Қолдану шарты
Құрметті "БТА Банкі" АҚ сайтына кірушілер!
Бұл ресми хабарлама осы сайтты, сондай-ақ "БТА Банкі"АҚ-ының басқа да сайттарын дұрыс пайдалану тәртібін белгілейді. Осы сайтты, сондай-ақ, «БТА Банкі» АҚ-ының басқа да сайттарын пайдалана отырып, сіз ресми хабарламада белгіленген тәртіптерге өз келісіміңізді білдіресіз.
Веб-сайтта ұсынылған материалдарды көкейкесті етуге күш сала отырып «БТА Банкі» АҚ веб-сайттарында баяндалған ақпараттардың жетімділігіне, дәлдігіне, толықтығы мен сенімділігіне кепілдік бере алмайды. Демек, сіз бізден хабарлама хат алмайынша «БТА Банкі» АҚ сайттарында жарияланған мәліметтерге толығымен сене алмайсыз. «БТА Банкі» АҚ сайттарында орналастырылған ақпарат «сол күйінде» (ешбір қолдаусыз және кепілдіксіз) ұсынылған. «БТА Банкі» АҚ кез келген белгілі бір және ұйғарынды кепілдіктерді, оның ішінде сатып алуға, сатуға қатысты барлық кепілдіктерді қоса немесе «БТА Банкі» АҚ сайттарында жарияланған кез келген материалдар мен интерактивтік қызметтерді белгілі бір мақсатта пайдалануға қатысты кепілдіктерді қабылдамайды.
«БТА Банкі» АҚ қандай да бір жағдайларда «БТА Банкі» АҚ сайтында ұсынылған материалдарды қолдануға байланысты тікелей/жанама және кез келген басқа залалдар үшін жауапкершілік көтермейді.
Сіздің жеке ақпараттарыңызды және жалпы ақпараттарды сақтау үшін сайт "cookies" сәйкестендірме файлдарын пайдалануға құқылы.
"Cookies" шағын мәтіндік файлдар болып табылады, олар интернет-сайтта сайтқа қайта кірушілерді, жетімділіктің оңайлығын және сайтқа кірушінің пайдалануын анықтау үшін, сондай-ақ сайтқа кірушілердің жазғандарын қадағалап және мазмұнын жақсартып, жалпы ақпаратты жинау үшін пайдаланады. Сайтты пайдалана отырып сіз біздің "cookies"-ті қолдануымызға қарсылығыңыз жоқтығын білдіресіз.
Сондай-ақ «БТА Банкі» АҚ сайттардағы ақпараттың қол жетімділігі, құрамы және оның құпиялылығын қамтамасыз ету саясаты үшін жауапты емес, аталған сайттардың сілтемелері «БТА Банкі» АҚ-ның сайттарында орналасқан.
«БТА Банкі» АҚ сайттарының беттерінде аталатын барлық сауда белгілері, фирма атаулары мен компаниялардың атаулары тіркелген немесе тіркелген болуы мүмкін және олар тиісті иелеріне тиесілі.