Главная

Жаңалықтар

2019 2018 2017 2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
мамыр маусым 

2019 жылғы 17 маусымда өткізілген «БТА Банкі» АҚ акционерлерінің ашық кезектен тыс жалпы жиналысындағы дауыс беру қорытындылары туралы

28.06.2019 08:58:20

«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының заңының 51-бабына сәйкес «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесі 2019 жылғы 17 маусымда сағат 10:40 бастап сағат 11:05 дейін, Қазақстан Республикасы, 050059, Алматы қаласы, Медеу ауданы, «Самал-3» ықшам ауданы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, №242-үй, мәжіліс залы, 4-қабат мекенжайында өткен БТА Банкі» АҚ акционерлерінің ашық кезектен тыс жалпы жиналысындағы дауыс беру қорытындылары туралы хабарлайды.

 

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының Күн тәртібіне енгізілген мәселелер және дауыс беру қорытындыларын (нәтижелерін) көрсетумен Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысымен қабылданған шешімдер: Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының Күн тәртібіндегі мәселе: 1. «БТА Банкі» АҚ Жарғысын жаңа басылымда бекіту туралы».

 

«БТА Банкі» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының Күн тәртібіндегі мәселе: ««БТА Банкі» АҚ Жарғысын жаңа басылымда бекіту туралы».

 

Акционерлердің жалпы жиналысымен қабылданған шешім, және дауыс беру қорытындысы (нәтижесі):

 

1. Осы Хатамаға №1 Қосымшаға сәйкес «БТА Банкі» АҚ Жарғысын жаңа басылымда бекіту;

2. «БТА Банкі» АҚ жаңа басылымдағы Жарғысы күшіне енген күннен бастап, барлық өзгерістерімен және толықтыруларымен «БТА Банкі» АҚ Жарғысы  (2015 жылғы  14 қыркүйектегі №75 Хаттама, Акционерлердің жалпы жиналысымен бекітілген және 2015 жылғы 30 қазанда Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен тіркелген) өзінің күшін жойған болып саналады.

3. «БТА Банкі» АҚ Басқарма Төрайымы Ә.А.Орумбаеваға  «БТА Банкі» АҚ жаңа басылымдағы Жарғысына қол қою өкілеттігі берілсін.

 

«БТА Банкі» АҚ жалпы дауыс беретін акциялары – 611 923 130 106. Акционерлердің жалпы жиналысына қатысу үшін тіркелген акционерлердің жалпы дауыс саны 598 424 992 779 құрады. «Қолдайтындар» – 598 424 992 779, «қарсы болғандар» – 0, «қалыс қалғандар» –0, дауыс беруге қатыспағандар – 0. Шешім дауыс беруге қатысатын «БТА Банкі» АҚ дауыс беретін акцияларының жалпы санының жәй көпшілігімен қабылданды.