Главная

Жаңалықтар

2018 2017 2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз мамыр маусым 

«БТА Банкі» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын өткізу туралы ХАБАРЛАМА

29.06.2018 11:43:05

«БТА Банкі» Акционерлік қоғамы, орналасқан мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050051, «Самал-2» ықшам ауданы, Жолдасбеков к-сі, 97, Директорлар кеңесінің шешіміне (2018 жылғы 29 маусымдағы №37 шешімі) сәйкес «БТА Банкі» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын өткізу күнін 2018 жылғы 02 шілдеден Астана уақыты бойынша сағат 10:40  2018 жылғы 28 тамызға Астана уақыты бойынша сағат 10:40 ауыстыратындығын, сонымен қатар «БТА Банкі» АҚ акционерлердің жылдық жалпы жиналысын өткізу орнының және «БТА Банкі» АҚ акционерлердің жылдық жалпы жиналысына қатысуға құқылы акционерлердің тізімін жасау күнінің өзгергендігін хабарлайды.

 

Акционерлердің жылдық жалпы жиналысын шақыру бастамашысы «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесі болып табылады.

 

«БТА Банкі» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы 2018 жылғы 28 тамызда күні Астана уақыты бойынша сағат 10:40, Алматы қ., «Самал-3» ықшам ауданы, Медеу ауданы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 242-үй, Мәжіліс залы, 4-қабат мекенжайы бойынша өткізіледі. «БТА Банкі» АҚ акционерлерін тіркеу Астана уақыты бойынша сағат 10:00 басталады.

«БТА Банкі» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы «өтпеді» деп танылған жағдайда, қайта өткізілетін жиналыс 2018 жылғы 29 тамыз күні Астана уақыты бойынша сағат 10:40, Алматы қ., «Самал-3» ықшам ауданы, Медеу ауданы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 242-үй, Мәжіліс залы, 4-қабат мекенжайы бойынша өткізіледі. «БТА Банкі» АҚ акционерлерін тіркеу Астана уақыты бойынша сағат 10:00 басталады.

 

«БТА Банкі» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2018 жылғы 10 тамыз күні сағат 00:00 жағдай бойынша жасалады.

«БТА Банкі» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының Күн тәртібі «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің 2018 жылғы 31 мамырдағы №30 Шешіміне сәйкес қалыптастырылды:

1.    «2017 жылғы «БТА Банкі» АҚ аудит жүргізілген шоғырландырылған және жекелеген (шоғырланбаған) жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы»

2.    «2017 жылғы «БТА Банкі» АҚ таза кірісін бөлу тәртібін және «БТА Банкі» АҚ бір жәй акциясына есептелген дивиденд мөлшерін бекіту туралы»

3.    «2017 жылғы «БТА Банкі» АҚ қаржылық есептілігіне аудит жүргізетін аудиторлық ұйымды анықтау туралы»

4.    Қоғамның және оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне акционерлердің жүгінуі жөнінде мәселені қарастыру туралы»

 

«БТА Банкі» АҚ акционерлерін акционерлердің жылдық жалпы жиналысының жұмысына қатысуға шақырамыз.

 

Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі және өткізу мәселелеріне қатысты ақпаратпен және материалдармен 2018 жылғы 10 тамыздан бастап жұмыс күндері сағат 10:00 бастап 17:00 дейін:  Қазақстан Республикасы, Алматы қ., «Самал - 2» ықшам ауданы, Медеу ауданы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 242-үй, Мәжіліс залы, 4-қабат, телефон +7 (727) 250-54-34, e-mail: zuzdyenova@bta.kz мекенжайы бойынша танысуға болады.

 

Акционерлердің жылдық жалпы жиналысын өткізуге байланысты сұрақтарға жауаптарды мына телефондар арқылы алуға болады: +7 (727) 250-54-34, e-mail: e-mail: zuzdyenova@bta.kz.

Жиналысты өткізу тәртібі Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы №415-ІІ «Акционерлік қоғамдар туралы» заңының (әрі қарай – Заң) 48-бабына сәйкес   жүзеге асырылады.

Акционерлердің жылдық жалпы жиналысы Заңның 35-52-баптарына сәйкес және Қазақстан Республикасының басқа заңнама нормаларына сәйкес өткізіледі.

 

Акционерлердің жалпы жиналысқа қатысу үшін жеке-тұлға - акционерлердің өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты болуы тиіс.

 

Акционерлердің өкілдері - жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделген сенімхаты  және өкілдің жеке басын куәландыратын құжаты болуы тиіс. Заңды тұлға - акционерлердің өкілдері акционер болып табылатын заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған сенімхатты және өкілдің жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуы тиіс. Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе шарттарға сәйкес акционердің атынан сенімхатсыз әрекет етуге немесе оның мүдделерін ұсынуға құқылы тұлға үшін қаралатын мәселелер бойынша дауыс беруге сенімхат талап етілмейді.



 

 

Байланыстар үшін:

«БТА Банкі» АҚ  Корпоративтік хатшысы

 Узденова Зарина 

+7 (727) 250-54-34, E-mail: zuzdyenova@bta.kz