Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр 

«БТА Банк» АҚ акционерлеріне хабарландыру

26.02.2016 16:39:03

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-II «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 25 бабы 3 тармағына сәйкес, «БТА Банк» АҚ-мен шығарылған (эмиттелген), ҰСН KZ1C34920013, саны 299 211 380 223 (49,18%) жай акцияларын меншік құқығы бойынша иеленетін К.Х. Ракишев мырза (тұрғылықты жері:  Алматы қ., Оңдасынов к-сі, 11-үй) Н.С.Субханбердин мырза (тұрғылықты жері:  Алматы қ., Қонаев көшесі, 110-үй, 10 пәтер) «БТА Банк» АҚ (бұдан әрі – «БТА») акционерлеріне БТА-мен шығарылған (эмиттелген) өздеріне тиесілі жай акцияларын (бұдан әрі – «Акция») бір Акция үшін 0,00001 теңге бағасы бойынша сатуды ұсынады.

Акцияларды сатуға қатысты жазбаша өтініштерді (бұдан әрі – «Өтініштер») орталықтандырылған қабылдау мен өңдеу бойынша агент қызметін Банк атқарады. Өтініштер Банктің www.bta.kz мекенжайы бойынша веб-сайтында орналастырылған нысандарға сәйкес құрылуы тиіс. Өтініш нысанының қағазға басылған көшірмесін алуды қалайтын Акционерлерге БТА-ның Алматы қ., «Самал-2» ықшам ауданы, Жолдасбеков к-сі, 97 мекенжайы бойынша орналасқан бас офисіне келу қажет.

Өтініштер БТА-ның бас офисінде 2016 жылғы «28» наурыздағы жұмыс күнінің аяғына дейін қабылданады. Егер Өтініш жабық конвертте берілетін болса, онда осындай конвертте «Акцияларды сатуға келісім» белгісі болу қажет. Қажетті мәліметтер көрсетілмеген немесе белгіленген мерзімді бұзумен ұсынылған Өтініштер қабылданбауы мүмкін.

Акцияларын сататын БТА Акционерлері Банкке Өтініш берген күннен кейінгі екі күннің ішінде «Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі» АҚ-қа (бұдан әрі – «БҚБТ») немесе  өзінің атаулы ұстаушысына Акцияларды есептен шығару және оларды Н.С.Субханбердин мырзаның немесе К.Х.Ракишев мырзаның БҚБТ-дегі шотына есепке аудару туралы бұйрықты (бұдан әрі – «Бұйрық») тапсырулары, сонымен қатар тиісті комиссияларды төлеулері тиіс. Аталған талапты бұзған жағдайда, акционер осы ұсыныстардан бас тартқан болып танылады. Акционерлерге ыңғайлы болу үшін, Бұйрықтың Нысаны БҚБТ www.tisr.kz веб-сайтында орналастырылған. Бұйрық нысанының қағаздағы көшірмесін алуға ниет білдірген Акционерлер БТА-ның немесе БҚБТ-ның бас офисіне өтініш жасауы қажет.

Сатып алынған Акциялардың құнын төлеу, Акциялар Н.С.Субханбердин мырзаның немесе К.Х. Ракишев мырзаның дербес шотына аударылу шартымен, тиісті Өтінішті алған күннен бастап 30 күнтізбелік күннің ішінде қолма-қол ақшасыз тәртіпте жүзеге асырылатын болады.

Әрбір акционер Акцияларды сатуға қажетті рұқсаттардың, мақұлдаулардың, келісулердің уақтылы алынуына және өзге іс-әрекеттердің орындалуына (БҚБТ-ге Акцияларды есептен шығару және есепке қосу үшін талап етілетін құжаттар мен мәліметтерді ұсынуды қоса алғанда), сондай-ақ кез келген комиссиялардың, алымдар мен салықтардың, соның ішінде БҚБТ, атаулы ұстаушылардың, BONY қызметіне төлем төленуі үшін өз бетінше жауапты болады.

Анықтама: БҚБТ сатып алу – сату мәмілесін тіркеу үшін қызметінің құны мәміле сомасынан 0,2% құрайды, бірақ мәміленің әр қатысушысынан 200 теңгеден кем емес және 40 000 теңгеден артық емес.

Негізгі активі Акциялар болып табылатын Ғаламдық депозитарлық қолхат (бұдан әрі – «ҒДҚ») ұстаушылары БТА-ның басқа акционерлерімен қатар осы ұсынысты пайдалануға құқылы. Акцияларды сату құқығын іске асыру үшін ҒДҚ ұстаушылары ҒДҚ депозитарийі болып табылатын «Бэнк оф Нью Йорк Меллон» (The Bank of New York Mellon) банкіне (бұдан әрі - «Депозитарий») drglobaltransactions@bnymellon.com электрондық поштасы арқылы хабарласу қажет. ҒДҚ ұстаушыларына төлем жасау Депозитарий арқылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төлем жасалған күнге сәйкес қолданыста болған бағамы бойынша АҚШ долларымен жүзеге асырылатын болады.

Осы хабарландырудың ешбір ережесі ұсыныс немесе кеңес беру ретінде қарастырылмауы тиіс. Қандай да бір шешім қабылдау алдында немесе қандай да бір іс-әрекет жасамас бұрын БТА акционері өзінің заңгерлік, салық немесе қаржылық кеңесшісіне  жүгінуі тиіс.

Осы хабарландыру, осы хабарландыруға сәйкес әзірленген Өтініштер мен Бұйрықтар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі және талқыланады. Осы хабарландырудан туындайтын және(немесе) онымен байланысты барлық ықтимал даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының сотында қаралады.

Осы хабарландыруға байланысты сұрақтар туындаған жағдайда немесе қосымша ақпаратты әлде хабарландыруда көрсетілген құжаттарды алу қажет болған жағдайда Банктің Корпоративтік Хатшысы Питулова Ольга ханымға +7 (727) 26-72-69 телефондары, тиісінше opitulova@bta.kz электрондық поштасы бойынша немесе post@kkb.kz хабарласуларыңызды сұраймыз. ҒДҚ қатысты сұрақтарыңыз бойынша Корпоративтік Хатшы Питулова Ольга ханымға +7 (727) 266-72-69 телефондары, тиісінше opitulova@bta.kz электрондық поштасы арқылы хабарласыңыздар.

«БТА Банк» АҚ  акцияларын сату туралы өтініш - (Жеке тұлғаакционерлер үшін)

«БТА Банк» АҚ акцияларын сату туралы өтініш - (Заңды тұлға – акционерлер үшін)