Жаңалықтар
2016 | 2015 | 2014 | 2013 | 2012 | 2011 | 2010 | 2009 | 2008 | 2007 | 2006 | 2005 |
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүек | қазан | қараша | желтоқсан |
22.02.2007
« ТұранӘлем Банкі» АҚ республикалық жыр мүшәйрасына бәйге жариялайды
Мүшәйраның мақсаты: халқымыздың ақындық өнерін дамыту, жас дарындардың есімдерін анықтау, қазақ әдебиетін насихаттау және ұлттық мәдениетімізге қолдау көрсету. Мүшәйрада қазақстандықтардың Отанға деген сүйіспеншілігі, халқымыздың салт-дәстүрі, республикамыздың бүгінгі жетістіктері ұлықтанатын болуы керек.
22.02.2007
«ТұранӘлем банкі» АҚ басшылығы өзгерді
«ТұранӘлем банкі» АҚ Директорлар Кеңесінің 2007 жылғы 22 ақпандағы шешімімен бұған дейін Басқарма Төрағасының орынбасары қызметін атқарып келген Солодченко Роман Владимирович Банктің Басқарма Төрағасы болып сайланды.
13.02.2007
ТұранӘлем банкі 2006 жылғы активтері мен меншікті капиталының екі мәрте өскендігін көрсетті
2006 жылғы қорытынды бойынша «ТұранӘлем Банкі» АҚ-ның меншікті жиынтық капиталы мен активтері екі есеге артып және аудит жүргізілмеген және шоғырландырылмаған есепке сәйкес 2 млрд. АҚШ долларын және 14,4 млрд. АҚШ долларын құрады. 2006 жылы банктің таза пайдасы 162,5 млн. АҚШ долларын құрады, ал 2005 жылы ол 110 млн. долларды құраған болатын.
12.02.2007
«ТұранӘлем банкі» АҚ бұқаралық ақпарат құралдарындағы «Грузияның біріккен телекоммуникациялық компаниясы» АҚ акциясының 91 пайыз мемлекеттік пакетін сатып алғаны жөніндегі ақпараттың жалған екенін мәлімдейді
«ТұранӘлем Банкі» АҚ кейінгі кезде бұқаралық ақпарат құралдарында жиі және асыра айтылып жүрген банктің «Грузияның біріккен телекоммуникациялық компаниясы» АҚ акциясының 91 пайыз мемлекеттік пакетін сатып алғаны жөніндегі ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдейді.
09.02.2007
ТұранӘлем банкі мен «ТұранӘлем Секьюритис» компаниясы «2006 жылдың үздік банкі» және «2006 жылдың үздік басқарушы компаниясы» номинациялары бойынша бас жүлдені жеңіп алды
Ұйымдастыру комитетінің шешімімен «Золотой Алтын» Қоғамдық ұлттық сыйлығының «2006 жылдың үздік банкі» номинациясы бойынша ең жоғарғы сыйлық – бас жүлдені ТұранӘлем банкі жеңіп алды. ТӘБ-нің «ТұранӘлем Секьюритис» еншілес компаниясы «2006 жылдың үздік басқарушы компаниясы» номинациясы бойынша бас жүлдеге ие болды.
05.02.2007
Қазақстан Президенті Украина Президентін және елдің іскер қауымын ТұранӘлем банкіне зор сенім артуға шақырды
«Біз ТұранӘлем банкіне зор сенім артатындықтан мен сіздердің де сенулеріңізді өтінер едім», - деді Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Украина басшысы Виктор Ющенко және Украинаның іскер қауымы мен мемлекеттік мекемелердің өкілдерімен кездесуде сөйлеген сөзінде.
04.02.2007
Ержан Тәтішев қоры және Қазақстанның алдыңғы қатарлы университеттерінің ректорлары әлеуметтік жағдайы нашар отбасылардан шыққан дарынды студенттерге білім гранттарын беру туралы Меморандумға қол қояды
2007 жылғы 5 ақпанда дарынды, әсіресе, әлеуметтік жағдайы нашар отбасылардан шыққан студенттерге білім гранттарын беру бағдарламасы бойынша «Ержан Тәтішев қоры» Қоғамдық Қоры мен ҚБТУ, ҚМЭБИ және UIB ректорлары арасында Меморандумдарға қол қою рәсімі өтеді.