Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

ТұранӘлем банкі 2006 жылы шоғырландырылған таза кірісін шамамен үш есеге ұлғайтты

11.04.2007 / Баспасөз орталығы

Сейсенбі , 10 сәуір күні “Алматы- Мәскеу - Тбилиси - Киев” телекөпірі арқылы баспасөз конференциясы болып өтті. Конференция барысында ТӘБ басшылығы Банк қызметінің 2006 жылғы қорытындыларымен таныстырды және кейінгі жылдарға жасаған жоспарларымен бөлісті.

“ТұранӘлем Банкі” АҚ Басқарма төрағасы Роман Солодченко өз сөзінде былай деді: “Қаржы нарығындағы күшті бәсекелестік жағдайларында ТӘБ 2006 жылы өзінің көшбасшылық ұстанымын және өсу қарқынын жоғары деңгейде сақтап қалды. Осы кезең ішінде біздің банкіміз бұрынғыдан да табысты, мықты және тұрақты қаржы институты атанды. Біз банкті ТМД-дағы аса ірі жеке қаржы институтына айналдыру бойынша жасалған банк стратегиясын жүзеге асыруға тағы бір сенімді қадам жасадық. 2007 жыл бізді осы мақсатқа тіпті жақындата түседі деп сенеміз”.

Банктің шоғырландырылған таза кірісі 2005 жылмен салыстырғанда 2006 жылы 2,8 есеге ұлғайып, 309.9 млн. АҚШ долларын құрады, жиынтық активтері – 16 млрд.339,7 лн. ҚШ доллары (өсу деңгейі 2,2 есе), акционерлік капиталы - 1 млрд. 532,4 млн. АҚШ доллары (шамамен 2,4 есеге ұлғайған), несиелік портфелі - 10 млрд. 578,1 млн. АҚШ доллары (2 еседен асады).

Өткен жылы ТӘБ өзінің несиелік портфелін оның концентрациясын төмендете отырып, жан-жақтылауды жалғастырды. Қазіргі таңда банктің несиелері мұнай мен газды өндіру жобаларына (жалпы несиелік портфелінің 6,2%), ауыл шаруашылығына (5,2%), тамақ өнеркәсібіне (3,6%), көлікке (3,1%), көтерме саудаға (2,3%) және республика экономикасының басқа да салаларына жұмыс істейді.

Сонымен қатар, Банк қызметінің стратегиялық бағыттары бұрынғысынша шағын және орта бизнес кәсіпорындарын, сондай-ақ жеке тұтынушыларды несиелендіру болып табылады. Осылайша, ШОБ несиелік портфелі өткен жылы 90%-ға өсіп, есептілік кезеңнің аяғында 1252 млн. АҚШ долларын құрады, жеке тұлғалар несиелерінің портфелі – 2,8 есе - 1339 АҚШ долларына дейін артты.

Халықтың банкке деген сенімінің басты көрсеткіші – бұл жеке тұлға депозиттерінің ұдайы өсіп отыруы. 2006 жылы жеке тұлғалардың банктегі мерзімді депозиттерінің көлемі 79%-ға, 1398 млн. АҚШ долларына дейін ұлғайды.

ұранӘлем Банкі 2006 жылы Қазақстан, ТМД және алыс шет елдердегі бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру мақсатында активтерді шоғырландыруға кірісті. Өткен жылы ТӘБ Тобы Ресейде екі еншілес “БТА Финанс” ЖШҚ және “БТА Капитал” ЖШҚ ұйымдарын құрды, “Лондон – Алматы”, “БТА Сақтандыру” АҚ сақтандыру компанияларының төленген капиталындағы үлесі ұлғайды, “Темiр Банк” АҚ акцияларының бақылау пакеті сатып алынды. ТӘБ нақты кезеңде ҚР және Украина уәкілеттік органдарынан “БТА-Банк” ААҚ-ын (Украина) шоғырландыруға рұқсат құжаттарын алуға дайындық үстінде.

“ТӘБ 2006 жылы Қазақстан және ТМД-ның банк және қаржы нарығындағы бәсекелестіктің күннен-күнге өсуіне байланысты өз активтерін шоғырландыру процесін бастады. ТӘБ Тобының құнын көтеруге, оның инвесторлар үшін тартымдылығын арттыруға, тікелей халықаралық капитал нарығы арқылы қаржыландыру мүмкіндіктерін кеңейтуге осы жағдай ықпалын тигізеді деп ойлаймыз”, - деп атап өтті Р. Солодченко.

ТӘБ өз дәстүрлерін ұстана отырып, поляк злотыйында қаржы тарту және ағылшын фунт стерлингінде еурооблигациялар шығару мәмілелерін жүзеге асырды.

ТұранӘлем банкі 2006 жылы ТМД-ның банктік қоғамдастығымен "СНГ-дағы жыл банкі» деп танылды, «Еuromoney» журналы оны «Дамушы нарықтың үздік қарызгері» деп атады, Trade Finance журналы оны 2005 жылғы үздік мәмілеге қатысқаны үшін марапаттады, Ұлттық Тұтынушылар Лигасының “Мінсіз банк” атағына ие болды. Ұлттық “Золотой Алтын” қоғамдық сыйлығының ұйымдастыру комитетінің шешімі бойынша “2006 жылғы Үздік банк" номинациясындағы ең жоғарғы баға - “Гран При” ТұранӘлем банкінің еншісіне тиді, ал “2006 жылғы Үздік басқарушы компания” сыйлығына ТӘБ-нің еншілес компаниясы "ТұранӘлем Секьюритис" ие болды.

«ТұранӘлем Банкі» АҚ (ТӘБ) қаржы нарығының барлық сегменттеріне қатысатын негізгі қаржы тобын құрайды. ТӘБ-нің қаржылық тобына сақтандыру, лизингтік, ипотекалық компаниялар, зейнетақы қоры және басқа да қаржы институттары кіреді. ТӘБ-нің стратегиялық серіктес банктер жүйесі Украинада, Ресейдің 4 аймағында, Беларусьте, Грузияда және Арменияда жұмыс істейді. ТӘБ өкілдіктері Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан мен БАӘ елдерінде бар. ТӘБ тобының активтері 2007 жылдың басында 16,3 млрд., ал жиынтық меншікті капиталы 2 млрд. АҚШ долларына жетті. 2007 жылы банктің активтерін шоғырландырып, оларды 2015 жылға дейін 50 млрд. АҚШ долларына дейін жеткізу көзделген.
Өткен жылдың қарашасында ТұранӘлем банкі ТМД-нің кәсіби банктік қоғамдастығымен және “Итоги” журналымен “ТМД-ның Жыл банкі” деп танылды.

«СлавинвестБанк» ЖШҚ - нарықта 13 жылдан аса уақыт бойы жұмыс жасап тұрған, шетел капиталының қатысуымен қарқынды дамып келе жатқан әмбебап банк. Ресейдің Еуропалық бөлігінде банктің 16 сауда орны бар, оның 11-і Мәскеу мен Мәскеу облысында орналасқан. «СлавинвестБанк» РФ-ның аса ірі 100 банкінің қатарын кіреді (01.01.2007ж. қарасты «The Bankers’ Almanac» рейтингінде 74-ші орында тұр) және “ТұранӘлем Банкі” АҚ-ның стратегиялық серіктесі болып табылады.
«СлавинвестБанк» шамамен бір жыл бұрын жеке тұлғаларды несиелендіруді дамыта бастады және активтерін екі еседен аса көлемде ұлғайтты, сондай-ақ «РосБизнесКонсалтинг» АА рейтингісінде “Ресейдің ең ипотекалы банктерінің” арасында 22-ші орынға ие болды. 01.01.2007 ж. қарасты «СлавинвестБанктің» меншікті капиталы 99, 1 млн. АҚШ долларын, жиынтық активтері 1 008 млн. АҚШ долларын құрады.

«БТА Банк» ААҚ - Украинаның қаржы нарығында 14 жылдық тәжірибесі бар әмбебап банк, «Украинский кредитно-торговый банк» ААҚ-ның құқықтық мирасқоры. «БТА Банк» “ТұранӘлем Банкі” АҚ-ның стратегиялық серіктесі болып табылады. Банктің Донецк және Судак қалаларында филиалдары және Украинаның Киев, Донецк және Судак қалаларында 7 сауда орны бар. Днепропетровск, Мариуполь, Херсон, Луганск, Черновцы, Львов, Харьков, Симферополь қалаларында аймақтық бөлімшелер құруды жоспарлап отыр.
01.03.2007ж. қарасты Банктің таза активтері 67 млн. АҚШ долларын, реттеуші капиталы 14 млн. АҚШ долларын құрайды.

" БТА Silk Road Bank" ААҚ (Грузия), 1993 жылы құрылған, “ТұранӘлем Банкі” АҚ-ның стратегиялық серіктесі болып табылады. 01.01.2007ж. қарасты банктің таза активтері 63,013,522 АҚШ долларын, капиталы 12,550,238 АҚШ долларын құрайды. Банктің Батуми қаласында филиалы бар.