Главная

Жаңалықтар

2018 2017 2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз мамыр маусым тамыз қазан 

«БТА Банкі» АҚ рейтингтің белгіленуі туралы

11.10.2018 15:45:53

«S&P Global Ratings» Халықаралық агенттігі «Тұрақты» болжамымен «B/B» деңгейінде шетелдік және ұлттық валютадағы міндеттемелер бойынша «БТА Банкі» АҚ ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кредиттік рейтинг белгіледі. Ұлттық шкала бойынша БТА «kzBB» деңгейінде рейтинг белгіленді.

 

Рейтингтік агенттік талдаушыларының пікірі бойынша БТА көптеген ұйымдармен салыстырғанда, борыштық жүктемесінің деңгейі төмен компания ретінде сипатталады. Қазіргі уақытта БТА тобының бас ұйым деңгейінде борштары жоқ және ақшалай түсімдері өтімділікке сұраныстарды қамтамасыз ету үшін жеткілікті. Сонымен қатар рейтингтік агенттік БТА басқарушы командасының біліктілігін жоғары деңгейде бағалайды.

 

S&P берілген рейтинг деңгейі активтер сапасын жақсарту және өзінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында маңызды жұмыстардың және алдыңғы жылдары қабылданған компания шараларының нәтижесі болып табылады.

 

«Оң кредиттік рейтингтің белгіленуін жемісті әрі табысты компанияны құру жолындағы маңызды қадамдардың бірі деп бағалаймыз. Аталмыш рейтинг – бұл нарықтағы тұрақты орнымыздың, басқару құрылымының және даму стратегиясының тиімділігінің қосымша растамасы. Осы жағдай инвестициялық қоғамдастықпен оң қабылданады деп ойлаймыз, сәйкесінше бұл бізге болашақта аймақтағы жетекші бизнес-тобының біріне айналуға мүмкіндік береді» - деп «БТА Банкі» АҚ Басқарма Төрайымы Әсел Орумбаева пікір білдірді.

 

 

БАҚ арналған байланыстар:

«БТА Банкі» АҚ

Tel: +7(727) 250 40 44

Email: pr@bta.kz   

Website: www.bta.kz