Главная

Жаңалықтар

2019 2018 2017 2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
мамыр маусым шілде 

Англияның Жоғарғы соты Мұхтар Әбілязовты тұтқындауға жаңа ордер шығарды

25.07.2019 19:42:51

Алматы, 2019 жылғы 25 шілде   «БТА Банкі» АҚ 2019 жылғы 16 шілдеде Англияның Жоғарғы сотының судьясы Тир «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің бұрынғы басшысы М.Әбілязовты 2012 жылғы ақпанда шығарылған сотқа құрметсіздігі үшін 22 айға тұтқынға қамау туралы қаулының мерзімін ұзартқандығын хабарлайды.

Тұтқынға алу туралы қаулы полиция органымен және/немесе сот қызметкерімен М.Әбілязов Ұлыбританиядан кеткен жағдайда жазасын өтеу үшін оны ұстау және түрмеге жеткізу бойынша шығарылатын кезекті ресми құжат болып табылады. Құжат екі жылға беріледі, ал одан кейін кезекті мерзімге ұзартылады. Банк аталмыш құжаттың мерзімін ұзарту бойынша тұрақты жұмыстар жүргізуде.    

Тұтқынға алу туралы негізгі қаулы 2012 жылғы 16 ақпанда Англияның Жоғарғы сотымен қабылданды. М.Әбілязов бірнеше рет жалған жауаптар берді, сотқа жалған құжаттар ұсынды, сол құжаттармен Банктен активтер мен мәмілелер жасырынды, сонымен қатар сот отырыстарына келмеді. Осыған байлансты, сот М.Әбілязовты сотқа құрметсіздігі үшін 22 ай мерзімге түрмеге қамау туралы шешім қабылдады. 

Тұтқынға алу туралы шешім М.Әбілязовтың өз активтерін толығымен көрсету, осы активтерге қатысты қандай да бір әрекеттерді тоқтату және барлық активтерді қайтару туралы сот бұйрығын сақтауға мәжбүрлеуге бағытталған, бірақ жауапкер соттың бұйрығын бұзды.

Сонымен қатар 2019 жылғы 3 шілдеде АҚШ жылжымайтын мүлікті сатып алу арқылы ұрланған ақша қаражаттарын жылыстату бойынша «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің бұрынғы басшысы М.Әбілязовты айыптау туралы істі қарастыру аясында АҚШ әлемдік судьясы Кэтрин Паркер, Франциядағы сот даулары кезінде М.Әбілязовтың «әңгімелесуге ұмтылмағандығын» мәлімдеді, осы сот барысында ол өзінің телефон нөмірін білмейтіндігін айтты және 2009 жылы Қазақстаннан қашқан кезде бухгалтерлік қызметтерді қолдандыңыз ба деген сұраққа жауап берген жоқ.

«Әбілязовтың бағынбаушылығы ерекше үрей тудырады, дәлелдердің жетіспеушілігі оның қорғалуына мүмкіндік береді», - деп мәлімдеді Паркер 03 шілдедегі өзінің қаулысында. «Бұл бас тарту әдейі жасалды».

 

Судья Паркер, сотқа Мұхтар Әбілязовтың осы күнге дейін ешқандай құжаттарды ұсынбағандығын растады, бірақ Әбілязов құжаттардың Нью-Йорктегі оның адвокатында бар екендігін мәлімдеген болатын. Сонымен қатар судья Әбілязовқа қылмыстық ұйымның халықаралық мәртебесін растайтын өзін қорғау барысында қандай да бір дәлелдерді жасырмауын алдын ала ескертті.

 

 

 

***

БАҚ арналған байланыс:

БТА Банкі

 

Tелефон: +7 (727) 266-47-99 (ішкі 4799)

Электронд пошта: press@bta.kz

Вебсайт: www.bta.kz