Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қыркүек қараша желтоқсан 

29.12.2005
Алматы: «ТұранӘлемБанк» АҚ Ақтөбе филиалының директоры Генриг Холодзинский «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды
«ТұранӘлем Банкі» АҚ төрағасының орынбасары Генриг Холодзинский жоғарғы мемлекеттік марапатқа ие болды. Банкир экономикада, әлеуметтік салада, ғылымда, мәдени және мемлекеттік қызметте жеткен жетістіктері арқылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

09.12.2005
Алматы: Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры мен ТұранӘлем банкі 14 желтоқсаннан бастап “Наурыз Банк Қазақстан” АҚ салымшыларының депозиттері бойынша кепілдік берілген өтемді төлей бастайтындығын жариялайды.
«ТұранӘлем Банкі» АҚ 14 желтоқсаннан бастап “Наурыз Банк Қазақстан” АҚ салымшыларының депозиттері бойынша кепілдік берілген өтемді төлей бастайды. Наурыз-банктің салымшылары төлемдерді Қазақстанның барлық аймақтарындағы «ТұранӘлем Банкі» АҚ-ның бөлімшелеріне келіп алады.

01.12.2005
Алматы: ТұранӘлем Банкі кәсіпкерлерге берілетін несиелер бойынша кепілдікпен қамсыздандырудың тек 5-ші бөлігін ғана талап етеді
"ТұранӘлем Банкі" АҚ мен “Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ (ШКДҚ) бірлесе отырып “Шағын кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру және оларға кепілдіктер беру туралы” келісімге қол қойды.

09.11.2005
Астана: ТұранӘлем Банкі студенттерге кепілді кпен қамсыздандырусыз несие береді
2005 жылғы 9 қарашада ТұранӘлем Банкі мен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Кепілдік берушінің несие беруші алдындағы қарыз алушы міндеттерінің орындалу жауапкершілігі туралы Бас келісімге қол қойды. Келісім Коммерциялық банктердің жоғары оқу орындары студенттеріне берілетін несиелерге кепілдік беру бағдарламасы аясында жасалды. Кепілдік міндеттемелерді жүзеге асыратын кепіл беруші «Қаржы орталығы» АҚ болып табылады.

20.09.2005
Алматы: ТӘБ 777,000,000 АҚШ доллары сомасына синдикатталған қарыз тартты
«ТұранӘлем Банкі» АҚ (Қазақстан) қазіргі кезде қазақстандық қарызгерлер тартып отырған ең ірі синдикатталған қарыздың кепілгері атанды. Бүгін Алматы қаласында 777 млн. АҚШ доллары сомасына жасалған мәміле жөніндегі келісімге қол қойылды. TuranAlem Finance B.V. сауданы қаржыландыру және қайта қаржыландыру мақсатында жылдық 70 базистік тармақтан тұратын маржамен 1 жылдық мерзімге қарыз тартты.