Жаңалықтар
2016 | 2015 | 2014 | 2013 | 2012 | 2011 | 2010 | 2009 | 2008 | 2007 | 2006 | 2005 |
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүек | қазан | қараша | желтоқсан |
Қазақстаннан еуроооблигация орналастыру бойынша ең ірі мәміле аяқталды
23.01.2007 / Баспасөз орталығыҚазақстаннан еурооблигацияны орналастыру бойынша ең ірі мәміле аяқталды. 1 миллиард АҚШ долларына еурооблигацияны тарту туралы негізгі құжаттарға қол қойылды. Қаражаттар банктің есепшотына келіп түсті.
«Бұл мәміле инвесторлардың қазақстандық барлық банк секторына деген сенімділігін арттыра түсті. Оның сәтті өтуі бізден кейін рыноққа шыққан қазақстандық басқа да банктердің мәмілесіне оң әсерін тигізері анық»,- деп есептейді банктің сыртқы қарыздар басқармасының бастығы Садыр Шағожаев.
TuranAlem Finance B.V. - ТұранӘлем банкінің еншілес компаниясы жалпы көлемі 1 млрд. $. облигацияның екі траншын АҚШ долларымен орналастырды. Бірінші 30 жылдық транш 750 млн. доллар сомасымен жылдық 8,375% мөлшерлемемен орналастырылды, ал екіншісі 250 млн., доллар көлемімен, 2 жылдық 250 млн. доллар көлеміндегі базистік пункттердің LIBOR+137,5 купонымен. Қағаздардың негізгі сатып алушылары америкалық инвесторлар болды. Еурооблигация шығарылымының жартысын Еуропа мен Азия инвесторлары сатып алды.
Орналастыруды ұйымдастырушылар JP Morgan мен Credit Suisse болды.
Орналастыру қолданыстағы бағдарлама аясында (Global Medium Term Note) жүзеге асты.