Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Қазақстандық «ТұранӘлем» филармониялық оркестрі өзінің алғашқы концертінің тұсаукесерін Лондонның әйгілі сахналарының бірінде өткізді

25.03.2007 / Баспасөз орталығы

23 наурыз күні Лондонның әйгілі залдарының бірі – «Әулие Джеймс» концерт залында Қазақстан мен ТМД-ның ең ірі мәдени жобаларының бірі, «ТұранӘлем Банкі» АҚ бастамасымен және әйгілі қазақстандық музыкант Марат Бисенғалиевтің жетекшілігімен құрылған қазақстандық «ТұранӘлем» филармониялық оркестрінің алғашқы концерті болып өтті.

Оркестрдің тұсаукесер рәсіміне «ТұранӘлем Банкі» АҚ Директорлар Кеңесінің Төрағасы Мұхтар Әблязов, Марат Бисенғалиев, әйгілі дирижер Джеймс Седарес пен композитор, «ТұранӘлем Банкі» АҚ Басқармасының бірінші Төрағасы Ержан Тәтішевке арналған «Память сердца» туындысының авторы Найджел Хичко қатысты.

Сонымен қоса бұл концертке қатысу үшін меценаттар мен классикалық музыка білгірлері, ТӘБ-нің достары және батыс елдердегі серіктестері де шақырылды.

Көпшілік алдында сөз алған ТӘБ Директорлар кеңесінің төрағасы Мұхтар Әблязов: «ТұранӘлем» оркестрінің алғашқы концертін Лондонда өткізу идеясы ТӘБ мемлекеттің мүддесін көздейтін елдерде банктің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жүзеге асырылып отыр», - деп атап өтті.

«ТұранӘлем» филармониялық оркестрінің тұсаукесері көктемгі күн мен түннің теңелетін және мұсылман күнтізбесі бойынша Жаңа жыл – Наурыз мерекесін тойлау кезіне сәйкес келуі ерекше жағдай. Бұл күн бейбітшілік пен ынтымақтастықты, махаббат пен келісімді білдіреді. Бұл мереке келгенде айналамыз гүлге оранып, құлпыра түседі, ол жұртшылықтың жарқын болашаққа деген сенімін нығайтады.

— Аталмыш әлеуметтік арт-жоба Қазақстан мәдениетінің әлемдік деңгейге көтерілуіне, республикамыздың классикалық музыкасының әлемдік стандарттарға сай қалыптасуына және мемлекеттер арасында рухани байланыстардың орнауына септігін тигізеді деп ойлаймыз, - деп атап өтті Мұхтар Әблязов.

2007 жылғы 4 сәуір күні Лондоннан оралғаннан кейін қазақстандық «ТұранӘлем» филармониялық оркестрі өз бағдарламаларымен еліміздің сахналарында өнер көрсетеді деп жоспарлануда.

Әлемдік деңгейдегі музыканттармен бірге филармония оркестрін құру жобасы 2005-2006 жылдары өткізілген әйгілі «Отандағы концерттер» арт-жобасынан кейін жүзеге асырылғанын атап өтуіміз қажет. Оны Марат Бисенғалиевтің Мәдени қоғамдық қоры ТұранӘлем банкінің бас демеушілігімен және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырған болатын.

«ТұранӘлем Банкі»АҚ (ТӘБ) қаржы нарығының барлық сегменттеріне қатысатын негізгі қаржы тобын құрайды. ТӘБ стратегиялық серіктес банктер жүйесі Украина , Ресейдің 4 аймағына, Беларусь, Грузия және Армения елдеріне тарайды. ТӘБ өкілдіктері Ресей, Беларусь, Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан мен БАӘ -де жұмыс істейді. ТӘБ тобының активтері 2007 жылдың басында 16,3 млрд., ал банктің меншікті капиталы 2 млрд. АҚШ долларына жетті. 2007 жылы банктің ТМД-дағы активтерін біріктіріп, оларды 2015 ж. 50 млрд. АҚШ долларына дейін жеткізу көзделген.

2002 жылы құрылған Марат Бисенғалиевтің мәдени қоғамдық қоры бірқатар жобаларды жүзеге асырды, қор өз қызметінде ірі отандық компаниялармен әріптестік орната отырып Қазақстан Республикасының мәдени өміріне белсенді араласып келеді.