бұйрықтың Нысаны Банктің www.bta.kz мекенжайы бойынша веб-сайтында орналастырылған.  Бұйрық нысанының қағазға басылған көшірмесін алуды қалайтын Акционерлер Банктің бас офисіне немесе жоғарыда көрсетілген филиалдарға келуі қажет. Сонымен қатар Бұйрықтардың барлық қажетті нысандарына БҚБТ веб-сайтында (www.tisr.kz) қол жеткізуге болады.

Сатып алынған Акциялардың құнын төлеу Акциялар «Казкоммерцбанк» АҚ-тың немесе К.Х. Ракишев мырзаның дербес шотына есепке қосылған жағдайда, тиісті Өтінішті алған күннен кейінгі 30 күнтізбелік күннің ішінде қолма-қол ақшасыз тәртіпте жүзеге асырылатын болады.

Әрбір акционер Акцияларды сатуға қажетті рұқсаттардың, мақұлдаулардың, келісулердің уақтылы алынуына және өзге іс-әрекеттердің орындалуына (БҚБТ-ге Акцияларды есептен шығару және есепке қосу үшін талап етілетін құжаттар мен мәліметтерді ұсынуды қоса алғанда), сондай-ақ кез келген комиссиялардың, алымдар мен салықтардың төленуі үшін өз бетінше жауапты болады.

Қазақстан Республикасының резиденті емес акционерлерге төлем жасау Қазақстан Республикасының Салық кодексінің талаптарына сәйкес төлем көзінен салықты ұстап қалу арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Төлем көзінен салықты ұстап қалу жөніндегі сұрақтар бойынша қосымша ақпарат Банктің www.bta.kz мекенжайы бойынша веб-сайтында орналастырылған.

Негізгі активі Акциялар болып табылатын Ғаламдық депозитарлық қолхат (бұдан әрі - «ҒДҚ») ұстаушылары Банктің басқа акционерлерімен қатар осы ұсынысты пайдалануға құқылы. Акцияларды сату құқығын іске асыру үшін ҒДҚ ұстаушылары ҒДҚ депозитарийі болып табылатын «Бэнк оф Нью Йорк Меллон» (The Bank of New York Mellon) банкіне (бұдан әрі - «Депозитарий») drglobaltransactions@bnymellon.com электронды поштасы арқылы хабарласу қажет. ҒДҚ ұстаушыларына төлем жасау Депозитарий арқылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төлем жасалған күнге сәйкес қолданыста болған бағамы бойынша АҚШ долларымен жүзеге асырылатын болады.

Осы хабарландырудың ешқандай ережесі ұсыныс немесе кеңес беру ретінде қарастырылмауы тиіс. Қандай да бір шешім қабылдау алдында немесе қандай да бір іс-әрекет жасамас бұрын Банк акционері өзінің заңгерлік, салық немесе қаржылық кеңесшісіне  жүгінуі тиіс.

Осы хабарландыру, осы хабарландыруға сәйкес құрылған Өтініштер мен Бұйрықтар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі және түсіндіріледі. Осы хабарландырудан туындайтын және(немесе) онымен байланысты барлық ықтимал даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының сотында қаралады.

Осы хабарландырумен байланысты сұрақтар туындаған жағдайда немесе қосымша ақпаратты, әлде хабарландыруда көрсетілген құжаттарды алу қажет болған жағдайда Банктің Корпоративтік Хатшысы Дугашев Сахиль мырзаға немесе оның ассистенті Питулова Ольга ханымға +7 (727) 266-72-54, +7 (727) 26-72-69 телефондары, тиісінше sdugashev@bta.kzopitulova@bta.kz электронды поштасы бойынша немесе post@bta.kz хабарласуларыңызды сұраймыз. ҒДҚ қатысты сұрақтарыңыз бойынша Корпоративтік Хатшы Дугашев Сахиль мырзаға немесе оның ассистенті Питулова Ольга ханымға +7 (727) 266-72-54, +7 (727) 266-72-69 телефондары, тиісінше sdugashev@bta.kzopitulova@bta.kz электронды поштасы арқылы хабарласыңыздар.

 

Форма 12

Төлем көзінен салықты ұстап қалу сұрақтары бойынша

«БТА Банк» АҚ акцияларын сату туралы өтініш - Жеке тұлға

«БТА Банк» АҚ акцияларын сату туралы өтініш - Заңды тұлға