Жаңалықтар
| 2016 | 2015 | 2014 | 2013 | 2012 | 2011 | 2010 | 2009 | 2008 | 2007 | 2006 | 2005 |
| қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүек | қазан | қараша | желтоқсан |
Ержан Тәтішев Қоры басшылық органының жаңа құрамы қалыптасты
11.03.20072007 жылғы 12 наурызда сағат 18.00-де Құрметті мүшелердің қатысумен Қамқоршылық Кеңестің алғашқы кеңейтілген отырысының нәтижелері бойынша “Ержан Тәтішев Қоры” Қоғамдық Қорының баспасөз брифингі өтеді. Брифингте Қордың Қамқоршылық Кеңесінің Төрағасы Ерлан Тәтішев мырза мен Қор Президенті Марат Айтмағамбетов мырза жұртшылыққа Қамқоршылық Кеңестің жаңа мүшелерін таныстырады және Қордың қайырымдылық қызметінің жақын арадағы басты бағыттары жөніндегі мәліметтерімен бөліседі. Құрметті мүшелер ретінде Қамқоршылық Кеңестің құрамына көрнекті қоғам қайраткерлері, ғылым және өнер қайраткерлері, сондай-ақ Қазақстанның бизнес элитасының өкілдері кірді.
Мұрат Әуезов, Арманжан Байтасов, Марат Бисенғалиев, Қайрат Мәжібаев, Нұрлан Смағұлов, Төрегелді Шармановтың есімдері біздің елімізде ғана емес, одан тыс жерлерде де жақсы мәлім. Осы табысты бизнесмендер, көрнекті қоғам қайраткерлері, ғылым және өнер қайраткерлері уақыттарының қашан да тығыз екендігіне қарамастан, ерікті түрдегі жұмысқа өз уақыттарының бір бөлігін, білімдері мен тәжірибелерін бөлуге және Қазақстандағы филантропия мәдениетінің дамуына өз үлестерін қосуға дайын екендіктерін білдірді.
Баспасөз брифингі мына мекенжайда өтеді: Байтұрсынов көшесі, 113, «Астана» қонақ үйі, «Кеңес» залы.

