Главная

Жаңалықтар

2018 2017 2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз 

2018 жылғы 19 наурызға шақырылған «БТА Банкі» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін толықтыру туралы ХАБАРЛАМА

03.03.2018 14:26:20

«БТА Банкі» Акционерлік қоғамы, орналасқан мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050051, «Самал-2» ықшам ауданы, Жолдасбеков к-сі, 97, Директорлар кеңесінің шешіміне (2018 жылғы 03 наурыздағы №14 шешімі) сәйкес 2018 жылғы 19 наурызға шақырылған «БТА Банкі» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін толықтырғандығын хабарлайды:

 

2. ««БТА Банкі» АҚ Жарғысына өзгерістерді және толықтыруларды бекіту туралы.

3. ««БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесі туралы Ережені жаңа басылымда бекіту туралы».

4. ««БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы».

5. ««БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің сандық құрамын анықтау туралы».

6. ««БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесі өкілеттіктерінің мерзімін белгілеу туралы».

7. ««БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлкау туралы».

8.  ««БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы және олардың шығындарының өтемақы мөлшерін белгілеу және төлеу шарттарын анықтау туралы».

Күн тәртібінің барлық мәселелері бойынша Директорлар кеңесі «БТА Банкі» АҚ акционерлеріне «ҚОЛДАУ» нұсқасымен дауыс беруге ұсыныс жасайды.