Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«ТұранӘлем банкі» АҚ басшылығы өзгерді

22.02.2007 / Баспасөз орталығы

«ТұранӘлем банкі» АҚ Директорлар Кеңесінің 22 ақпанда өткен мәжілісінде Директорлар Кеңесінің құрылымына бірқатар өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданды.

Банкті дамыту бойынша стратегиялық жоспарларды, инвесторлармен тиімді қарым-қатынасты жүзеге асыру мақсатында және өкілдіктердің қызметтерін жоғары деңгейде шешу үшін Директорлар Кеңесі төрағасының орынбасарлығына екі орын енгізілді. Бұл қызметтерге бірауыздан Сәдуақас Мәмештегі мен Еркін Тәтішев бекітілді.

Сәдуақас Мәмештегінің Директорлар Кеңесі төрағасының орынбасары болып тағайындалуына байланысты және оған жүктелген қызметтік міндеттемелерді тиімді орындауы үшін ол Банктің Басқарма Төрағасы қызметінен босады.

Директорлар Кеңесінің шешімімен Басқарма Төрағасы қызметіне бұған дейін Басқарма Төрағасының орынбасары қызметін атқарып келген Роман Солодченко бекітілді.

Сондай-ақ, қызметкерлермен жұмыс тиімділігін, Банк қызметкерлерінің кәсіптік деңгейін арттыру мақсатында Басқарма құрамына Басқарушы директор болып бұған дейін қызметкерлермен жұмыс бойынша блокты басқарып келген Индира Ізтілеуова тағайындалды.

«ТұранӘлем Банкі»АҚ (ТӘБ) қаржы нарығының барлық сегменттеріне қатысатын негізгі қаржы тобын құрайды. ТӘБ стратегиялық серіктес банктер жүйесі Украина , Ресейдің 4 аймағына, Беларусь, Грузия және Армения елдеріне тарайды. ТӘБ өкілдіктері Ресей, Беларусь, Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан мен БАӘ -де жұмыс істейді. ТӘБ біріктірілмеген активтері 2007 жылдың басында 14,4 млрд., ал банктің меншікті капиталы 2 млрд. АҚШ долларына жетті. 2007 жылы банктің ТМД-дағы активтерін біріктіріп, оларды 2015 ж. 50 млрд. АҚШ долларына дейін жеткізу көзделіп отыр.