Жаңалықтар
2016 | 2015 | 2014 | 2013 | 2012 | 2011 | 2010 | 2009 | 2008 | 2007 | 2006 | 2005 |
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүек | қазан | қараша | желтоқсан |
ТұранӘлем банкі 2006 жылғы активтері мен меншікті капиталының екі мәрте өскендігін көрсетті
13.02.2007 / Баспасөз орталығы2006 жылғы қорытынды бойынша «ТұранӘлем Банкі» АҚ-ның меншікті жиынтық капиталы мен активтері екі есеге артып және аудит жүргізілмеген және шоғырландырылмаған есепке сәйкес 2 млрд. АҚШ долларын және 14,4 млрд. АҚШ долларын құрады. 2006 жылы банктің таза пайдасы 162,5 млн. АҚШ долларын құрады, ал 2005 жылы ол 110 млн. долларды құраған болатын.
Халықтың банкке деген сенімі жылдан жылға артып келеді. 2006 жылдың соңында жеке тұлғалар депозитінің көлемі 1,5 млрд. АҚШ долларын құрады, яғни өткен жылдың басындағы көрсеткішпен салыстырғанда 1,8 есе өсті.
Активтердің өсуі негізінен банктің несиелік портфелінің өсуіне байланысты болып отыр, оның көлемі өткен жылдың қорытындысы бойынша 9,2 млрд. АҚШ долларын құрады, ал 2005 жылдың соңында ол 5 млрд. АҚШ долларын құраған болатын.
2006 жылы ТӘБ бұрынғысындай салымдардың сенімділігі, несиелік тәуекелділіктерді төмендету, портфельдің әртараптандырылуы, сонымен қатар қарыз алушылармен көпжылдық қарым-қатынастар орнату принциптеріне негізделген саясатын әрі қарай жалғастырды. Өткен жылы шағын және орта бизнесті несиелендіруге шамамен 2 млрд. АҚШ доллары жұмсалды.
ШОБ-ті несиелендіруден басқа ТӘБ үшін маңызды сегмент ипотека болып табылады. 2006 жылы банк бір жылда 461 млн. АҚШ долларынан астам соманы ипотекалық несиеге беріп, оның көлемін екі есеге арттырды.
2006 жылғы Қазақстанның банк нарығындағы қорытынды бойынша ТӘБ ипотека (БТА Ипотекамен бірге), несиелік карталар (қолдану шегі) автонесиелендіру сияқты өнімдердің портфелі мен сату көлемі бойынша көшбасшы болып табылады.