Главная

Жаңалықтар

2017 2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір 

«БТА Банкі» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы ХАБАРЛАМА

18.03.2017 18:26:20

«БТА Банкі» Акционерлік қоғамы, орналасқан мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050051, «Самал-2» ықшам ауданы, Жолдасбеков к-сі, 97, Директорлар кеңесінің шешіміне (2017 жылғы  18 наурыздағы № 16 шешімі) сәйкес «БТА Банкі» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыратындығын хабарлайды.

 

Кезектен тыс акционерлердің жалпы жиналысын шақыру бастамашысы «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесі болып табылады.

 

«БТА Банкі» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы 2017 жылғы 18 сәуір күні Алматы уақыты бойынша сағат 10:40, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., «Самал - 2» ықшам ауданы, Жолдасбеков к-сі, 97, «Блок, А2», мәжіліс залы, 2-ші қабат мекенжайы бойынша өткізіледі. «БТА Банкі» АҚ акционерлерін тіркеу 2017 жылғы 18 сәуір күні сағат 10:00 басталады. Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы өткізілмеген жағдайда, жиналыс 2017 жылғы «19» сәуірде сағат Алматы уақыты бойынша сағат 10:40, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., «Самал - 2» ықшам ауданы, Жолдасбеков к-сі, 97, «Блок, А2», мәжіліс залы, 2-ші қабат мекенжайы бойынша өткізіледі. «БТА Банкі» АҚ акционерлерін тіркеу 2017 жылғы «19» сәуір күні сағат 10:00 басталады.

 

«БТА Банкі» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысына қатысуға құқылы Акционерлердің тізімі 2017 жылғы  10 сәуір сағат 00:00 жағдай бойынша құрастырылады.

 

«БТА Банкі» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібі:

 

1. ««БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау туралы». 

 

2. ««БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы мөлшерін анықтау».

 

3. ««БТА Банкі» АҚ Санақ комиссиясының құрамын өзгерту туралы». 

 

«БТА Банкі» АҚ акционерлерін акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының жұмысына қатысуға шақырамыз.

 

Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі және өткізу мәселелеріне қатысты ақпаратпен және материалдармен 2017 жылғы 06 сәуірден бастап жұмыс күндері сағат 10:00 бастап 17:00 дейін:  Қазақстан Республикасы, Алматы қ., «Самал - 2» ықшам ауданы, Жолдасбеков к-сі, 97, «Блок, А2», мәжіліс залы,12-қабат, телефон +7 (727) 2 66 72 69, e-mail: o_pitulova@bta.kz мекенжайы бойынша танысуға болады.

 

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізуге байланысты сұрақтарға жауаптарды мына телефондар арқылы алуға болады: +7 (727) 2 66 72 69, e-mail: o_pitulova@bta.kz.

 

Жиналысты өткізу тәртібі «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының заңының 48 бабына сәйкес   жүзеге асырылады.

 

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-II «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының заңының 35- 52 баптарына сәйкес және Қазақстан Республикасының басқа заңнама нормаларына сәйкес өткізіледі.

 

Кезектен тыс акционерлердің жалпы жиналысына қатысу үшін жеке-тұлға - акционерлердің өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты болуы тиіс.

 

Акционерлердің өкілдері - жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделген сенімхаты  және өкілдің жеке басын куәландыратын құжаты болуы тиіс. Заңды тұлға - акционерлердің өкілдері акционер болып табылатын заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған сенімхатты және өкілдің жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуы тиіс. Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе шарттарға сәйкес акционердің атынан сенімхатсыз әрекет етуге немесе оның мүдделерін ұсынуға құқылы тұлға үшін қаралатын мәселелер бойынша дауыс беруге сенімхат талап етілмейді.

Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша Директорлар кеңесі «БТА Банкі» АҚ акционерлеріне «қолдау» нұсқасымен дауыс беруді ұсынады.       

 

 

 

Байланыстар үшін:

«БТА Банкі» АҚ  Корпоративтік хатшысы

 Питулова Ольга

+7 (727) 266-72-69, E-mail: o_pitulova@bta.kz