Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

« ТұранӘлем Банкі» АҚ республикалық жыр мүшәйрасына бәйге жариялайды

22.02.2007

Мүшәйраның мақсаты: халқымыздың ақындық өнерін дамыту, жас дарындардың есімдерін анықтау, қазақ әдебиетін насихаттау және ұлттық мәдениетімізге қолдау көрсету. Мүшәйрада қазақстандықтардың Отанға деген сүйіспеншілігі, халқымыздың салт-дәстүрі, республикамыздың бүгінгі жетістіктері ұлықтанатын болуы керек.

Мүшәйраның тәртібі : Байқауға қатысу үшін 3 поэзиялық туынды қабылданады, бірінші туынды отаншылдық , екінші туынды туған еліміздің жетістіктері жөнінде, ал үшінші туынды еркін тақырыпта жазылуы тиіс. Әрқайсысының көлемі 5 беттен аспауы керек. Бұрын жарық көрген шығармалар қабылданбайды. Шығарманы іріктеу кезінде тақырыптың ашылуы, тілдік қоры, көркемділігі және нақтылығы ескеріледі.

Шығармаларды қабылдау мерзімі 2007 жылдың 15 ақпанынан 15 қыркүйегіне дейін өтеді. Бәйге қорытындысы 15 қазан - ТұранӘлем банкінің туған күні қарсаңында шығарылады. Жүлде алған шығармалар кітап болып шығады. Бәйгеге Қазақстан Республикасында тұратын, сондай-ақ шетелде тұратын жас ақындар да және белгілі ақындар да қатыса алады (жіберілген шығармалар бүгінгі қазақ әліпбиімен, яғни кириллицамен жазылуы міндетті).

Бәйге көлемі:

Бас бәйге біреу — 600 000 теңге.
Бірінші бәйге біреу — 350 000 теңге.
Екінші бәйге екеу — 150 000 теңгеден.
Үшінші бәйге үшеу — 70 000 теңгеден.
Он ынталандыру сыйлығы — 35 000 теңгеден.

Сондай-ақ, ақшалай сыйлықтар және «Үкілі үміт», «Жаңа есім», «Ең жас ақын» номинациялары бойынша жүлделер тағайындалып отыр.

Қазылар алқасының шешімі қайта қарауға жатпайды. Жүлделі орындардың кейбіріне лайықты шығармалар болмаған жағдайда қазылар алқасы тиісті жүлдені басқа үміткерлерге бөліп беруге құқылы.

Ескерту: Автордың бүркеншік атымен жазылған шығармалар үш дана етіп басылып және жеке кішкене конвертке автордың бүркеншік аты ( Автордың аты-жөні, жасы, оқитын жері немесе жұмыс орны, мекен-жайы, автордың байланыс телефоны, егер болса электронды поштасының адресі) қоса жазылып, желімденіп, олар үлкен конверттің ішіне бірге салынып мына мекен-жайға жіберілуі тиіс: Алматы қ., Қонаев көш., 66, 404 каб, «ТұранӘлем банкі» АҚ бренд-офисі, «Мүшәйраға» begmanov@bta.kz, S_nurgalieva@bta.kz. Телeфондары: 8 (727) 250 53 06, 261 89 71.