Главная

Жаңалықтар

2018 2017 2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз мамыр 

«БТА Банкі» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын өткізу туралы ХАБАРЛАМА

31.05.2018 19:45:00

«БТА Банкі» Акционерлік қоғамы, орналасқан мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050051, «Самал-2» ықшам ауданы, Жолдасбеков к-сі, 97, Директорлар кеңесінің шешіміне (2018 жылғы 31 мамырдағы №30 шешімі) сәйкес «БТА Банкі» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын шақыратындығын хабарлайды.

Акционерлердің жылдық жалпы жиналысын шақыру бастамашысы «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесі болып табылады.

«БТА Банкі» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы 2018 жылғы 02 шілде күні Алматы уақыты бойынша сағат 10:40, Алматы қ., «Самал-2» ықшам ауданы, Жолдасбеков көшесі, 97, Блок А-2, Мәжіліс залы, 12-қабат мекенжай бойынша өткізіледі. «БТА Банкі» АҚ акционерлерін тіркеу 2018 жылғы 02 шілде күні Алматы уақыты бойынша сағат 10:00 басталады. «БТА Банкі» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы «өтпеді» деп танылған жағдайда қайта өткізілетін жиналыс 2018 жылғы 03 шілде күні Алматы уақыты бойынша сағат 10:40, Алматы қ., «Самал-2» ықшам ауданы, Жолдасбеков көшесі, 97, Блок А-2, Мәжіліс залы, 12-қабат мекенжайы бойынша өткізіледі. «БТА Банкі» АҚ акционерлерін тіркеу 2018 жылғы 03 шілде күні сағат 10:00 басталады.

«БТА Банкі» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2018 жылғы 25 маусым күні сағат 00:00 жасалады.

«БТА Банкі» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының келесі Күн тәртібі:

1. «2017 жылғы «БТА Банкі» АҚ аудит жүргізілген шоғырландырылған және жекелеген (шоғырланбаған) жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы»

2. «2017 жылғы «БТА Банкі» АҚ таза кірісін бөлу тәртібін және «БТА Банкі» АҚ бір жәй акциясына есептелген дивиденд мөлшерін бекіту туралы»

3. «2018 жылғы «БТА Банкі» АҚ қаржылық есептілігіне аудит жүргізетін аудиторлық ұйымды анықтау туралы»

4. Қоғамның және оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне акционерлердің жүгінуі жөнінде мәселені қарастыру туралы»

«БТА Банкі» АҚ акционерлерін акционерлердің жылдық жалпы жиналысының жұмысына қатысуға шақырамыз.

Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі және өткізу мәселелеріне қатысты ақпаратпен және материалдармен 2018 жылғы 21 маусымнан бастап жұмыс күндері сағат 10:00 бастап 17:00 дейін: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., «Самал - 2» ықшам ауданы, Жолдасбеков к-сі, 97, «Блок, А2», мәжіліс залы,12-қабат, телефон +7 (727) 250-54-34, e-mail: zuzdyenova@bta.kz мекенжайы бойынша танысуға болады.

Акционерлердің жылдық жалпы жиналысын өткізуге байланысты сұрақтарға жауаптарды мына телефондар арқылы алуға болады: +7 (727) 250-54-34, e-mail: e-mail: zuzdyenova@bta.kz.

Жиналысты өткізу тәртібі «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының заңының 48 бабына сәйкес жүзеге асырылады.

Акционерлердің жылдық жалпы жиналысы 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-II «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының заңының 35- 52 баптарына сәйкес және Қазақстан Республикасының басқа заңнама нормаларына сәйкес өткізіледі.

Акционерлердің жалпы жиналысқа қатысу үшін жеке-тұлға - акционерлердің өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты болуы тиіс.

Акционерлердің өкілдері - жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделген сенімхаты және өкілдің жеке басын куәландыратын құжаты болуы тиіс. Заңды тұлға - акционерлердің өкілдері акционер болып табылатын заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған сенімхатты және өкілдің жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуы тиіс. Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе шарттарға сәйкес акционердің атынан сенімхатсыз әрекет етуге немесе оның мүдделерін ұсынуға құқылы тұлға үшін қаралатын мәселелер бойынша дауыс беруге сенімхат талап етілмейді.

Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша Директорлар кеңесі «БТА Банкі» АҚ акционерлеріне «қолдау» нұсқасымен дауыс беруді ұсынады.

Байланыстар үшін:

«БТА Банкі» АҚ Корпоративтік хатшысы

Узденова Зарина

+7 (727) 250-54-34, E-mail: zuzdyenova@bta.kz