Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Құрметті Банк клиенттері!

26.08.2014 10:43:52

ҚР 2014 жылғы 30 маусымдағы № 231-V "Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар тұлғалардың мүлікті жария етуіне байланысты оларға рақымшылық жасау туралы" Заңы аясында 2014 жылғы 1 қыркүйектен 2015 жылғы 31 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасында мүлікті және ақшаны жария ету жүргізілетіндігін хабарлаймыз.

Мемлекеттің мүлікті жария ету бойынша бір жолғы акция өткізудің басты мақсаты бұрын экономикалық айналымынан шығарылған ақшаны жария ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтарының, оралмандардың және Қазақстан Республикасында тұруға ыхтиярхаты бар тұлғалардың табыстары мен мүлкін жария етуге алдын ала жағдай жасау болып табылады. 

Ақшаны жария етуге қатысуға құқығы бар тұлғалар мүлікті Заңда белгіленген тәртіппен жария еткен Қазақстан Республикасының азамттары, оралмандар және Қазақстан Республикасында тұруға ыхтиярхаты бар тұлғалар болып табылады.

Аталмыш Заңга сәйкес Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері, Ұлттық пошта операторы ақшаны жария ету мақсатында Клиенттің өтініші негізінде арнайы жеке жинақ шотын ашады.  Жария етілетін ақша жинақ шотында жария ету мақсатында осындай шотқа ақшаны салған (аударған) күннен бастап кемінде алпыс (60) күнтізбелік ай жатқан кезде жария етуге жатады. Клиент мерзім аяқталғаннан кейін (60 ай) жинақ шотынан алынған немесе басқа шотқа аударылған ақша сомасының 10% мөлшерінде бюджетке алымды ұстап қалуымен, жария етілген ақшаға билік етуге құқылы. Сондай-ақ Клиент мерзім аяқталғаннан кейін (60 ай) ҚР Үкіметі белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының экономикасына инвестициялаған жағдайда, бюджетке алымды ұстауыз жария етілген ақшаға билік етуге құқылы.

Ақша жинақ шотқа салынған (аударылған) күнінен бастап жария етілді деп есептеледі.  Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банкіндегі жинақ шотына ақша салынған (аударылған) кезде, Ұлттық пошта операторы жария ету субъектісіне жария ету үшін салынған (аударылған) ақшаның сомаларының мөлшерін растайтын анықтаманы береді.

Осы Заңға сәйкес жария етілген ақша сомасы жария ету субъектісінің табысы ретінде танылмайды.

Жинақ шоттағы ақша Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте және талаптарында депозиттерге міндетті кепілдік беру объектісі болып табылады.

Сұрақтар туындаған жағдайда Call-орталығына хабарласуыңызды сұраймыз, байланыс телефондары +7 727 2500 111, 2500 222, +8 8000 800 111 - ҚР бойынша қала нөмірлерінен тегін, 7111 - барлық қазақстандық мобильді байланыс операторларының абоненттері үшін тегін нөмір.

Құрметпен,

«БТА Банкі» АҚ