Главная

Жаңалықтар

2018 2017 2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз мамыр маусым тамыз қазан 

Қырғыз Республикасындағы «БТА Банк» ЖАҚ Басшысының қамауға алынуы туралы

04.10.2018 03:31:04

Қазақстан Республикасындағы «БТА Банкі» АҚ Қырғыз Республикасындағы «БТА Банк» ЖАҚ Директорлар Кеңесінің Төрағасы Темир Рыскуловтың Қырғыз Республикасының ІІМ тергеу органдарымен 2018 жылғы 11 қыркүйекте қамауға алынғандығын хабарлайды. 

 

Осыған байланысты 13.09.2018 ж. «БТА Банк» ЖАҚ-на қылмыстық істің сипаты туралы түсініктеме беру туралы ресми сұрау жіберілгендігін хабарлаймыз. Қырғыз Республикасының ІІМ Тергеу қызметі «БТА Банк» ЖАҚ-на тергеудің БТА Банкінің қызметіне және Т.Рыскуловтың банктегі қызметіне байланысты еместігін және жылжымайтын мүлік саласындағы оның жеке істеріне байланысты екендігін ресми түрде хабарлады.

 

Осылайша, бұл жағдай штаттық режимде жұмысын жалғастыратын Қырғыз Республикасындағы «БТА Банк» ЖАҚ қызметіне кері әсер етпейді. Тергеу уақытында Темир Рыскулов қызметінен босатылды және оның «БТА Банк» ЖАҚ Директорлар кеңесі төрағасының өкілеттіктері тоқтатылды.  «БТА Банк» ЖАҚ Директорлар кеңесі төрағасының міндеттерін орындау С.Б.Шайиковқа жүктелді. 

 

 

 

БАҚ арналған байланыстар:

«БТА Банкі» АҚ

Tel: +7(727) 250 40 44

Email: press@bta.kz   

Website: www.bta.kz