Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«БТА Банкі» АҚ барлық өзінің кредиторларына, акционерлеріне және жұртшылыққа Банктің Директорлар кеңесімен ірі мәмілені жасау туралы шешім қабылданғандығын хабарлайды

25.06.2015 17:41:33

2015 жылғы 25 маусым, Алматы - «БТА Банкі» АҚ (әрі қарай - Банк) 2015 жылғы 23 маусымда Банктің Директорлар кеңесімен БТА-ның «Казкоммерцбанк» АҚ (әрі қарай - ККБ) (кредитор ретінде әрекет ететін) алдындағы (і) Банк пен БТА арасындағы активтер мен міндеттемелерді біруақытта беру туралы шарты, (іі) тиісті кредиттік құжаттаманы жасау арқылы (теңгемен және АҚШ доллармен) «Самұрық Қазына» Ұлттық әл-аухат қоры» АҚ, «Казкомерцбанк» АҚ, «БТА Банкі» АҚ арасындағы міндеттемелерді беру туралы келісім, (ііі) 2014 жылғы 14 қарашадағы Борышты аудару туралы келісім бойынша өз берешектерін төлеу үшін «БТА Банкі» АҚ бірыңғай кредиттік желісін ККБ-дан БТА-ның (заемшы ретінде әрекет ететін) тартуы туралы ірі мәміле жасау жөнінде шешім қабылданғандығын хабарлайды.

БТА мен ККБ арасында мәмілені жасау үшін Кредиттік желіні ашу туралы келісім жасалады, осы келісім шарттары бойынша БТА ККБ-дан 2024 жылғы 30 маусымға дейінгі мерзіммен, теңгемен ұсынылатын кредит сомасының жылдық 9% және АҚШ долларында ұсынылатын кредит сомасының жылдық 8% сыйақы есептеумен лимиті 630 000 000 000 теңге және 5 600 000 000 АҚШ доллар кредиттік желіні тартады. Берешекті өтеу БТА-мен тоқсан сайын берешек қалдығын кредиттік желі мерзімінің соңына жатқызумен жиынтығында барлық ұсынылған кредиттер бойынша 334 952 АҚШ доллар (АҚШ доллардағы қарыздар үшін) және 37 682 130 теңге (теңгедегі қарыздар үшін) мөлшерінде жүзеге асырылады.

БТА-ның ККБ алдындағы міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету ретінде БТА-ның барлық активтері мен оның борышкерлеріне қоятын талап ету құқықтарының (қамтамасыз ету бойынша құқықтарды қоса алғанда) кепілдері, сондай-ақ, БТА активтерінің болашақтағы түсімдері  қабылданады.

Мәміле сомасының Банк активтерінің жалпы құнына пайыздық қатынасы 70,36% құрайды.

Тараптар Келісімді 2015 жылғы 30 маусымға дейін жасауды жоспарлайды.