Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«ТұранӘлем Банкі» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама

20.01.2007

Алматы қаласы, 050051, «Самал-2» ықшамауданы, Жолдасбеков к, 97, мекен-жайында орналасқан «ТұранӘлем Банкі» акционерлік қоғамы 16.01. 2007 ж. Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтетінін хабарлайды.

«ТұранӘлем Банкі» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысы 2007 жылғы 22 ақпан күні 10 сағат 30 минутта өтеді, акционерлерді тіркеу сағат 10.00-де, мына мекен-жайда басталады: Алматы қ, «Самал-2» ықшамауданы, Жолдасбеков көшесі, 97, 2-қабат, №1 бөлме.

«ТұранӘлем Банкі» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысына қатысуға құқы бар акционерлер тізімі 2007 жылғы 19 қаңтардағы жағдай бойынша жасалды.


«ТұранӘлем Банкі» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібінде мына мәселелер қаралады:

  1. «ТұранӘлем Банкі» АҚ жарғылық капиталын арттыру.
  2. Қоғам сатып алған жағдайда акцияның бағасын анықтау әдісін бекіту.
  3. Директорлар кеңесі туралы Ережеге өзгертулер мен толықтырулар енгізу.
  4. Директорлар кеңесі құрамындағы өзгерістер туралы.
  5. Директорлар кеңесі мүшелерінің еңбек шарттары туралы.

Жиналым болмаған жағдайда акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы 2007 жылғы 23 ақпан күні 10 сағат 30 минутта мына мекен-жайда: «Самал-2» ықшамауданы, Жолдасбеков к, 97, қайта өтетін болады. Акционерлерді тіркеу сағат 10.00-де басталады.

Барлық сауалдар бойынша акционерлер мына мекен-жайға хабарласа алады:Алматы қ, Қонаев к, 66, 523 каб, тел.:250-53-34, 266-43-83.