Главная

Жаңалықтар

2018 2017 2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз мамыр маусым тамыз 

БТА-ның пайдасына Англияның Жоғарғы Сотының шешіміне қатысты

24.08.2018 06:16:17

«БТА Банкі» АҚ активтерді қайтару процесі аясында жүргізілетін жұмыс нәтижесінде британдық сотпен Ильяс Храпуновты БТА-ның пайдасына шамамен 500 млн. долларды қайтаруды міндеттейтін шешім шығарғандығын хабарлайды. 

 

Ильяс Храпуновтың ісі бойынша осы шешімді алу үшін БТА зор жетістікке қолжеткізді.

Сот жалпы сомасы 499 961 783,01 АҚШ долларды құрайтын БТА талаптары аясында Ильяс Храпунов мырзаға қатысты шешім қабылдады.

 

Осы шешім соңғы алты ай ішінде белсенді сот дауларының шыңы болып саналады.

 

Келесі қадам алынған шешімдердің Швейцарияда қабылдануы болып табылады, себебі жауапкер – Ильяс Храпунов – осы елдің резиденті болып саналады.

 

Жалпы, бүгінгі күні БТА-ның барлық күші сот шектеулерін анықтау және тыйым салу және ұрланған активтерді қайтару мақсатында Лондондағы және басқа да юрисдикциялардағы заңи кеңесшілердің жұмысына жұмылдырылған.  БТА  барлық сот дауларына қатысты оң шешімдердің қабылданатындығына сенеді.

 

 

БАҚ арналған байланыстар:

BTA Bank

Tel: +7(727) 250 40 44

Email: pr@bta.kz   

Website: www.bta.kz