Главная

Жаңалықтар

2018 2017 2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз мамыр 

«БТА Банкі» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының қорытындылары туралы

29.03.2018 10:08:33

Осы арқылы «БТА Банкі» АҚ (әрі қарай – БТА) 2018 жылғы 19 наурызда «БТА Банкі» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы (2018 жылғы 19 наурыздағы № 81 Хаттама) келесі шешімдерді қабылдағандығын хабарлайды: 

  1. «БТА Банкі» АҚ Корпоративтік басқару кодексін бекіту туралы.
  2. «БТА Банкі» АҚ Жарғысына өзгерістерді және толықтыруларды бекіту туралы
  3. Жаңа басылымда «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесі туралы ережені бекіту туралы
  4. «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы
  5. «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің сандық құрамын анықтау туралы
  6. «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің өкілеттіктер мерзімін белгілеу туралы
  7. «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау туралы
  8. «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы және шығындарды өтеу мөлшерін және төлеу шарттарын анықтау туралы.

 

 

1.              «БТА Банкі» АҚ Корпоративтік басқару кодексі бекітілсін.

2.1    «БТА Банкі» АҚ Жарғысына өзгерістер және толықтырулар бекітілсін

2.2. Қоғамның Басқарма Төрағасына Қоғамның Жарғысына өзгерістер мен толықтыруларға қол қою құқығы ұсынылсын

3.      Осы Шешімнің №3 Қосымшасына сәйкес жаңа басылымда «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесі туралы ереже бекітілсін

4.      «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтатылсын: «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Кеңес Хамитұлы Ракишевтің; «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі - Тәуелсіз Директор Толеген Торебекович Тастанбековтің; Директорлар кеңесінің мүшесі - Акционер К.Х.Ракишевтің өкілі Әлкен Дәнелұлы Қуанбайдың; «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Павел Адильевич Мынжановтың; «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі - Тәуелсіз Директор Алишер Сайлауулы Ермековтың; «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі - Тәуелсіз Директор Петер Ян Шелленбергердің.

5.      «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің сандық құрамы үш адамнан кем емес мөлшерде анықталсын.

6.      «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің өкілеттіктері «БТА Банкі» АҚ Акционерлерінің Жалпы жиналысымен шешім қабылданған күннен бастап 3 жыл мерзімге белгіленсін.

7.1.  «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына Рифат Анварович Самигуллин «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі қызметіне «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің жалпы өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін сайлансын;

7.2.  «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі - Тәуелсіз Директор ретінде Толеген Торебекович Тастанбеков «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің жалпы өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейінгі мерзімге қабылдансын;

7.3.  «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі - Тәуелсіз Директор ретінде Петер Ян Шелленбергер «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің жалпы өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейінгі мерзімге қабылдансын;

7.4.  «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде Павел Адильевич Мынжанов «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің жалпы өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейінгі мерзімге қабылдансын;

7.5.  «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде Ольга Владимировна Питулова «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің жалпы өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейінгі мерзімге қабылдансын.

8.      Осы Шешімнің №4 Қосымшасына сәйкес «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы және шығындарды өтеу мөлшері және төлеу шарттары белгіленсін.