Главная

Жаңалықтар

2019 2018 2017 2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
мамыр маусым шілде тамыз қыркүек 

М.К.Әбілязовтың бақылауындағы компаниялардың мүлкіне тыйым салу туралы

19.09.2019 15:27:15

2019 жылғы 28 тамызда бірқатар БАҚ-да «БТА Банкі» АҚ мен «Атыраумунайгазгеология» АҚ арасында сот дауларының нәтижесінде «Атыраумунайгазгеология» АҚ жұмысшыларының жаппай қызметтен кетуі туралы ақпарат жарияланды. Мақала авторлары Атырау облысының болжамды «әлеуметтік жарылысы» туралы жазған еді. Бұл жағдайда дәлел ретінде даудың бір жақты тарабы – компания директоры Аскар Нугумановтың сөздері ғана ұсынылған.

БАҚ-да жауапкер өкілі «Атыраумунайгазгеология» директоры Аскар Нугуманов былай деп мәлімдеді: Жұмысшылардың жұмыстан кетуі — бұл Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Тергеу тобының басшысы Сергей Перовтың  2019 жылғы 14 маусымда қабылдаған «Атыраумунайгазгеология» АҚ 100% акциясына тыйым салу туралы шешімінің салдары».

 

Бұл мәлімдеменің шындыққа жанаспайтындығын және даудың жоқтығын мәлімдейміз. Нугуманов мырза туындаған дауларға кінәлі деп көрсеткен «БТА Банкі» АҚ-ның  жаппай қызметтен кету фактісіне ешқандай қатысы жоқ. Растама ретінде оқиғаның егжей-тегжейлі хронологиясымен танысуды  ұсынамыз.

 

2007 жылғы мамырда Мұхтар Әбілязов және оның сыбайластары Belinia Holdings LTD (әрі қарай - Belinia) компаниясын кредиттеу арқылы 100 миллион АҚШ доллар мөлшерінде «БТА Банкі» АҚ ақша қаражаттарын ұрлаған. Бұл факті Алматы Мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен 2017 жылғы 7 маусымда анықталды.

 

Кредиттік ақша қаражаттарының жартысы Сафина отбасының бақылауындағы компанияларға аударылған. «Атыраумунайгазгеология» АҚ (әрі қарай – АМГГ) 2007 жылғы 22 мамырда 25 миллион АҚШ доллар «кеткен». Олар 3 миллиард теңгеге айырбасталып, 2007 жылғы 17 мамырда үшжақты жасалған сатып алу-сату шарттарына сәйкес АМГГ жаңа эмиссиялы акцияларын сатып алу түрінде аударылған.

 

Тағы 25 миллион АҚШ доллар 2007 жылғы 30 мамырда MTA Securities&Investments Limited (әрі қарай - МТА) шоттарына аударылған. Бұл сома 2007 жылғы 15 мамырда үшжақты жасалған келісімдерге сәйкес қайта шығарылған акцияларды артықшылықпен сатып алу құқығы үшін төлем түрінде АМГГ бұрын шығарылған акцияларының жалғыз меншік иесі ретінде МТА аударылған.

 

Екі жағдайда сатып алушылар ретінде Әбілязовтың бақылауындағы Zafferant Partners Inc. (әрі қарай – Zafferant), Aldridge Ventures ltd. (әрі қарай – Aldridge) және Branden&Assiciates ltd. (әрі қарай – Branden) компаниялары қатысқан. Осы аталған компаниялар арқылы Belinia «БТА Банкі» АҚ кредиттік қаражаттарын «өткізген».

 

Жүргізілген мәмілелер нәтижесінде АМГГ акционерлері болып  Әбілязовтың бақылауындағы Zafferant, Aldridge және Branden (50,12%) және Сафина отбасының бақылауындағы МТА компаниясы (49,88%) атанған.

 

Осы жылдың шілде айының ортасында «БТА Банкі» АҚ Zafferant, Aldridge және Branden компанияларына жалпы сомасы 6,1 миллиард теңге мөлшерінде кредит береді. Кепілді қамтамасыз ету ретінде АМГГ жалпы көлемі 50,12% акцияларын кепілге беру туралы үшжақты шарт жасалады.

 

Кейінірек АМГГ акционерлерінің шешімі бойынша акционерлерінің құрамы бірдей: Zafferant Partners Inc. (16%), Aldridge Ventures ltd. (18,12%), Branden&Assiciates ltd (16%), МТA Securies&Investments Limited (49,88%) екі акционерлік қоғам - «Атыраумунайгазгелогия» АҚ және «North Caspian Petroleum» АҚ (әрі қарай - NCP) қайта құрылады. Бұл ретте АМГГ 50,12% акциясы түрінде кепілді қамтамасыз ету 2008 жылғы 9 желтоқсандағы кепіл шарттарына сәйкес NCP 50,12% акциясына ауыстырылған. Бірақ кепіл шарттары тиісті түрде тіркелмеген, бұл МТА акцияларды  кепілден шығаруға және келесі жағдайларда үшінші тұлғаларға сатуға мүмкіндік берді.

 

Бәріне белгілі, 2009 жылы Мұхтар Әбілязов Қазақстан аумағынан қашып кетті. Осыдан кейін дереу MTA компаниясының директоры Жанна Сафина АМГГ акцияларын сатып алу-сату шарттарын бұзу туралы келісімге қол қояды, нәтижесінде АМГГ және NCP акциялары түріндегі кепілдегі мүлік 1 АҚШ доллар бағада Әбілязовтың бақылауындағы Zafferant, Aldridge және Branden компанияларынан Сафинаның бақылауындағы MTA компанияның иелігіне өтеді.

 

«БТА Банкі» АҚ-на кепіл түрінде 50,12% NCP акциясы ұсынылғандығын естеріңізге саламыз, бірақ Сафина және Әбілязовтың бақылауындағы тұлғалардың әрекеттері нәтижесінде, банк Әбілязовтың Zafferant, Aldridge және Branden компанияларының 6,1 миллиард АҚШ доллар сомасындағы қарыздары бойынша NCP акциясы есебінен өтемақыны алу мүмкіндігінен айырылады. Осы қарыздар бойынша «БТА Банкі» АҚ алдындағы жоғарыда аталған компаниялардың берешегі әлі күнге дейін өтелмеді.

 

Соңғы жылдары «БТА Банкі» АҚ ұрланған активтерді қайтару бойынша көп жұмыстарды атқарып жүр. Мұхтар Әбілязовқа және оның сыбайластарына қарсы қылмыстық іс 100 томнан асады, ұрланған активтер кезеңмен қайтарылып, зор жұмыстар жүргізілуде және көптеген сот даулары өтіп жатыр.

 

«БТА Банкі» АҚ талап-арызы бойынша Алматы қ. МАЭС 22.07.2019 ж. қаулысымен Алматы қ. МАЭС 07.06.2017 ж. М.К.Әбілязовқа бағынған компаниялардың - АМГГ және NCP 3 миллиард теңге мөлшерінде, сондай-ақ МТА –  25 миллион АҚШ доллар мөлшерінде мүліктерін өндіріп алу арқылы М.К.Әбілязовтан зиянды өндіріп алу туралы үкімінің орындалу тәсілі мен тәртібі өзгертілді.

 

Журналисттерге берген сұхбатында Аскар Нугуманов былай деп  мәлімдеді: «Жұмысшылардың жұмыстан кетуіне себеп болған Алматы қ. МАЭС қаулысы негізсіз және заңсыз, материалдық және процессуалдық құқық нормаларын өрескел бұзумен шығарылған, ал «Атыраумунайгазгеология»  АҚ қылмыскер Әбілязовтың бақылауында болғандығы істің нақты мән-жайларына сәйкес келмейді деп санаймыз».

 

Бірақ 28 тамызда апелляциялық инстанция қаулысымен МАЭС 22 шілдедегі шешімі өз күшінде қалдырылды.

 

Сонымен қатар 2019 жылғы 2 шілдеде «БТА Банкі» АҚ Алматы қ. МАЭС 2009 жылғы 15 маусымдағы мәмілелерді жарамсыз деп тану салдарын қолданумен МТА меншігіне Zafferant, Aldridge және Branden компанияларынан АМГГ және NCP 50,12% акцияларын ақысыз қайтару туралы келісімді жарамсыз деп тану жөнінде талап-арыз берілді.

 

Нугуманов мырза, «Атыраумунайгазгеология» АҚ жұмысшыларының жаппай жұмыстан кету фактісін көрсете отырып, оған «БТА Банкі» АҚ «кінәлі» деп санайды. Бұл ретте өзі басқаратын компания өз уақытында Мұхтар Әбілязов құрған алаяқтық схеманың қатысушысы болғандығын жарияламайды. Көп жыл өткеннен кейін сот шешімі бойынша «БТА Банкі» АҚ ұрланған активтердің бір бөлігін қайтаруға мүмкіндік алды.

 

«БТА Банкі» АҚ-мен АМГГ жұмысын тоқтату бойынша ешқандай шаралар қолданылмады. Ұрланған қаражаттарды қайтару үшін тұрақты әрекет ететін кәсіпорын қажет. Басқа жағдайда, активтерді қайтару процесінің күші болмайды.

 

Неге Аскар Нугуманов «БТА Банкі» АҚ беделі есебінен компания акционерінің шешімін жасырады деген сұрақ туындайды. Сонымен қатар 2019 жылғы 16 қыркүйекке дейін АМГГ және NCP компанияларынан «БТА Банкі» АҚ пайдасына ақша қаражаттарын өндіріп алу туралы заңды күшіне енген сот актісі мәжбүрлі орындауға ұсынылған жоқ.

 

Осыған орай, мақалада көрсетілген АМГГ және НСП компанияларының жұмыстарын уақытша тоқтату және жұмысшылардың жұмыстан кетуі туралы мәліметтер шынайы болып табылмайды және заңдылығы бойынша жергілікті қадағалаушы органдармен тексерілуге жатады.



*****

БАҚ арналған байланыстар:

БТА Банкі

 

Tелефон: +7 (727) 266-47-99 (ішкі 4799)

Электронды пошта: press@bta.kz

Вебсайт: www.bta.kz