Жаңалықтар
2016 | 2015 | 2014 | 2013 | 2012 | 2011 | 2010 | 2009 | 2008 | 2007 | 2006 | 2005 |
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүек | қазан | қараша | желтоқсан |
29.12.2006
Қымбатты достар!
Сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз!
25.12.2006
"АвтоЛеди - әйелдерге арналған автонесиелендіру» акциясы бойынша екінші ұтыс ойындарының қорытындысы
2006 жылғы 08 желтоқсан күні 2006 жылдың 01 қыркүйегінен 30 қараша аралығында Банктен автонесие алған қарыз алушы әйел-қыздар арасында, дәлірек айтқанда Парижге екі адамға арналған сыйлық үшін екінші ұтыс ойындары өткізілгенін хабарлаймыз.
22.12.2006
TuranAlem Finance B.V.- ТұранӘлем банкінің еншілес компаниясы облигацияларды АҚШ долларымен орналастыруды көздеп отыр
Орналастыру қолданыстағы (Global Medium Term Note) бағдарлама аясында жоспарланып отыр және ол 2007 жылдың басында өтетін роудшоудан кейін нарықтық шарттарда дереу жүзеге асатын болады.
20.12.2006
ТұранӘлем банкі мен Темірбанктің директорлар кеңесінің құрамдары өзгерді
Директорлар кеңесі құрамына ТӘБ-нің 3 өкілі және 2 тәуелсіз директорлар енгізілді. Жаңа кеңестің сайлануы акционерлер құрамының өзгеруіне байланысты. Темірбанктың Басқармасы 5 адамнан 3 адамға дейін қысқарды, оның төрағасы болып Әбілахат Кебіров тағайындалды.
15.12.2006
ТұранӘлем банкінің интернет-банкингі . ТұранӘлем Банкі әрқашан жаныңызда!
Кез келген ақпарат түрін берудегі интернеттің қолайлылығы мен оның шексіздігінің арқасында тұлғаның орналасқан жеріне қарамастан байланысты қолдау мүмкіндігін клиенттерді тартуға және оларға қызмет көрсетуде заманауи технологияларға жүгінетін алдыңғы қатарлы көптеген компаниялар жоғары бағалады. Мұндай компаниялардың қатарында банк те бар.
13.12.2006
Веналық опера балының бас демеушісі
ТұранӘлем банкінде Веналық опера балы сияқты классикалық музыка мен би мерекесіне бас демеуші болуға шешім қабылданды. Сөйтіп Еуропаның императорлар сарайларының ғажайып дәстүрлерінің Қазақстанда сән-салтанат құруына мүмкіндік туғалы отыр.
13.12.2006
Қазақ киносының алтын қорындағы 20 үздік фильм бойынша халықтық таңдау қорытындысы жарияланды
Бүгін баспасөз мәслихатында бірінші кезекте қайта өңдеп, қалпына келтіру үшін талқыға түскен 50 киноның ішінен ең көп дауысқа ие болған 20 киноның тізімі жарияланды.
12.12.2006
ТМД-да алғаш рет еуробондтар фунт стерлингтерімен орналастырылды
ТМД-да алғаш рет еуробондтар ағылшынның фунт стерлингтерімен орналастырылды. Облигацияларды TuranAlem Finance B.V. жылдық 7.125% купонмен шығарды және ТӘБ-імен кепілдендірілген. Орналастыру көлемі – 200 миллион фунт стерлингтерін құрады, сәтті өткізілген non-deal роуд-шоу-дан кейін бастапқы жарияланған 150 млн. фунт стерлингтері көтерілді. Облигацияларды 50-ден астам компаниялардың ішінен мәміле букраннері - Deutsche Bank' орналастырды және орналастырылғаннан кейін 3 жылдан кейін өтелуі мүмкін.
04.12.2006
Standard and Poor's рейтинг агенттігі ТӘБ рейтингілік болжамын «тұрақтыдан» «позитивтіге» көтерді
Standard and Poor's қазақстандық «ТұранӘлем Банкі» АҚ–ның (ТӘБ) рейтингі бойынша болжамын «тұрақтыдан» «позитивтіге» өзгертті. Сонымен бірге ТӘБ несиелік рейтингі «ВВ» ұзақмерзімді және «В»қысқамерзімді болып бекітілді
01.12.2006
Итоги журналының бағалауымен ТұранӘлем банкі «ТМД-дағы жыл банкі» атанды
30 қараша күні Мәскеуде Банкир Күні мерекесі салтанатында ТұранӘлем банкі «ТМД-дағы жыл банкі» деп танылды. Ол «Итоги» журналы жүргізген зерттеулер нәтижесі бойынша анықталды.
27.11.2006
Грузиннің «Құрмет» ордені алғаш рет шетелдік азаматтарға берілді
Жұма, 24 қараша күні Тбилисиде (Грузия) «Амирани» Арт-орталығында Грузияның Мәдениет министрі Георгий Габашвили мен ТӘБ Директорлар кеңесінің төрағасы Мұхтар Әбілязов «Тоғысу: Қазақстан-Грузия» Мәдениет фестивалін ашты. Фестиваль 26 қарашаға дейін созылды және ол ТӘБ тобы ұйымдастырып, толығымен демеушілік еткен бірқатар арт-жобалардан тұрды.
23.11.2006
«Отандағы концерттер. Жұлдыздар Шығыста туып, Батыста жарқырап жанады» атты екінші фестивалі ұйымдастырушылардың пікірінше жылдың айтулы оқиғасы болмақ
«ТұранӘлем Банкі» АҚ мен Марат Бисенғалиевтің Мәдени қоғамдық қоры «Отандағы концерттер» Екінші фестивалі аясында шетелде тұрып, жұмыс істеп жатқан әлемдік деңгейдегі қазақстандық жұлдыздардың өнерін тамашалауға тағы да зор мүмкіндік туғызды. Марат Бисенғалиевтің Мәдени қоғамдық қоры жобаны ТұранӘлем Банкінің демеушілігімен және Алматы қаласының Әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырып отыр.
16.11.2006
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің банкноталарын айырбастау басталды
Бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің 200, 500, 1000, 2000, 5000 және 10000 теңге номиналдарын жаңа үлгідегі банкноттарға айырбастау басталды. Ескі және жаңа үлгідегі банкноттар 2007 жылғы 15 қарашаға дейін қатар жүретін болады.
14.11.2006
Құрметті банктің клиенттері!
Сіздерді келе жатқан мереке ұлттық валютамыз – ТЕҢГЕ күнімен құттықтаймыз!
08.11.2006
ТұранӘлем Банкінің клиенттері Қырғызстандағы ұлттық жобаларға қатыспақ
ТұранӘлем банкі клиенттерінің Қырғызстан бизнесіне енуге деген зор қызығушылығы банктің директорлар кеңесінің төрағасы Мұхтар Әбләзов пен директорлар кеңесінің мүшесі Ерлан Тәтішевтің ҚР Президенті Құрманбек Бакиевпен және Қырғызстанның бірінші вице-премьер-министрі Данияр Үсеновпен кездесуіне арқау болды.
17.10.2006
ТұранӘлем Банкі топ-менеджерлерінің Оңтүстік Қазақстан облысының бизнес қоғамдастығымен кездесуі
Бүгін, 2006 жылғы 17 қазан күні «Шымкент» кинотеатрының ғимаратында облыс пен қала әкімшілігі басшыларының және Оңтүстік Қазақстан облысы бизнес қоғамдастығының ТұранӘлем банкінің топ-менеджерлерімен кездесуі басталды.
04.10.2006
Қазақ киносы алтын қорының топ-20 халықтық таңдауы жарияланды
Кәсіпкерлер мен журналистер барша отандастарымыздың қазақ киносының алтын қорындағы ең үздік және сүйікті фильмдерді одан әрі қалпына келтіру үшін SMS және интернет арқылы,сондай-ақ республикалық «Новое поколение» газетінің купондары арқылы дауыс беріп өз таңдауын жасауларына ұсыныс білдіріп отыр.
29.09.2006
Қазір клиенттердің соңында емес, алдында жүретін кез
«ТұранӘлем Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Мұхтар Әбіләзовпен сұхбат.
28.09.2006
ТұранӘлем банкі АҚ АҚШ-та жасалған жоғары сапалы тауарларды импорттайтын қазақстандық компанияларды қаржыландыру мүмкіндіктерін арттырады
Бұдан былай АҚШ-тың түрлі өндірушілерімен импорттық саудалық келісім жасауға қызығушылық танытушы қазақстандық ТұранӘлем банк клиенттері жоғары бәсекелестік жағдайда орта және ұзақ мерзімді қаржыландыруды пайдалануға мүмкіндік алды.
27.09.2006
Банкирлер ТМД елдерінің экономикасын дамытудағы халықаралық капитал нарығының рөлін талқылауда
Бүгін Алматы банкаралық VII конференциясы ашылды. Оның тақырыбы: «Халықаралық капитал нарығы және оның ТМД елдерінің экономикасы мен қаржы жүйесін дамытудағы рөлі»
25.09.2006
Эмитент үшін дамушы рыноктар мен Қазақстаннан ірі еуробондтар орналастырылды
ТұранӘлем банкі өткен аптада 5 жыл мерзімге, 6,25 пайыз жылдық купон мөлшерлемесімен дамушы елдер мен Қазақстаннан 500 миллион еурооблигацияны орналастырып, эмитент үшін ірі мәміле жасады.
18.09.2006
ТӘБ Славинвестбанкіндегі өз үлесін 51 пайызға жеткізбек
ТұранӘлем Банкі «Славинвестбанк» ААҚ жарғылық капиталындағы өз үлесін 2007 жылдың соңына дейін 51 пайызға жеткізуді жоспарлап отыр.
14.09.2006
ТұранӘлем Банкі мен Миттал Стил СМЕ Ресорс ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды
«Миттал Стил СМЕ Ресорс» ЖШС ( «Миттал Стил Теміртау»АҚ еншілес кәсіпорны) мен «ТұранӘлем Банкі » АҚ , Қарағанды облысы шағын және орта бизнесінің капиталды қорландыруын жеделдетіп және оның аймақтық экономиканы дамытуға ықпалын арттыруда бірлесе жұмыс істеуге шешім қабылдап, ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
13.09.2006
1,111 млрд. доллар дүниежүзілік синдикатталған қарыз тартылды
Синдикатталған қарызды ТұранӘлем банкінің еншілес компаниясы - TuranAlem Finance B.V. ТӘБ кепілдігімен тартты. 1, 111 млрд. АҚШ доллары көлеміндегі қарыз екі траншпен,18 ай және 3 жыл мерзімге тартылды.
13.09.2006
Қазақстандық банктер Теңізшевройл қызметкерлеріне қызмет көрсете бастайды
2006 жылғы 23 тамыз күні қазақстандық ТұранӘлем Банкі «Теңізшевройл»ЖШС-мен қызметтестік жөніндегі келісімге қол қойды.
13.09.2006
ТұранӘлем Банкі активтерді біріктіреді
ТұранӘлем Банктің жаңа стратегиясы жуырда өткен директорлар кеңесінің жиынында бекітілді.
12.09.2006
«Көшпенділер» Украинаны таңдандырды
Қазақстандық эпикалық «Көшпенділер» фильмінің орыс тіліндегі нұсқасының тұсаукесері 2006 жылдың 7 қыркүйегінде ТұранӘлем банкінің Киевтегі өкілдігінің ұйымдастыруымен аталмыш елдегі белгілі кинотеатрдың бірі –«Украинада» сәтті өтті.
08.09.2006
ТӘБ директорлар кеңесінің құрамы өзгерді және жарғылық капиталды көбейту туралы шешім қабылданды
«ТұранӘлем Банкі» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болып өтті. Банктің жарғылық капиталын 400 млн. АҚШ долларына көбейту туралы шешім қабылданды.
08.09.2006
Қымбатты Қазақстан журналистері!
Сіздерді кәсіби мереке — халықаралық журналистер ынтымастығы күнімен құттықтаймыз.
31.08.2006
ТұранӘлем банкі тарту еткен сөмкелермен мектепке барады
Еліміздегі Білім күніне орай ТұранӘлем банкінің Қоғаммен байланыс басқармасы банктің атынан қайырымдылық акциясын өткізді.
24.08.2006
ТұранӘлем Банкі акционерлері құрамына халықаралық инвесторлар консорциумы кірді
Бүгін шведтік East Capital инвестициялық тобын басқаратын және америкалық Firebird инвестқоры кіретін консорциум қазақстандық «ТұранӘлем Банкі» АҚ-ның австриялық Raiffeisen Internationalға тиесілі 351,139 дана (7,71%) жай акцияларын сатып алу туралы мәмілені аяқтады.
07.08.2006
ТӘБ интернет - банкингінің жаңа мүмкіндіктері
Бұдан былай сіз Digital TV кабельді телевидение мен Dalacom және Pathword ұялы байланыс қызметі үшін төлемдер жасай аласыз!
20.07.2006
Жезқазған мен Сәтпаев қалаларының әкімдері мен ТұранӘлем Банкі басшылары Қарағанды облысындағы бизнес қоғамдастығы өкілдерімен кездесті
Бүгін Жезқазған қаласындағы «Сары-Арқа» мәдени-ойын-сауық кешенінде Жезқазған мен Сәтпаев қалаларының әкімдері және ТұранӘлем Банкі басшыларының Қарағанды облысы мен ауылдарының бизнес қоғамдастығы өкілдерімен кездесуі өтуде.
20.07.2006
ТұранӘлем Банкі
Марапат туралы ресми түрде 13 шілде күні Лондонда жарияланды, ал "Үздік қызметі үшін" сертификатын банктің қаржы директоры Роман Солодченкоға "Euromoney" журналының ТМД мен Ресей елдері бойынша Директоры Мартин Борнның тапсыру салтанаты 24 шілде күні Алматыда өтеді.
19.07.2006
ТұранӘлем Банкі жеке тұлғалар мен шағын орта бизнесті қаржыландыруды арттыру үшін Азиялық даму банкінен несие алды
ТұранӘлем Банкі экономиканың барлық саласындағы шағын және орта бизнес кәсіпорындарын қаржыландыруды арттырып және жеке тұлғалар өнімдеріне несие беру үшін Азиялық даму банкінің(АДБ) несиелерін алды. 5 жыл мерзімге 75 миллион АҚШ доллары көлеміндегі несиенің бөлінуі жөніндегі келісімге Филиппиннің астанасы – Манилада қол қойылды.
14.07.2006
ТӘБ интернет-банкингінің жаңа мүмкіндіктері: Енді Сіз телефондау мен интернетке ену, ұялы байланыстың алдын ала төлемақылары картасын алу мүмкіндігіне ие боласыз!
2006 жылдың 13 шілдесінен бастап ТӘБ-нің қолданыстағы негізгі төлем карточкаларын пайдаланушылар ТұранӘлем Банкінің "Персональный РКО" интернет-жүйесі арқылы ұялы байланыстың алдын ала төлемақы карталарын алу, интернетке ену және телефондау мүмкіндігіне ие болды.
12.07.2006
Астананың жаңа әкімшілік орталығында “Бәйтерек” атты жаңа банктік қызмет көрсету орталығы ашылды
ТұранӘлем банкі Қазақстанның Астана күні мерекесіне өз үлесін қосты. Астананың жаңа әкімшілік орталығында “Бәйтерек” атты жаңа банктік қызмет көрсету орталығы ашылды.
04.07.2006
ТұранӘлем банкі исламдық синдикатталған несие алды
ТұранӘлем банкі 200 млн. АҚШ доллары көлемінде Мурабахтың исламдық несиесін алды.
04.07.2006
"Standard and Poor’s" ТұранӘлем банкінің рейтингін BB/STABIE/B деңгейінде бекітті
Банктің еншілес компаниясының мәмілесіне байланысты Халықаралық “Standard and Poor`s” рейтингілік компаниясы ТұранӘлем банкінің рейтингісін BB/STABIE деңгейінде деп бекітті.
04.07.2006
ТұранӘлем банкі 110 млн. АҚШ доллары көлемінде азиялық синдикатталған несие алды
ТұранӘлем банкі өзінің еншілес компаниясы TuranAlem Finance B.V. арқылы сәтті аяқталған және 2006 жылдың 30 маусымында қол қойылған 110 млн. АҚШ доллары көлемін құрайтын Азиялық синдикатталған несие алды.
06.06.2006
1 маусым Қазақстанның қалалары мен ауылдарында «Бақытты сәби» жобасы жүзеге асты
Маусымның 1-ші жұлдызында ТұранӘлем банкі қоғамдық ұйымдар мен үкіметтің бірлескен жобасын ықпалын білдіре отырып іске асырды. Аналарды сәбилерімен бірге құттықтау мақсатымен босану үйлерін аралап, рейд жүргізді.
06.06.2006
ТұранӘлем банкі тәуекелділікті азайтатын қаржы құралдарын дамытуды қолдайды
ТұранӘлем банкі екінші жыл қатарынан жыл сайын өтетін "Central Asia Trade and Export Finance Forum" халықаралық конференциясын қаржыландырды.
05.06.2006
ТұранӘлем банкі тұрғындардың жедел шотында 1 млрд. АҚШ долларды орналастырған Қазақстандағы алғашқы банк болды
Қазақстандықтар ТұранӘлем банкке деген сенімдерін дәлелдеді. ТӘБ жеке тұлғаның шотында 1 млрд. АҚШ доллары орналастырылған Қазақстандағы алғашқы банк болды.
02.06.2006
«ТұранӘлем Банкі» АҚ банк бизнесінде екінші рет халықаралық сыйлықтың лауреаты болды
«ТұранӘлем Банкі» АҚ банк бизнесі бойынша марапатқа ие болды. Алтын мүсінше мен “Халықаралық жобаларда белсенді қатысқаны үшін” деген номинацияда Gold Дипломы банктің Ресейдегі Бас өкіліне табыс етілді
31.05.2006
Қазақстанда алғашқы әлемдік деңгейдегі оркестр «Қазақстанның ТұранӘлем филармониялық оркестрі» құрылды
Бүгін Опера және Балет Театрының камерлі залында ортақ бренд туралы алғаш қазақстанда коммерциялық банк пен Қоғамдық қор арасында келісім жасалды. Келісімнің мақсаты - Қазақстанның «ТұранӘлемі» филармониялық оркестрін құру.
29.05.2006
ТұранӘлем банкі Қазақстан Республикасы нейрохирургиялық орталығына соңғы үлгідегі сымсыз ноутбукті сыйға тартты
ҚРНО орталығының басшысы, профессор Ақшолақов Серік Қуандықұлы орталықтың жұмысына қажетті ноутбукты алу үшін ТӘБ-ке қол ұшын беруде көмек сұрап келді. Жыл сайын орталық ғылыми-тәжірибелік конференциялар және жиналыстар ұйымдастырып тұрады. Күн сайын ауыр жаралы пациенттерге клиникалық тексеріс жүргізеді, мамандарды консилиумға жинайды. ҚРНО халықаралық симпозиумдар мен конференцияларға жиі қатысады.
16.05.2006
"Грузияның бірлескен телекоммуникациялық компаниясы" АҚ-ның акциясын иелену
Қазақстандық «ТұранӘлем» банкі Black Sea Telecom Holding B.V. (бұрынғы атауы «Route D'Esch Property II B.V.») компаниясымен 12 мамырда өткен аукционда «Грузияның бірлескен телекоммуникациялық компаниясы» АҚ–ның мемлекеттік пакетінің 90,65 пайыз акцияларын 90 млн.АҚШ долларына несиеге алды.
11.05.2006
"Үміттердің жануы" фестивалінің идеясын қолдау
"ТұранӘлем" Банкі “Үміттердің жануы” атты V фестваліне демеуші болды. “Үміттердің жануы” фестивалінің 2006 жылғы бағдарламасына балалар көркемсурет көрмесі және «Камерата Қазақстан» ансамбілінің концерті енеді. Концертте республикамыздың жалпы білім беретін мектептерінің және музыка мектептерінің дарынды оқушылары өнер көрсетеді. Фестивальді ұйымдастырушы – «Нұрсұлтан Назарбаевтің білім беру қоғамдық қоры». Акция «Қазақконцерт» залында 13 мамыр күні жас таланттарды және фестивальдің лауеаттарын марапаттаумен аяқталады.
11.05.2006
Қазақстандық топ «А-СТУДИЯ» Аджарияда өнер көрсетті
«ТұранӘлем» банкі қазақстандық «А-СТУДИЯ» тобының Батуми орталық стадионында өнер көрсетуіне демеушілік көрсетті. Концерт Аджария Автономиялық Республикасында өткен революцяның бір жылдығына арналды. Стадион алаңы 15 мың көрерменге толды. Сондай-ақ, концертті Аджария мен Грузияның интелегенциялары мен үкімет адамдары тамашалады.
28.04.2006
«ТұранӘлем Банкі» АҚ акционерлерінің жылдық отырысы болып өтті
2006 жылы сәуір айының 28-ші жұлдызында «ТұранӘлем Банкі» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы отырысы өтті. Отырыста банктің 2005 жылғы жылдық жоспары талқыланды және алдағы жылдың басты бағыттарының дамуын анықтады. Жиналыста банк қызметінің қаржылық қорытындысын қанағаттандырды, яғни 2005 жылғы аудит қорытындысы, жылдық есепті бекіту, жылдық бухгальтерлік есеп, табыстар мен шығыстар туралы есептердің қорытындысы.
26.04.2006
ТұранӘлем банкінің Қазақстан рыногында шағын және орта бизнесті несиелендірудегі Республикалық конференциядағы бәсекелестік шешімдері
«ТұранӘлем Банкі» АҚ «Қазақстандағы профильдік емес активті ірі компаниялардың шағын және орта бизнес кәсіпкерлігіне қатысуы және дамыту» атты Республикалық конференцияға қатысты.
26.04.2006
ТұранӘлем» банкі Олжас Сүлейменов кітабының украин тілінде жарыққа шығуына демеушілік көрсетті
«ТұранӘлем» Банкі қазақстандық белгілі жазушы, мемлекет қайраткері Олжас Сүлейменовтің тағы бір туындысының жарыққа шығуына демеушілік көрсетті. Кітаптің украин тілінде жарыққа шығуын Украинадағы және Молдовадағы Қазақстанның елшілігі автордың 70 жылдығы қарсаңына орайластырып, жүзеге асырды.
13.04.2006
ТұранӘлем Банкі 250 миллион АҚШ долларына еурооблигацияларды орналастырды
Кеше ТұранӘлем Банкі 250 млн.АҚШ долларына еурооблигацияларды 7 жыл мерзімге орналастырды. Купон мөлшерлемесі жылдық 7,75 пайызды құрады. АҚШ-тың онжылдық қазынашылық облигацияларына спред 307 базисті пункті құрады. Тапсырыстар кітабы келісімнің соңғы сомасынан 2 есеге өсті.
13.04.2006
«Алтын Тұран» жаңа мәртебесі журналистерге табыс етілді
ТұранӘлем банкі Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Тәтішев Еркін «Алтын Жұлдыз» марапаттау рәсімінде Ержан Тәтішев атындағы «Алтын Тұран» жаңа мәртебесін «экономика тақырыбына үздік қалам тербегені үшін» журналистерге табыс етті. Барс бейнесіндегі алтын мүсін “Эксперт Казахстан” журналының бас редакторы Андрей Скиркаға тапсырылды.
13.04.2006
Балғын балдырғандардың жүрегіне жылу сыйлайық!
2006 жылы сәуір айының 11-ші жұлдызында Алматы қаласындағы №1 Балалар үйінде “ТұранӘлем” банкінің демеушілік көрсетуімен қайырымдылық шарасы өтті.
10.04.2006
Қазақстандық банктер арасындағы «Үлкен үштікте» Қаржы нарығын бақылау агенттігімен ашық қызметі туралы алғашқы екіжақты меморандумға қол қойылды
27 наурыз 2006 жылыТұранӘлем банкі мен Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі ««ТұранӘлем Банкі» АҚ-мен әріптестік және ашық қызметін арттыру жөніндегі сұрақты бірлесе шешу» туралы меморандумға қол қойды.
07.04.2006
Кәсіподақ комитетінің бақылауымен бағалы сыйлықтар ойнатылады
Бүгін ТұранӘлем банкінің Теміртау филиалы ғимаратында «ТӘБ төлем карточкасы. Сізге керектінің бәрі» акциясының шеңберінде өткен ойнатылымның алғашқы кезеңінің жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар табыс етілді. Бұл акцияға кез-келген ТӘБ төлем карточкасын иеленуші қатыса алады.
07.04.2006
Канадалық экспортты қаржыландыру несие желісі 2,4 есеге өсті
ТұранӘлем Банкі (ТӘБ) және экспортты дамыту Канадалық корпорациясы (Export Development Canada, EDC) өткен жылғы 25 миллион АҚШ доллары көлемінде несие желісін ашу туралы келісімге өзгертулер енгізу жөніндегі келісімге қол қойды. Жаңа келісімде канадалық тауарлар экспортын қаржыландыру желісінің көлемі Қазақстан мен ТМД мемлекеттерінде 60 миллион АҚШ долларына дейін өсті.
03.04.2006
Қазақ киносының алтын қоры көрермендерге қайта оралуда
Отандық көрермендерге қазақ киносының алтын қоры оралуда. «Қазақфильм» студиясының алтын қорындағы ескі 20 көркем фильмді қазіргі заманға сай жаңғырту және тиражын көбейту жұмыстары аяқталды. 2005 жылы жаңғыртылған алғашқы он киноның қатарына олардың саны да қосылды. «Хабар» арнасынан фильмдердің көрсетілімі 19 сәуірден басталады.
29.03.2006
Орталық Азияда алғаш рет Польшаның злотасымен мәміле жасалды
ТӘБ инвесторлық базаны әртараптандыра, қаржы тартудың жаңа көзін тапты. Алғаш рет 5 жыл мерзімге, жылдық 6,3 пайызбен аймақта Польшаның злотасымен қарызға мәміле жасалды.
28.03.2006
ТұранӘлем Банкі 2005 жылғы қызметінің қорытындысын шығарды
Бүгін “ТұранӘлем” банкінің басшылары “МИР” Мемлекетаралық телерадиокомпаниясының студиясында қазақстандық және ресейлік журналистер үшін “Алматы – Мәскеу” телекөпірінде баспасөз конференциясын өткізді.
16.03.2006
«ТұранӘлем Банкі» АҚ-на «Мінсіз» Ұлттық сапа белгісі берілді
Кеше, 2006 жылы науырыздың 15 жұлдызында бүкіләлемдік «Тұтынушы күніне» орай Алматы қаласы Балалар мен жасөспірімдер театрының ғимаратында тұңғыш рет Ұлттық Тұтынушылар Лигасы тағайындаған «Мінсіз» Ұлттық сапа белгісімен марапаттау рәсімі өтті. Тәуелсіз сарапшылар алқасы «үлкен үштік» банктерінің арасында банктік бірлік сапасын талқылай келе, «ТұранӘлем Банкі» АҚ еліміздегі ең үздік банк деп танылды.
13.03.2006
"ТұранӘлем Банкі" Аджип ҚКО компаниясымен ынтымақтастығын нығайтуда
Банк басқармасының төрағасы Сәдуақас Мәмештегі бастаған банк делегациясы мен Аджип ҚКО компаниясының қаржы, салық және бақылау жөніндегі директоры Стефано Гоберти жетекшілік еткен консорциум делегациясы Солтүстік Каспий жобасын дамыту мәселелерін, сондай-ақ, қол жеткізген нәтижелер мен ынтымақтастықтың болашағын талдау мақсатында бас қосты.
27.02.2006
«ТұранӘлем Банкі» АҚ Басқармасының құрамына өзгерістер енгізілді
«ТұранӘлем Банкі» АҚ директорлар Кеңесінің 2006 жылғы ақпанның 7-ші жұлдызындағы шешімімен Жолдыбаева Сәуле Мусинқызы «ТұранӘлем Банкі» АҚ-ның Басқарма Мүшесі – Бас экономисі болып тағайындалды.
20.02.2006
Алғашқы Қазақстан-Грузия ортақ жобасын іске асыру жұмысы келесі жылы аяқталады деп жоспарлануда
«ТұранӘлем Банкі» АҚ қаржыландыратын алғашқы қазақстан-грузия ортақ қаржы жобасы келесі жылы аяқталуы мүмкін. «Иверия» қонақүйін жаңғырту жұмысы 2007 жылы жазда аяқталады деп жоспарлануда.
17.02.2006
Алматы: ТұранӘлем Банкі «Ресей Федерациясының экономикасына табысты бірігуімен» танылды
«2005 жылдың Тұлғасы» атағына және «Ресей экономикасына табысты интеграциясы үшін» атты арнайы номинациясындағы құрметті диплом «ТұранӘлем Банкі» АҚ-ның Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары Тәтішев Еркін Нұрілдәйімұлына табыс етілді.
03.02.2006
Теміртау: ТұранӘлем Банкі Қазақстанда ең бірінші болып «Миттал Стил Теміртау» зауытының қызметкерлеріне арнайы есеп-айырысу бөлімін ашуда
Болат және Көмір өндіру Департаментінің қызметкерлері, Мұнайгазтұрба, Өркен, СМЕ Ресорс, Оқжетпес, Карвол және өзге де компаниялардың қызметкерлері жалақыларын әдеттегідей емес, мерзімінен бұрын, әр айдың оныншы күнінде, екі-үш күн аралығында банкомат арқылы ала алады. Сондай-ақ, банк айлық жалақыларын кешке қарай емес, таңертеңгі мезгілде аударуды жоспарлап отыр.
20.01.2006
Алматы: Қазақстанда алғашқы мамандандырылған Western Union орталығы ашылды
Бүгін ТұранӘлем банкінде Қазақстандағы алғашқы мамандандырылған Western Union халықаралық жедел ақша аудару орталығы ашылды. Бұл орталықта алты оператор ақша аударуды жүзеге асырады. Клиенттерге екі менеджер - кеңесші көмек беруде. Ақша аударымы кезекке тұрусыз 4-5 минут ішінде жүзеге асырылады.
06.01.2006
Алматы: “Наурыз Банк Қазақстан” АҚ салымшыларына кепілдік берілген өтелуі тиісті соманың 70% пайызынан астамы төленді
«ТұранӘлем Банкі» АҚ қаңтар айының бесіне дейін “Наурыз Банк Қазақстан” АҚ салымшыларына өтелуі тиісті барлық соманың 70,6 пайызын төледі. Жалпы 762 млн. теңгенің 538 миллионы қайтарылды.