Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

25.03.2007
Қазақстандық «ТұранӘлем» филармониялық оркестрі өзінің алғашқы концертінің тұсаукесерін Лондонның әйгілі сахналарының бірінде өткізді
23 наурыз күні Лондонның әйгілі залдарының бірі – «Әулие Джеймс» концерт залында Қазақстан мен ТМД-ның ең ірі мәдени жобаларының бірі, «ТұранӘлем Банкі» АҚ бастамасымен және әйгілі қазақстандық музыкант Марат Бисенғалиевтің жетекшілігімен құрылған қазақстандық «ТұранӘлем» филармониялық оркестрінің алғашқы концерті болып өтті.

21.03.2007
Наурыз мейрамы құтты болсын!
Наурыз - бұл ежелгі дәстүр бойынша Жаңа жылдың басталуы ғана емес, бұл сонымен бірге таңғажайып көктем мерекесі, табиғаттың қайта түлеп, қайта жаңғыруы.

20.03.2007
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры мен ТұранӘлем банкі 2007 жылғы 26 наурыздан бастап Валют-Транзит банк салымшыларының депозиттері бойынша кепілдік берілген өтемдері төлене бастайтынын хабарлайды
2007 жылғы 26 наурыздан бастап «ТұранӘлем Банкі» АҚ «Валют-Транзит Банк» АҚ салымшыларының депозиттері бойынша кепілдік берілген өтемдерін төлей бастайды. «Валют-Транзит Банк» АҚ салымшылары салымды қай қалада ашқанына қарамастан, кепілдік берілген соманы ҚР-ның кез келген қаласынан ала алады.

15.03.2007
«Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ мен «ТұранӘлем Банкі» АҚ ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
«Сарыарқа» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ мен «ТұранӘлем Банкі» АҚ мемлекет пен жеке бизнес әлеуетін біріктіру жөнінде шешім қабылдап, ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. «Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ тарапынан меморандумға Басқарма Төрағасы Альберт Рау, «ТұранӘлем Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Роман Солодченко қол қойды.

14.03.2007
ТұранӘлем Банкі Ұлттық Тұтынушылар Лигасының «Мінсіз» сапа белгісімен марапатталды
«ТұранӘлем Банкі» АҚ Ұлттық Тұтынушылар Лигасы тағайындаған «Мінсіз» сапа белгісімен марапатталды. Тәуелсіз сарапшылар алқасы тұтынушылық сараптама талдауы, қоғамдық пікір және басқа да зерттеулер нәтижесі негізінде шешім қабылдады.

11.03.2007
Ержан Тәтішев Қоры басшылық органының жаңа құрамы қалыптасты
2007 жылғы 12 наурызда сағат 18.00-де Құрметті мүшелердің қатысумен Қамқоршылық Кеңестің алғашқы кеңейтілген отырысының нәтижелері бойынша “Ержан Тәтішев Қоры” Қоғамдық Қорының баспасөз брифингі өтеді.

07.03.2007
8 наурыз!
«ТұранӘлем Банкі» АҚ барша ұжымының атынан сізді 8 наурыз - көктем мен махаббат мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!