Главная

Жаңалықтар

2019 2018 2017 2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
мамыр маусым шілде 

Нью-Йорк Федералды соты БТА пайдасына шешім шығарды

11.07.2019 22:00:00

Алматы, 2019 жылғы 11 шілде – Ұрланған ақша қаражаттарын АҚШ-та жылжымайтын мүлікті сатып алу арқылы жылыстату бойынша «БТА Банкі» АҚ бұрынғы Директорлар кеңесінің төрағасын айыптау туралы істі қарау аясында 2019 жылғы 3 шілдеде Нью-Йорк Федералды Соты Мұхтар Әбілязовты БТА Банкінің шағымы бойынша заңи алымдарды төлеуді міндеттеді. Алым сомасы іс жүргізу барысында сотпен анықталады.

АҚШ халықаралық судьясы Кэтрин Паркер Әбілязов Франциядағы сот даулары кезінде «әңгімелесуге ұмтылмағандығын» мәлімдеді, осы сот барысында ол өзінің телефон нөмірін білмейтіндігін айтты және 2009 жылы Қазақстаннан қашқан кезде бухгалтерлік қызметтерді қолдандыңыз ба деген сұраққа жауап берген жоқ.

«Әбілязовтың бағынбаушылығы ерекше үрей тудырады, дәлелдердің жетіспеушілігі оның қорғалуына мүмкіндік береді», - деп мәлімдеді Паркер 3 шілдедегі өзінің қаулысында. «Бұл бас тарту әдейі жасалады».

БТА Банкінің өкілі Boies Schiller Flexner LLP компаниясының құқық жөніндегі консультанты Мэтью Л. Шварц «оң шешім Әбілязовтың сот шешімінен және сот процесіне шынайы қатысудан бірнеше рет бас тартуының арқасында қол жетті» деп санайды.

Судья Паркер, сотқа Мұхтар Әбілязовтың осы күнге дейін ешқандай құжаттарды ұсынбағандығын растады, бірақ Әбілязов құжаттардың Нью-Йорктегі оның адвокатында бар екендігін мәлімдеген болатын. Сонымен қатар судья Әбілязовқа қылмыстық ұйымның халықаралық мәртебесін растайтын өзін қорғау барысында қандай да бір дәлелдерді жасырмауын алдын ала ескертті.

Естеріңізге салайық, 2016 жылғы 13 маусымда АҚШ, Вирджиния штаты, Фэрфакс округтік сотына Әбілязовтың қарындасы Гауһар Құсайынованың әрекеттеріне қатысты шығындарды өтеу және БТА Банкінің өзге талаптарын қанағаттандыру туралы талап-арыз берілді. Сотта бұл БТА-ның ұрланған активтеріне қатысты операцияларды жүзеге асыруға Әбілязовқа ықпал етумен байланысты құқықққа қарсы әрекет екендігі анықталды. Әбілязов БТА-ға қарсы басқа қылмыстық әрекеттерімен қатар, Құсайыноваға БТА-дан ұрланған ақша қаражаттарының бір бөлігін, шамамен 6 млн. $ заңсыз аударған. Түскен ақша қаражаттарын Құсайынова жеке мақсаттарына, соның ішінде АҚШ-та люкс жылжымайтын объектілерді сатып алуға жұмсаған.

2016 жылы осыған ұқсас талап-арыздармен Әбілязовтың активтерін сырттай басқарушы, ағылшын сотымен тағайындалған – Джон Милс және Дэвид Стэндиш сотқа жүгінді. Сыртқы басқарушылармен талап-арыз беру негіздемесі – активтерді және сыртқы басқарушылардың басқаруындағы активтерді оқшаулау туралы бұйрыққа енгізілген ақша қаражаттарының көп бөлігін Құсайынованың Әбілязовтың үлестес компаниялары – Denmar Assets Management және Devesta Limited арқылы алуы. Кейінірек БТА және сыртқы басқарушылар талап-арызды біріктіру туралы қолдаухат берді, бұл 2017 жылғы 19 сәуірде сотпен қабылданды.

 

*****

БАҚ арналған байланыс:

БТА Банкі

Tелефон: +7 (727) 266-47-99 (ішкі 4799)

Электронд пошта:

press@bta.kz

Вебсайт:

www.bta.kz