Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Банкирлер мен кәсіпкерлер сауданы қаржыландыру саласындағы біліктіліктерін арттырады

29.01.2007 / Баспасөз орталығы

Қазақстанда тұңғыш рет UCP 600 - «Құжаттамалық аккредитивтерге арналған жүйеленген ережелер мен дәстүрлердің» жаңа нұсқасының тұсаукесері өтеді. Ережелер 2007 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді. UCP 600 аккредитивтік мәмілелердің процессингіне уақытша және жағдайларға байланысты өзгертулер енгізеді. Құжаттамалық аккредитивтерге арналған жаңа ережелер күрделі мәселелер мен келіспеушіліктерді шешудегі 10 жылдық тәжірибені есепке ала отырып құжаттамалық операциялармен жұмыс кезіндегі банк үдерістерін егжей-тегжейлі белгілейді. Банкаралық шығынның орнын толтыру, төлеу ережелері мен құжаттарды тексеру мерзімі осылайша өзгертілді және сақтандыру құжаттары бойынша өзгерістер енгізілді.

Құжаттың жаңа редакциясы Парижде, 2006 жылдың жаз айында банк сарапшылары мен клиенттері қатысқан Халықаралық сауда палатасының ашық отырысынан кейін үш жылдық әзірлеуден өткен соң және түбегейлі редакцияланғаннан кейін қабылданды.

Бұл оқиғаны – Ережелердің жаңа редакциясының енгізілу әрекетін сыртқы экономикалық қызметке бейімделген банктер мен клиенттер көптен күткен болатын. Алайда енгізілетін ережелер жөнінде ақпараттар тым аз, бұл талқылауға қатысқан адам саны шектеулі болғандықтан болар. Сондықтан да біз Қазақстанда семинар ұйымдастырдық. Оған деген клиенттердің қызығушылығы зор екеніне қатысу үшін тіркелгендердің саны(50-ден астам) мен олардың лауазымдары дәлел бола алады. Олар "Қазақстан темір жолы"ҰК, «Мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» , «Технодом», «SMAT Company» , Өзбекістан, Беларус, Әзірбайжан, Моңғолия, Тәжікстан банктерінің өкілдері»,- деп атап өтті ТұранӘлем банкінің атқарушы директоры Дина Әбдіхалықова.

Интерактивті форматтағы тренингте саудалық қаржыландыру үдерісіндегі банктің міндеттері, құжаттардың әрекет ету мерзімі, сақтандыру және транспорттық құжаттар, шешімін таппаған мәселелер және Incoterms 2000-ді қолданудағы қателіктер, сатып алушылар мен сатушылардың тәуекелділіктері мен жауапкершіліктері, құрылымдық саудалық қаржыландыру және экспорттық несие агенттіктерінің қаржыландыруы мәселелері талқыланады. Жаттықтырушы - Йохан Бергамин, құрылымдық қаржыландыру бойынша ING Bank кеңесшісі, Нидерланды. Тренинг Алматыда 2007 жылғы 29-30 қаңтар күндері InterContinental Almaty – The Ankara in Kazakhstan қонақжайында өтеді. Тренингті ұйымдастырушы - ТұранӘлем банкі.

«ТұранӘлем Банкі»АҚ қаржы нарығының барлық сегменттеріне қатысатын негізгі қаржы тобын құрайды. ТӘБ - Қазақстанның жүйе құрушы банкі, ТМД елдеріндегі банк желісін құруда көшбасшы. ТӘБ активтері 2007 жылдың басында 14,4 млрд., ал банктің меншікті капиталы 2 млрд. АҚШ долларына жетті.
ТұранӘлем Банкі Қазақстанда саудалық қаржыландыру саласында көшбасшылар қатарына бекем орнықты. ТӘБ нарық үлесі 2006 жылдың 1 желтоқсанында 34,5 пайызды құрады. Банктің 2015 жылға арналған стратегиялық мақсаттары қатарына Қазақстанда және ТМД-ның басқа да рыноктарында бөлшек сауда, шағын және орта бизнес пен корпорациялық қызмет көрсетуде көшбасшылық ұстанымын нығайту және Қазақстанда кем дегенде – 25 пайыз, Ресейде – 2 пайыз, басқа да өнімін ұсынатын елдерде – 5 пайыз нарық үлесін иемдену қосылады. Банктің активтерін біріктіріп, оны 2010 жылға дейін 25 млрд., ал 2015 ж. 50 млрд.АҚШ долларына дейін жеткізу көзделіп отыр.