Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

ТұранӘлем Банкі Ұлттық Тұтынушылар Лигасының «Мінсіз» сапа белгісімен марапатталды

14.03.2007 / Баспасөз орталығы

«ТұранӘлем Банкі» АҚ Ұлттық Тұтынушылар Лигасы тағайындаған «Мінсіз» сапа белгісімен марапатталды. Тәуелсіз сарапшылар алқасы тұтынушылық сараптама талдауы, қоғамдық пікір және басқа да зерттеулер нәтижесі негізінде шешім қабылдады.

Қазақстандағы екінші «Мінсіз» сапа белгісімен марапаттау рәсімі 2007 жылғы 12 наурыз күні өтті. Атап өту керек, 2006 жылы да «Мінсіз банк» атағына «ТұранӘлем Банкі» АҚ ие болған еді.

«Мінсіз банк» ұлттық сапа белгісі» біздің зор абырой-беделіміздің дәлелі іспетті, сондықтан да ол біз үшін аса қымбат. Клиенттер бізге үлкен сенім артады. 2004 жылы Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) өткізген конкурстың қорытындылары бойынша ТұранӘлем Банкінің агент- банк ретінде таңдап алынып, «Наурыз Банк Қазақстан» АҚ салымшыларының депозиттері бойынша кепілдік берілген өтемдерін төледі. Бұл да зор сенімділік белгісі», - деп атап өтті ТӘБ Басқарма Төрағасының орынбасары Болат Байміров.

«ТӘБ беделін арттырып», - деп өз сөзін жалғастырды ол, - біз өткен жылы клиенттердің мәселелерін тез шешу үшін сапаны басқаратын жаңа бөлім аштық. Сонымен бірге интернет пен ұялы телефондар арқылы төлемдер қызметін енгіздік. Банкоматтардың санын, сондай-ақ қолма-қол ақша қабылдауды да арттыруды жоспарлап отырмыз». Қазір ТӘБ агенттері құжаттарды рәсімдеу үшін, несиені беру үдерістерін үйлестіру және банктік қызметтермен өзара іс-қимыл әрекетінде қажет болған жағдайда клиенттің үйіне барады.

2006 жылы банктің активтері 7,2 миллиард АҚШ долларын құрады, шағын және орта бизнес саласының кәсіпкерлеріне 2 миллиард доллар несие берілді, ал жеке тұлғалар салымының көлемі 1,8 есеге артып, ол 1,5 миллиард АҚШ долларын құрады.

«ТұранӘлем Банкі»АҚ (ТӘБ) қаржы нарығының барлық сегменттеріне қатысатын негізгі қаржы тобын құрайды. ТӘБ стратегиялық серіктес банктер жүйесі Украина , Ресейдің 4 аймағына, Беларусь, Грузия және Армения елдеріне тарайды. ТӘБ өкілдіктері Ресей, Беларусь, Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан мен БАӘ -де жұмыс істейді. ТӘБ тобының активтері 2007 жылдың басында 16,3 млрд., ал банктің меншікті капиталы 2 млрд. АҚШ долларына жетті. 2007 жылы банктің ТМД-дағы активтерін біріктіріп, оларды 2015 ж. 50 млрд. АҚШ долларына дейін жеткізу көзделген.

Қазақстанның Тұтынушылар Лигасы 1995 жылы наурыз айында құрылды. Бүгінде ол тұтынушылардың құқын қорғайтын және рыноктағы тауарлар мен қызметтер мәдениетін қалыптастыратын Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекістан, Қырғызстандағы тұтынушылардың құқықтарын қорғаумен айналысатын 107 ұйымды біріктіріп отыр.