Жаңалықтар
2016 | 2015 | 2014 | 2013 | 2012 | 2011 | 2010 | 2009 | 2008 | 2007 | 2006 | 2005 |
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүек | қазан | қараша | желтоқсан |
25.04.2007
Назар аударыңыз! Банк карталарындағы алаяқтықтың жаңа түрі - электронды емес фишинг
ПИН-кодты енгізу операциялары кезінде аса сақтық қажет. Өйткені алаяқтықтың жаңа түрі - электронды емес фишингтің еріксіз құрбанына айналуыңыз мүмкін.
25.04.2007
«ТұранӘлем Банкі» АҚ 500 млн. АҚШ долларына балама жапон иені сомасындағы синдикатталған несиені тартты
ING Bank N.V. (“ING”), Standard Chartered Bank (“SCB”) және Sumitomo Mitsui Banking Corporation Europe Limited (“SMBCE”) 500 000 000 АҚШ долларына балама жапон иені сомасындағы синдикатталған несиені тарту жөніндегі мәміленің сәтті аяқталғанын және осы мәміле бойынша келісімге 2007 жылғы 20 сәуір күні қол қойылғанын қуанышпен хабарлайды.
24.04.2007
«ТұранӘлем Банкі» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама
Алматы қаласы, 050051, «Самал-2» ықшамауданы, Жолдасбеков к, 97, мекен-жайында орналасқан «ТұранӘлем Банкі» акционерлік қоғамы 23.04. 2007ж. Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес банк акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы өтетінін хабарлайды
20.04.2007
«ТұранӘлем Банкі» АҚ мен Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
2007 жылғы 19 сәуірде Өскемен қаласында “ТұранӘлем Банкі” АҚ Басқарма Төрағасы Роман Солодченко мен Шығыс Қазақстан облысының Әкімі Жәнібек Кәрібжанов Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
18.04.2007
Алдағы жылдары тұрғын үй нарығын дамытуға нық сенімді «ТұранӘлем Банкі» АҚ Алматы қаласында «Отау» Мамандандырылған Ипотека Орталығын ашты
Баспана тапшылығы мәселесін шешу үшін Қазақстанға кем дегенде 50 жыл уақыт қажет. Қазақстандағы қазіргі жағдайды дүние жүзінің барлық дамыған елдерінің тәжірибесімен салыстыра келе ТұранӘлем банкінің сарапшылары осындай шешімге келді.
17.04.2007
"Alles Walzer" – "Бәрі вальс билейді!"
2007 жылғы 14 сәуір күні Алматыдағы Салтанат Үйінде алғаш рет Вена балы өткізілді. Мұндай салтанат алғаш рет ұйымдастырылды. Оның бас демеушісі «ТұранӘлем Банкі»АҚ.
11.04.2007
ТұранӘлем банкі 2006 жылы шоғырландырылған таза кірісін шамамен үш есеге ұлғайтты
Сейсенбі , 10 сәуір күні “Алматы- Мәскеу - Тбилиси - Киев” телекөпірі арқылы баспасөз конференциясы болып өтті. Конференция барысында ТӘБ басшылығы Банк қызметінің 2006 жылғы қорытындыларымен таныстырды және кейінгі жылдарға жасаған жоспарларымен бөлісті.
09.04.2007
Парламентарийлер банкирлермен бірге қаржы секторының Қазақстан экономикасына ықпалы жөніндегі мәселелерді талқылады
2007 жылғы 9 сәуір күні ТұранӘлем Банкі ҚР Парламент мәжілісінің депутаттары үшін “Ашық есіктер күнін” өткізді. Қаржы және бюджет комитетінің, сондай-ақ басқа да Мәжіліс комитеттерінің өкілдері болып табылатын парламент депутаттары тобының коммерциялық Банкке осындай сапары Қазақстанда алғаш рет болып отыр.
05.04.2007
Банктің жарияланған жай акцияларын бағалы қағаздардың ұйымдастырылмаған нарығында жазылыс арқылы орналастыру туралы шешім
"ТұранӘлем Банкі" Акционерлік қоғамы (бұдан әрі- Банк), мына мекенжайда орналасқан: Алматы қаласы, Самал-2 ықшамауданы, Жолдасбеков көшесі, 97 үй, осы мәлімет арқылы Банктің Директорлар кеңесімен 3 007 575 (үш миллион жеті мың бес жүз жетпіс бес) дана көлеміндегі банктің жарияланған жай акцияларын бағалы қағаздардың ұйымдастырылмаған нарығында жазылыс арқылы орналастыру туралы шешімнің (2007 жылдың 02 сәуіріндегі №3-4 шешім) қабылданғаны туралы хабардар етеді.
03.04.2007
Әлемдік деңгейдегі жаңа «Қазақстандық ТұранӘлем филармониялық оркестрі» туған елдегі тұңғыш концертін өткізеді
Бүгін Абай атындағы Мемлекеттік опера және балет театрында әлемдік деңгейдегі Қазақстандық «ТұранӘлем» филармониялық оркестрінің туған елдегі тұңғыш концерті болып өтті.